Біз Қазақстанды — қонақжай мемлекет, ал ел азаматтарын толерант адамдар деп танимыз. Бірақ, шын мәнінде, ел ішінде және әлемде ұлтаралық қақтығыстар әлі де болып тұрады.
Көзқарасы мен өмірлік ұстанымы бізден бөлек адамдар мен қоғамдар туралы шынайы ақпарат таратып, толеранттылық сезімін арттыру өте маңызды. Сондықтан Еуропа одағының қаржылай қолдауымен әртүрлі дінде кездесетін негізгі түсініктер туралы материалдар сериясын бастаймыз.
Бүгінгі тақырыпты ислам дініне арнадық. Бұл материалды дайындауға Шымкент қаласындағы орталық мешіттің наиб-имамы Ерғазиев Қайрат пен дінтанушы, “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорнының бөлім басшысы Бауыржан Заманханов көмектесті. Материал мүфтият өкілімен мақұлданған.
Бұл веб-сайттағы материал автордың жауапкершілігі саналады және Еуропа одағының көзқарасын білдірмейді.