5 новогодних подарков, которые понравятся детям (и не только им)
Помните, как в детстве мы с нетерпением ждали наступления Нового года, а потом спешили к елке, чтобы распаковать подарки? Мы...
Түрлі мәдениеттер мен сенім жүйелерінен қалыптасқан әлемде діннің басқару динамикасы барған сайын өзекті бола түсуде. Қазіргі уақытта елдер мен діни ұйымдардың өзара әрекеттесуінің үш негізгі моделін бөліп көрсетуге болады: теократиялық, клерикалдық және зайырлы мемлекет.
Қысқаша айта кетсек, теократиялық мемлекет діни заңдар және принциптермен басқарылады, онда діни жетекшілер айтарлықтай саяси билік пен ықпалға ие. Ал клерикалдық моделге тоқталатын болсақ, ол — үкімет пен белгілі бір діни мекеме немесе дінбасылар арасындағы тығыз одақпен сипатталады. Зайырлы мемлекет бастапқы екі моделден толықтай ерекшеленеді — мұндай елдер дін басқару істерінен бөлек болады және басқаның діни сеніміне қарамастан, барлығына тең құқық береді.
Қазіргі уақытта әлемде 199 мемлекет бар және олардың 80-нен астамы өздерін зайырлы мемлекет деп жариялады. Бұл елдерде діндік статистиканың жылдан-жылға өзгерісі айқын байқалады, себебі ол аймақтарда барлық тұрғындар өз ерік-қалауымен қандай дін қабылдап, қабылдамайтындығын шешуге толықтай құқылы. Әлемнің ең танымал зайырлы мемлекеттерінде соңғы кезде діни статистика қандай өзгеріске ұшырағанын жаңа материалда атап өтеміз.
Қазақстандағы 2009 және 2021 жылдардағы халық санағының салыстырмалы талдауы елдің діни құрамындағы қызықты тенденцияларды көрсетеді. Елімізде ең кең таралған екі дін — ислам және христиандық. Мұсылмандар мен христиандардың пайызы азайғанымен, мұсылмандардың абсолютті саны халық санының өзгеруіне байланысты шын мәнінде өсті. Айта кететін маңызды дерек: халықтың соңғы санағы 2021 жылы өткізілді — қазіргі уақытта Қазақстанда 19,7 миллионнан астам жан тұрады. Осылайша, 2009 жылы санаққа қатысушылардың 70,2%-ы мұсылман деп танылса, 2021 жылға қарай бұл сан 11,2 миллионнан 13,3 миллионға дейін өсті. 2009-2021 жылдар аралығында христиандардың үлесі 26,2%-дан 17,2%-ға дейін төмендеді.
Қала мен ауыл халқын салыстырғанда, мұсылмандардың үлесі қалалық тұрғындарға (64,45%) қарағанда, ауылдық жерлерде (76,86%) жоғары екені көңіл аударарлық. Қызылорда және Түркістан облыстары ауылдық жерлерде де, қалаларда да мұсылмандар саны ең жоғары (90%). Басқа жағынан, христиандардың ең жоғары пайызы Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының қалаларында байқалады және сәйкесінше 59,83%-ды және 44,86%-ды құрайды. Бұл ауыл тұрғындары арасында мұсылмандардың пайызы жоғары, ал қалаларда христиандар басым, деген қызықты тенденцияны көрсетеді. Осындай үлгілер 2009 жылғы санақта да байқалған.
Сонымен бірге христиандық пен исламның таралуы халықтың ұлттық құрамымен сәйкес келеді. Мәселен, 2021 жылы Қызылорда облысы халқының 96%-ы қазақтар, Солтүстік Қазақстан облысында орыстар 45%-ға жуығын құраған. Сонымен қатар, дінге сенбейтіндердің саны аздап азайып, 2009 жылғы 2,8%-ға қарағанда, көрсеткіштер 2021 жылы 2,25%-ға дейін төмендеді. Ал өз дінін айтудан бас тартқандардың үлесі 0,5%-дан 11,01%-ға дейін айтарлықтай өсті. Бұл үрдіс әсіресе Алматы, Шымкент, Алматы, Маңғыстау сияқты аймақтарда байқалды.
2021 жылғы Gallup сауалнамасының деректеріне сүйенсек, Америка Құрама Штаттарында шамамен әрбір төртінші американдық өзін белгілі бір діни сеніммен таныстырады. Олардың басым көпшілігі (69%) христиандықтар — оның ішіне 35%-ы протестанттар, 22%-ы католиктер және 12%-ы басқа христиандық конфессияларға жататындар немесе өзін жай ғана «христиан» деп атайтындар кіреді. Христиандыққа жатпайтын діндерді халықтың 7%-ы құрайды: оның 2%-ы еврейлер, 1%-ы мұсылмандар және тағы 1%-ы буддистер болып табылады. Сонымен қатар, американдықтардың 21%-ы ешқандай дінге қатыстығын білдірмейді.
Американдықтардың айтарлықтай пайызы діни көзқарасқа ие және дінді өмірлерінде маңызды деп санаса, оның азшылығы діни қызметтерге үнемі қатысып отырады. Сауалнамада «соңғы жеті күнде шіркеуге, синагогаға, мешітке немесе ғибадатханаға бардыңыз ба?» — деген сұраққа 2021 жылы АҚШ-тағы ересектердің орташа есеппен 29%-ы «діни мекемеде жеке немесе виртуалды түрде болдым», деп жауап берген. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда төмендеді — мысалы, 2000 жылғы көрсеткіштерге үңілсек, сол жылы американдықтардың 44%-ы діни рәсімдерге барғанын білеміз. Деректер Америка Құрама Штаттарында христиан дінінің үстемдігінің жалғасуын көрсеткенімен, соңғы бірнеше онжылдықта американдықтардың өмірінде діннің маңыздылығының төмендеуі байқалады.
Мәдениет істері агенттігінің мәліметі бойынша, 2019 жылы діни топтарда 183 миллион мүше бар екендігі анықталған, алайда бұл Жапонияның жалпы халқынан (125,5 миллион) айтарлықтай көп. Ол көптеген азаматтардың бірнеше дінді ұстануына байланысты болуы мүмкін.
Жапонияда синтоизм мен буддизм басым діндер болып табылады, олардың 48,6%-ы (88,9 млн) синтоизмді ұстанушылар және 46,3%-ы (84,8 млн) буддистер. Христиандар діни бірлестіктердің 1%-ы (1,9 миллион) құрайды, ал қалған 4%-ы (7,4 миллион) басқа діни топтарды, соның ішінде ислам, бахаи діні, индуизм және иудаизмді ұстанушылар.
Жапонияда буддизм немесе синтоизмнен басқа діндерді ұстанатын жапондық емес иммигранттар мен шетелдік жұмысшылардың айтарлықтай саны бар. 2018 жылы елде 157 000 жуық жапондықтарға жатпайтын мұсылмандар мен 43 000 жапондық мұсылмандар тұрады — бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өскенін көрсетеді. Бұл өсімге ықпал ететін факторларға жапондық нәсілге қатысты емес мұсылмандардың тұрақты тұруға рұқсат алуы және олардың исламды қабылдаған жапондықтардың арасындағы неке мен мұсылман балаларының дүниеге келуі жатады.
Канадада халықтың көпшілігі христиан дінін ұстанғанымен, олардың үлесі жылдар бойы тұрақты түрде азайып келеді. 2021 жылы христиандар Канада халқының жартысынан сәл астамын құрады (53,3%), бұл 2001 жылғы 77,1%-дан аз. Бұл құлдырау православиелік христиандарды және өздерін ешқандай конфессиямен байланыстырмайтын христиандарды қоспағанда, әртүрлі христиандық конфессиялардың арасында байқалады.
Дінге қатысы жоқ және зайырлы көзқарастан алыс канадалықтардың үлесі айтарлықтай өсті. Шамамен әрбір үшінші канадалық (34,6%) 2021 жылы дінге қатысы жоқ екенін айтқан — бұл 2001 жылғы 16,5%-дан екі есеге артқан. Бұл өсуді тек иммиграциямен байланысы жоқ, себебі діни қатысы жоқ иммигранттардың үлесі жалпы үлестен төмен. Діни байланысы жоқ халықтың көбеюіне негізінен бұрын дінге сенген, бірақ қазір ешқандай діни көзқарасы жоқ адамдар себеп болды.
Канада халқының құрамындағы мұсылмандар, индустар және сикхтердің үлесі соңғы 20 жылда екі есе өсті. Ислам Канадада ең көп таралған екінші дін болып табылады — онда халықтың 4,9%-ын құрайтын 1,8 миллионға жуық мұсылман тұрады. Бұл деректерден христиандардың үлесінің азайып бара жатқаны және дінге сенбеушілердің санының айтарлықтай өскені байқалады. Сондай-ақ, статистика мұсылман, индус және сикхтардың екі еселеніп, Канададағы діни динамиканың өзгеруін көрсетеді.
Үндістанның діни ландшафты оның алуандығымен және әртүрлі конфессиялардың қатар өмір сүруімен ерекшеленеді. Индуизм басым дін болып табылады — оның 966 миллионнан астам ізбасарлары бар және бұл халықтың шамамен 79,80%-ын құрайды. Ислам басымдылығы бойынша Үндістандағы екінші дін — шамамен 172 миллион мұсылман, халықтың 14,23%-ын құрайды. Бұл ел Индонезиядан кейін әлемдегі мұсылман халқы ең көп ел.
Христиан дінін Үндістанда шамамен 27,8 миллион адам ұстанады, бұл халықтың 2,3%-ы болып табылады. Сикхизмның шамамен 20,8 миллион жақтаушылары бар, ол халықтың 1,72%-ын құрайды. Пенджаб, Чандигарх және Харьяна — сикхтардың едәуір саны бар көрнекті аймақтар. 8,5 миллион адам (халықтың 0,70%-ы) қабылдаған буддизм Махараштра, Мадхья-Прадеш, Уттар-Прадеш, Батыс Бенгалия және солтүстік-шығыс штаттар сияқты штаттарда таралған.
2023 жылы діни демографиялық көрсеткіш үнді халқының саны шамамен 110 миллионға, ал мұсылман халқы шамамен 21 миллионға жетеді деп болжайды. Дәл осы кезеңде христиандар шамамен 32,2 миллионға, сикхтер шамамен 24 миллион және буддистер шамамен 10 миллион жетеді деп күтілуде.
Үндістанның діни алуан түрлілігі көптеген діндердің елеулі болуынан және олардың шоғырлануындағы аймақтық өзгерістерден көрінеді. Бұл әртүрлілік индуизм, ислам, христиандық, сикхизм және буддизм сияқты негізгі діндермен қатар әртүрлі конфессиялардың, соның ішінде байырғы және тайпалық діндердің қатар өмір сүруінен байқалады.
Рим-католик шіркеуі Бразилия тарихында басым діни бірлестік болды, бірақ оның ықпалы соңғы жылдары құлдырай бастады. 2010 жылғы халық санағы халықтың 65%-ы католик екенін хабарлағанымен, 2019 жылғы сауалнама көрсеткіштің 50%-ға дейін төмендегенін көрсетеді. Керісінше, евангелиялық христиандардың үлесі 2016 жылғы 24%-дан 31%-ға дейін өсті. Атеистер мен дінсіздер халықтың 11%-ын құрайды. Афро-бразилиялық діндер мен спиритизмді ұстанушылар сәйкесінше 2 және 3 пайызды құрайды. Айта кетейік, бразилиялықтар көбінесе бірнеше дінді ұстанады.
Басқа христиандық конфессиялар, мысалы, протестанттар мен католиктік емес христиан топтары, сондай-ақ буддизм, иудаизм және ислам сияқты христиандық емес діндерді ұстанушылар халықтың шамамен 3%-ын құрайды. 2010 жылғы халық санағы бойынша Бразилиядағы мұсылмандар саны 35 200 жеткен. Еврей қауымдастығына шамамен 120 000 адам кіреді — олардың ең көп шоғырлануы Сан-Паулу мен Рио-де-Жанейрода.
Бразилиядағы өзгермелі діни динамикасын көрсетеді. Соңғы статистикалық деректер католицизмнің құлдырауын, евангелиялық христиандықтың өсуін және әртүрлі діни тәжірибелердің, соның ішінде афро-бразилиялық діндер мен спиритизмнің таралуын сипаттайды.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)