Креативті индустрия саласындағы STEPPE Awards сыйлығына онлайн-дауыс беру басталды

6 минут Сабина Жандильдина RU
Альтернативный текст

6 қазанда STEPPE Awards сыйлығының ресми онлайн-дауыс беруі басталды, ол — Қазақстанның жаңадан бастаған және биыл еңбектері елеусіз қалған креаторларына берілетін марапат. Дала сыйлығының ресми сайтында 12 санат бойынша іріктелген үміткерлердің біріне дауыс беруге болады.  


Креативті кластер белсенді қолдауға мұқтаж. Онлайн-басылым ретінде біз бұл саланың жарқын өкілдері мен Қазақстан атағын шет мемлекеттерде танытқандар туралы 7 жыл бойы жазып келеміз. STEPPE сайтының медиа ретіндегі құндылықтарының бірі — жаңа есімдерді тауып, олардың шығармашылық жетістіктеріне жан-жақты қолдау көрсетіп,  айналамызға мықты шығармашыл комьюнити құруға ұмтылуымызда. 

STEPPE Awards сыйлығының басты мақсаты — әр креаторға креатив әлеміндегі өз орнын табуға көмектесу. 

Біз 11 негізгі санатты анықтадық, олар: театр, арт, креативті IT, урбанистика, сәулет, әлеуметтік жобалар, музыка, ғылым, бизнес пен кәсіпкерлік, инфлюенсерлер және кино. 

Әр санат бойынша тәуелсіз кураторлардан құрылған сарапшы қазылар алқасы жұмыс жасады. Олар — бұл салада тәжірибесі мол, қажетті құзыреттерге ие кәсіпқойлар.  Екі ай бойы олар үміткерлерді іріктеудің әдістемесін әзірлеп, 2023 жылы көзге түскен үміткерлерді ұсынды. Жабық талқылау сессиялары мен дауыс беру нәтижесінде 4 үміткерден тұратын шорт-лист жасалды. Кураторлар командасы  таңдаған 12 жеңімпаздың есімдері 2 қараша күні STEPPE Awards салтанатты шарасында жарияланады. 

Қазанның 6 мен 31 аралығында кез-келген адам өзіне ұнаған креатор немесе жоба үшін дауыс бере алады. Ең көп дауыс жинаған 3 креаторға «Көрермен көзайымы» санаты бойынша арнайы жүлделер табысталады.  

Сонымен қатар, креаторлар 2023 жылдың ең беделді инфлюенсері атағы үшін таласатын «Инфлюенсерлер» санаты бойынша да дауыс беруге болады. Мына сілтеме бойынша дауыс бере аласыздар.  

Сыйлықтың бас серіктесі,  жаңа есімдер тауып, жас креаторларға жәрдем беруді көздейтін ортақ мақсатымызды қолдаушы — Home Credit Bank.

Сыйлықтың тағы бір стратегиялық серіктесі — Cartier Women’s Initiative бастамасы. Cartier Women’s Initiative қолдауымен сыйлықтың STEPPE Woman деп аталатын арнайы санаты құрылды.  Бұл марапат әлеуметтік маңызы бар бизнесті дамытумен айналысатын кәсіпкер келіншектерге беріледі. Ол — сыйлықтың өтінім беру үшін ашық жалғыз санаты. Кәсіпкер әйелдер  анкета толтырып, іріктеуге қатыса алады. Кураторлар жеңімпазды анықтап, арнайы жүлдені табыс етеді. Өтінімдер 23 қарашаға дейін мына сілтеме бойынша қабылданады. Жеңімпаздың есімі 2 қарашада өтетін салтанатты шарада жарияланады. 

Сыйлықтың knowledge-серіктестері — MOST және Astana HUB — STEPPE Awards шарасына қолдау көрсетіп, «Ғылым» мен «IT» санаттарында  жеңіске жеткендерге арнайы жүлделер береді. 

Марапат номинацияларының жеңімпаздарына арнайы сыйлықтарды біздің серіктестеріміз: EYFun&Sun, Lenovo, Traveller, Air Astana, ЖМ «Центр Урбанистики» және Sergek Group негізін қалаушылардың бірі ұсынды.

STEPPE Awards креативті индустриядағы марапатты Lamoda интернет-дүкені, «Золотое Яблоко» компаниясының For me бренді және де онлайн білім беру курстары бар Lerna платформасы қолдады.

Сыйлықтың ақпараттық серіктестері — TikTok, Qamalladin, 2any1, JKS Agency, WE project, KPMG, 98MAG, Spring Central AsiaEr10 және т.б.

Креативті серіктестер — GLYPH Creative Agency, CITIX, 16*9 Studio

Әр санаттың жеңімпаздары 2 қараша күні STEPPE Awards 2023 ресми салтанатында жарияланады. 

Креативті индустрия саласындағы Дала премиясы түрлі салалардағы креаторлар жаңа, батыл, ауқымды коллаборациялары жасайтын алаңға айналмақ. 

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Стартовал прием заявок для участия в премии STEPPE Awards среди предпринимательниц в развитии social impact бизнеса

Победительница получит специальный приз от Cartier Women’s Initiative.

5 минут
5 минут

Мультимедийная выставка стрит-арт художника Бэнкси откроется в Алматы

Шоу охватит жизнь художника и самые значимые события его карьеры.

2 минуты
2 минуты
Партнерский

В Казахстане стартуют продажи бюджетного седана Geely Emgrand

Модель седана доступна в пяти разных комплектациях

5 минут
5 минут
Партнерский

Первый проект онлайн-кинотеатра Яндекса Кинопоиск и телеканала НТК

Казахстанский сериал «Мошенники» эксклюзивно представлен в Кинопоиске. Это первый проект онлайн-кинотеатра Яндекса Кинопоиск с телевидением в Казахстане.

3 минуты
3 минуты