Made in KZ! Бет және шаш күтіміне арналған өнімдерге шолу

4 минуты Жулдыз Актаулова
Made in KZ! Бет және шаш күтіміне арналған өнімдерге шолу

Тері күтімі — адамның өзіне деген сүйіспеншілігі мен көңіл бөлуінің бір көрінісі. Теріге күтім көрсетуге арналған көптеген брендтер терінің майлы, құрғақ және аралас типтеріне әртүрлі күтім нұсқаларын ұсынады. Осы орайда, қазақстандық белсенді жастар сұлулық индустриясына өз үлесін қосып жүр. Отандық косметика, оның ішінде бет әрлеу, тері және шаш күтімін дамыту және оларды өндіру саласы датып келеді. Айта кететін жәйт қазақстандық өнім шетелдік брендтерден сапа жағынан еш кем түспейді. Нәзік жандылардың қалауы мен өнімдердің тері денсаулығына пайдасын ескере отырып тұтынушыларға ұсынылады. STEPPE редакциясы тұтынушылардың сеніміне ие болған 5 отандық бет күтіміне арналған өнімдерімен бөліспек. Бұл тізімде олардың жасалу жолдары және олардың ерекшеліктері туралы айтылады. 


TruNomad

TruNomad — true және nomad тіркесінен құралған, «шынайылық» пен «еркіндік» мағынасын беретін отандық брендтің атауы. Бұл дәстүрлі көшпелі мәдениет элементтерін заманауи технологиялармен біріктіретін, жаңа өмір салтын сипаттайтын термин.

Жобаның негізін қалаушылар — сапалы өнім жасау үшін біріккен жандар. Олар табиғи және тиімді сұлулық өнімдерін жасап шығару мақсатында косметиканың рецептурасын мұқият қадағалаудан өткізеді. TruNomad күтімі терінің иммунитетін қалпына келтіріп, оны сауықтырады. Олардың тағы бір ерекшелігі — кейбір өнімдері бие сүтінің негізінде жасалады. TruNomad ресми парақшасында өнімдеріне парабендер, сульфаттар, фталаттар және синтетикалық хош иістер қосылмайтынын жазған. Сондай-ақ, брендтің негізін қалаушылар косметиканы қайта өңделетін қаптамаларда сақтайды және өнімдерін жануарларға сынамайды. Хош иісті шамдар, ерінге арналған бальзам, дене, аяқ пен қолға арналған жақпа майлар мен сұйық сабын, тағы да басқа табиғи күтім өнімдерін ресми сайт арқылы сатып алуға болады.

Molecule

Қолдан жасалған косметиканың тағы біреуін қазақстандық Molecule компаниясы жасайды. Фирма табиғи сабындар, скрабтар, ваннаға арналған тұздар, гейзерлер және басқа да өнімдер шығарады. Ресми сайт арқылы онлайн тапсырыс беріп, табиғи компоненттер негізінде жасалған косметикаға қолжетімді бағада ие бола аласыз.

Zere Pure Beauty

2017 жылы қазақстандық Zere Pure Beauty компаниясының нарықтағы дебюті болды және аз ғана уақыт ішінде тұтынушылардың сеніміне кірді. Компания қолдан жасалған косметикалық майларды жасау үшін тек табиғи компоненттерді пайдаланады. Сонымен қатар, Зеренің өнімдері аккредиттелгені жайлы айта кету де маңызды. Зеренің негізін қалаған жетекшінің айтуынша, майлар ұзын, қалың кірпік пен шаштың дамуына көмектеседі. Бұл өнімдерге химиялық заттар, парабендер, сульфаттар және PEG қосылмайды. Компания шығаратын табиғи майлар жануарларға сыналмайды және олардың құрамында жасанды хош иістендіргіштер жоқ.

Шашыңызды, қас немесе кірпіктеріңізді қалпына келтіргіңіз келсе, Zere Pure Beauty брендінің майларын компанияның Instagram парақшасы арқылы тапсырыс бере аласыз. 

Alatau Organic

Alatau Organic — сабын жасаушы Наталья мен Павелдің бірлесіп бастаған отбасылық жобасы. Мамандар қолдан жасалған денеге арналған табиғи косметиканы шығарумен айналысады. Кәсіпорын іске қосылғалы бері бір тоннадан астам сабын қайнатылып, денеге арналған көптеген өнімдер шығарылды.

Компания қатты және сұйық сусабындар, кутикула балауызы, дене майлары және тағы да басқа өнімдер сатады. Олардың құрамында тек табиғи ингредиенттер мен хош иістер бар. Мысалы, олардың ассортиментінде ұнтақталған жидектерден, қызыл саздан және қамыс қантынан жасалған жидек скрабы бар. Табиғи өнімге қызыққандар болса, Alatau Organic Инстаграм парақшасына өтіп, тапсырыс беріңіз.

Home Spa

Home Spa — ваннаға арналған тұз, массаж сабындары, дене майлары, пралиндер және тағы да басқа табиғи өнімдер ұсынатын қолдан жасалатын эко-косметика. 21 жасында Анастасия отандық косметика брендінің негізін қалаған. Қазіргі уақытта Настя қолдан косметика жасау бойынша авторлық курс жүргізеді. Алғаш тапсырыс берген тұтынушы эксклюзивті сыйлыққа ие болмақ. Өнімді жеткізу бүкіл әлем бойынша жүзеге асырылады, ал қалаған өнімді компанияның Инстаграм парақшасынан тапсырыс бере аласыз.

Статьи STEPPE

5 новогодних подарков, которые понравятся детям (и не только им)
Партнерский

5 новогодних подарков, которые понравятся детям (и не только им)

Помните, как в детстве мы с нетерпением ждали наступления Нового года, а потом спешили к елке, чтобы распаковать подарки? Мы...

3 минуты
3 минуты
Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Если вы задумывались, как появляются новые цифровые продукты и сервисы и кто за ними стоит, самое время разобраться в том, кто...

3 минуты
3 минуты
The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims, пожалуй, одна из немногих видеоигр, которая не только изменила индустрию, но и стала мощным культурным феноменом,...

8 минут
8 минут
Пока мы живем в 2024 году, Япония живет в 2034: топ-10 технологических прорывов, которые хочется позаимствовать
Партнерский

Пока мы живем в 2024 году, Япония живет в 2034: топ-10 технологических прорывов, которые хочется позаимствовать

Когда речь заходит о высоких технологиях, Япония неизменно оказывается впереди планеты всей. Эта страна уже живет так, будто на...

5 минут
5 минут