«По мелям Каспия — Зов тюленей»: Фильм об исследованиях каспийских тюленей
30 октября Институт гидробиологии и экологии анонсировал выход фильма «По мелям Каспия - Зов тюленей», который рассказывает о...
Мазасыздық пен стресс емтихан тапсырғалы жатқан балалар арасында жиі кездесетін жағдай. Сынақтардың сәтсіз аяқталуынан қорқу, мазасыздықты, кейде тіпті депрессияны тудыруы мүмкін. Бұл кейіннен баланың ұйқысы мен тамақтану әдеттеріне айтарлықтай әсер етеді. Көптеген балалар емтиханды өмірдегі ең маңызды нәрсе, ал болашақтары олардың емтиханнан алған нәтижелеріне байланысты деп санайды. STEPPE редакциясы педагог-психолог Ольга Третьяковамен әңгімелесіп, қиын сынақ кезеңінде оқушыға қалай көмектесуге болатынын және баланың көңіл-күйін қандай сөздермен көтеру мүмкін екендігі жайлы әңгімелесті.
Адам психикасында жұмыс істеудің үш негізгі режимі бар: қауіпсіздік, оқу және шығармашылық. Қауіпсіздік стресстік жағдайда іске қосылады. Екіншісі — оқу — қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда және оқуға және білімге қабілеттілік танытуға мүмкіндік болған кезде жұмыс істейді. Соңғысы — шығармашылық — адам бір іспен айналысқан кезде қызмет етеді.
Бұл режимдердің ерекшелігі мынада: үшеуінің тек біреуі ғана жұмыс істей алады, ал бір уақытта бірден үш режимнің жұмыс атқаруы мүмкін емес. Емтихан тапсыру үшін бала оқу немесе шығармашылық күйде болуы керек. Қауіпсіздік режимі қосылса, адам ештеңені үйреніп, дұрыс жұмыс атқара алмайды.
Бізге қандай қауіп төнсе де — физикалық, не эмоционалды болсын, — психикамыз бізді қорғауға тырысады.
Сондықтан емтихан кезеңінде баланың психологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдай жасамаған жөн.
Психологиялық қауіп бізді сынайтын, қорлайтын, айыптайтын, басқа адамдармен салыстыратын сияқты кез келген жағдайлардан туындайды. Қарапайым сөзбен айтқанда, психологиялық қауіпті кездерді «қорқыныш үйелету» тудыруы мүмкін. Бала қорқыныш сезе бастағанда, оның психикасы дереу қауіпсіздік жүйесін қосады. Ондай сәттердің салдарынан баланың ойлау қабілеті төмендейді.
Ата-аналар мен мұғалімдердің басты міндеті — емтихан тапсыруға байланысты стрессті барынша азайту. Емтихан немесе тест — оқушының білімі қандай деңгейде екенін анықтау мақсатында жүргізілетін әдіс екенін түсіну маңызды. Ол баланың болашағы, мұғалімнің немесе мектептің жұмысын бағалау үшін өткізілмейді — бұл сынақтың нәтижелері алдағы уақытта бала білімінің қай салаларын жетілдіру керектігін көрсетеді.
Ересектер, әсіресе ата-аналар балаларының болашағына қатты алаңдайды және сол үшін үлкен жауапкершілік көтереді. Балаларын сәтсіздік пен қауіптен қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасағысы келеді.
Кейбір ата-аналар өздерінің уайымдарын балаларына бейсаналық түрде жүктейді — олар сол «туннельге» түскен мезеттен бастап, мазасыздықтары күшейе бастайды.
Егер бала емтиханнан өтпесе, бұл оның соңы деп көрінеді. Ересектер емтихан туралы неғұрлым көп алаңдаса, соғұрлым балаларға бағалаудан өту қиынырақ болады. Уайымды азайту үшін қолжетімді әдістерді пайдалана отырып, ата-аналар балаларына емтиханнан жеңіл де, стрессіз өтуге көмектесе алады. Ең көп таралған әдістер: не үшін алаңдайтыны туралы айналасындағылармен көп сөйлесу, басқа ересектерден қолдау сұрау, психологқа бару, оқу, медитация жасау. Балаларға көмектесу үшін ең алдымен ата-ана өз-өзіне көмектесуі керек.
Емтиханға дайындалу процесінде балалармен сөйлесу де өте маңызды, өйткені олар да көп қобалжу мен қорқынышты бастан кешіреді. Бұл жағдайда «уайымдама, бәрі жақсы болады» деген кеңес жұмыс істемейді. Баладан оны нақты не мазалайтынын, не үшін азырақ уайымдайтынын, оның ойында сәтсіздік туралы қандай сценарийлер бар екенін сұрап, білу керек. Оқиғалардың ықтимал нәтижелері туралы сөйлескеннен кейін, оларды абсурдтық, күлкілі бір нүктеге жеткізіп, соған бірге күлген дұрыс.
Баланың ішіне қорқынышты ұялататын не екенін сұрап, білген маңызды.
Ол үшін келесі сұрақтарды пайдалануға болады: неліктен қорқасың? Қорқынышқа жол бермеу үшін не істей аламыз?
Ата-ананың балаға емтиханның нәтижесі қандай болса да, олардың оған деген сүйіспеншілігі мен құрметі өзгермейтінін айтуы маңызды. Оқушы қолынан келгеннің бәрін жасайды: егер емтиханды жақсы тапсыру мүмкін болса, ол тапсырар еді, бірақ егер тапсыра алмаса, онда оның ол үшін ресурстары жоқ екендігі туралы айтады.
Егер бала маманның көмегіне мұқтаж болса, онда кәсіби психологтың көмегіне жүгінген жөн. Емтихан алдындағы түнде емес, X күнінен кем дегенде екі ай бұрын барып келген дұрыс, себебі психологтың көмек көрсетуге жеткілікті уақыты болуы керек. Психолог мамандардың дәрігерлерден айырмашылығы, оларда дәрі-дәрмек жоқ, жағдайды бірден өзгерте алмайды, сондықтан психиканың стресстік жағдайға бейімделуіне көмектесу үшін біраз уақыт қажет.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)