Learning How to Learn: Барбара Окли о том, как овладеть навыком учебы
В современном мире, где информация обновляется с невероятной скоростью, умение эффективно учиться становится одним из важнейших...
Бірінші секс — әр әйелдің өміріндегі қызықты толқуларға толы есте қаларлық сәт. Біздің қоғамда алғашқы жыныстық тәжірибеге қатысты сандаған стереотиптер бар. Әйелдер көп жағдайда қысым астында қалады және қыздықты жоғалту туралы айтуға ұялады. Ал ер адамдардың «пәктілігіне» қоғам оңай қарайды. Оларды «сен пәктігінді жоғалттың» деп ешкім ұялтпайды және үйленуге дейін оны сақтауға міндеттемейді.
Жаңа материалда біз әртүрлі жастағы әйелдермен олардың алғашқы жыныстық тәжірибесі туралы сөйлестік, сонымен қатар жас қыздарға пайдалы ұсыныстар беру үшін сексологтан арнайы сұхбат алдық.
Мазмұны:
«Алғашқы секс менің 16 жасымда қызбен болды»: 23 жастағы бойжеткеннің анонимді әңгімесі
«Еркектердің де жамбас шаштары бар екеніне таң қалдым» 64 жастағы әйелдің анонимді әңгімесі
«Педофилия біз ойлағаннан да жиі кездеседі»: 22 жастағы бойжеткеннің анонимді әңгімесі
Менің алғашқы жыныстық қатынасым 16 жасымда қызбен болды. Ол менің ең жақын достарымның бірі болатын, сыныптас едік. Бізге кім ұнайтының, кім жынымызға тиетінің, кейде ЛГБТ тақырыбын қозғап, жиі сырласатынбыз.
Бір күні бір үйде қонып, шағын girls party жасадық. Онда суретке түсіп, күлкілі оқиғалармен бөлісе уақыт өткіздік. Ұйқыға жатқаннан кейін ішкі проблемалар мен мектебімізді, өскенде кім болғымыз келетіндігін талқылай бастадық. Бір сәтте тып-тырыс болып кетті. Бірнеше минуттан соң біз сүйісе бастадық. Ол менің үстіме мінді, мен оны тоқтатқан жоқпын. Барлығын асықпай кезектесіп жасадық. Дегенмен, бұл жоспарланбаған еді, бұны тіпті жыныстық қатынас деп санаған да жоқпыз. Бала кезде құрбылардың сүйісуін әншейін ойын ретінде көретінбіз және өзіміздің ориентациямыз жайлы ойлаған да жоқпыз.
Қазір ғана бұл оқиға өте керемет өткен алғашқы секс екенің түсіндім. Себебі бұл дұрыс па, бұрыс па деп қобалжымадым. Бәрі жақсы аяқталды, мен өзімді жайлы сезіндім. Біз болған жағдайды ешкімге айтпадық. Арамыздағы секс жай ғана пасықтық емес екенің, бірақ та махаббаттан әлдеқайда аз нәрсе екенін түсіндік.
Ер адаммен алғашқы секс 19 жасымда болды. Сол кездегі жігітім маған Франциядағы оқуынан ұшып келді, біз бұрын сыныпта оқығанбыз. Бұл жоспарланған болды. Мен қатты қобалжып, мұны қарым-қатынас міндеті ретінде қабылдадым. Мен үшін бұл өте қызық көрінді, сол кезде порнодағы әйелдер ерлердің жыныс мүшелеріне тамсана қарайтыны есіме түсті.
Ер адаммен болған алғашқы тәжірибемнен кейін өзімді лас сезінемін деп ойладым, қыздық перденің жыртылуы ауыртпашылық әкелер деп қорықтым. Бұл жолды аттамай, пәк болып қала берейін бе дедім.
Бәрі аяқталғаннан кейін өзімді мазасыз сезіндім. Менің жыныстық қатынас туралы үміттерім орындалмады. Біраз түңіліп, өзімнің ләззат ала аламайтынымды, өмір бойы барлық секс осылай өтетіне сеніп қалдым. Қысқасы, бұл ешқандай рахат әкелмеді, астым ауырды. Серіктесім ұялшақ болғанына қарамастан және менен ешнәрсе талап етпесе де, ендігі оны кездестіргім келмеді. Дегенмен, оның маған деген қамқорлығын айтып кеткен жөн. Оған қоса, бұның бәрі менің жеке қалауыммен өтті.
Жас қыздарға қандай кеңес бере аласыз?
Жыныстық қатынастан бірінші рет рахат алған кезде қатты қуандым. Бірақ бұл үшін көп жұмыс істеу керек. Өзіне не ұнайтының және не ұнамайтының зерттеп, өзінмен жалғыз қалған маңызды. Менің ойымша, егер сен секспен әлі айналыспасаң, онда бірінші кезекте серіктесіннің саған деген ниетіне қарау қажет. Өйткені секс — бұл екі адам арасындағы тылсым қарым-қатынас, ол вербалды және вербалды емес болуы мүмкін.
Қауіпсіздік пен жайлылық сезімі міндетті түрде болуы керек. Өзінің эмоционалды жағдайында, серіктесінде сенімді болған жақсы. Ең бастысы — қорқыныш пен дүрбелеңді жағымды толқудан нақты ажырата білу. Өзіңді тыңдай отыра ғана, алғашқы тәжірибенің қалай өтетінің ішінара болжай аласың.
Алғашқы тәжірибені ерекше, эмоционалды және физикалық тұрғыдан қауіпсіз ететін не?
Бірінші рет сүйікті адаммен болған жақсы ғой, бірақ бұл әрдайым бола бермейді. Жағдайдың өзі ерекше болуы тиіс. Біреуге бірінші секстің күні мен орны туралы келіссөздер жүргізу ыңғайлы болса, басқаларға дәл сол жерде пайда болатын химия керек.
Жыныстық қатынас эмоционалды тұрғыдан жайлы өтуі үшін әңгімелесу маңызды. Осылайша өзіңің қалауың мен серіктесіннің үміттерін эмоционалды түрде реттей аласың. Алғашқы жыныстық қатынасты қалай елестететіндерінді талқылаңдар. Жыныстық тәрбие жайлы сенімді деректерге ғана сүйеніп, мастурбациямен айналысқанда оғаш еш нәрсе жоқ.
Осы тақырыпқа қатысты қоғам тарапынан қандай да бір қысым сездіңіз бе?
Мен бала кезімнен бастап жан-жақты секс тақырыбына қатысты астыртын қысым сезіндім. Бұл туралы өмірімде ешқашан ешкімге айтпаймын деп ойладым. Жігітім өзінің достарына айтады деп ұялдым. Ата-анам жанжал шығарып, мені үйден қуып жіберуі мүмкін еді. Ал жігітімді достары құттықтаған болар.
Енді олар үшін мен жарамсыз, біреудің олжасына айналғанымды түсіндім.
Бұл туралы бірінші кезекте кімге айттыңыз?
Қызбен болған қатынас туралы бір жылға жуық уақыт өткенде ғана әпкеме айттым. Сол кезде қыздарды ұнататынымды және бисексуал екенімді мойындадым. Анам қызбен болған жыныстық қатынас туралы әлі білмейді, бұны ауру және оны емдеу керек деп санайды. Әкеммен бұл тақырыпты ешқашан көтермеген едік. Ол қыздардың үйлену тойына дейін таза болуы керектігіне сенеді. Мен оған қазіргі жігітіммен бірге бір пәтерде тұрғалы жатқанымды хабарлаған кезде әкем қатты ашуланған болатын.
Бұл 1982 жылы әпкемнің үйінде түнде болған еді. Секс туралы ештеңе білмегендіктен, қатты қорықтым. Еркектердің де жамбас шаштары бар екендігіне таңғалғаным есімде. Оның жыныс мүшесі 12 сантиметрдей болды. Үдеріс рахат әкелмеді, ол кезде ләззат алуға болатынын да білген жоқпын. Анам біліп қояды деп мазаландым. Ал әпкелерім мазақ етіп, қорлайды ма деп қорықтым.
Алғашқы жыныстық қатынас кезінде керекті ақпараттың аздығы қиындық туғызады.
Жыныс мүшелерінің ерекшеліктерін, оргазмге қалай жетуге болатынын білу маңызды. Жалпы, секс адамның өзіне ұнауы керек. Әрине, сен вибратор сатып ала аласың, бірақ ол дәл сондай сезімдер бермейді. Мен 64 жастамын, бірақ бұны әлі де істегім келеді. Секс күнделікті өмірде жақсы көңіл-күй мен күш-қуат сыйлайды.
Қазір, әрине, уақыт басқа. Жастар жыныстық қатынасқа асыға түсетіндей. Үйленгеннен кейін бір-біріне сәйкес келмейтіндерін түсінсе, аз уақытта ажырасып кетеді. Бір жағынан бұл дұрыс та шығар. Дегенмен үйленуге қанша қаражат жұмсалады, ата-аналары несие алады! Ал жастар болса, қарым-қатынастарын түзетугеде ұмтылмайды.
Менің бірінші жыныстық қатынасым 20 жаста болды, жоспар бойынша сол жылы болғанын қаладым, бірақ нақты күні белгіленбеген болатын. Х күніне дейін 3 рет әрекет болған еді, алайда қатты ауырғандықтан, әр кезде тоқтап қалатынбыз. Сол күні біз мас болдық, оған қоса етеккірім келіп тұрған. Қан аздап болды, бірақ етеккірден бе, әлде бірінші жыныстық қатынастан ба білмеймін. Ешқандай рахат сезімін алмадым, тек келесі екі күні ауырғаны есімде.
Өзіңізді қалай сездіңіз?
Бір жүктен айырылғандай болдым, өйткені жастайымнан «қыздық перденің» маңыздылығын естіген мен, наразылық танытатынмын. Мен үшін ешқандай мәні жоқ екенін өз-өзіме дәлелдегендей болдым. Осылай жеңіл қабылдағанымның себебі — бірінші жыныстық қатынасқа өзім үшін ерекше емес, жақсы көрмейтін адамды таңдағаным.
Эмоцоналды толықтай дайын едім. Нақты сол жылға жоспарлағанмын, себебі оған дейін психологпен жұмыс кезінде менде «блоктар», яғни ішкі шектеулер бар болғанын түсіндім және оларды жеңу үшін менің ассоциацияларымды өзгерту қажет болды деп есептеймін.
Жас қыздарға қандай кеңес айтар едіңіз?
Қалай болса да, бірінші жыныстық қатынасқа үлкен мән беріп қажеті жоқ. Ең бастысы — екі жақтың келісім беруі мен контрацептив қолдануы. «Бірінші және ақырғы жігіт» дейтін ұғыммен жүрген қыздарға айтарым — өмір әр-түрлі жағдайларға әкелуі мүмкін, сондықтан ойлағаныңдай болмай қалса, қиналып қажеті жоқ.
«Мен қыз емеспін, мені болашақ күйеуім қабылдамайды» деген ой баяғы заманда қалған. Өзіңді толықтай қабылдай алмайтын өмірлік жардың керегі не?
Қоғам тарапынан қысым көрдіңіз бе?
Өзіме қатысты ешқандай қысым көрмегенмін, бәлкім 20 жасымда әлеуметтік ортам өзгеше болған шығар. Ал оған дейін басқа қыздарға айтылған сөздер мен нұсқаулықтарды еститінмін.
Жыныстық тәрбие жайлы айту неге маңызды?
Біріншіден, жыныстық қатынас табиғатымыздың бір бөлігі, ол барлығымыздың басымыздан өтетін жайт. Екіншіден, бұл тақырыпты жасыру өте қауіпті, себебі педофилия біз ойлағаннан да жиі кездеседі. Мен 4-5 жасымда басымнан өткерген жағдайдың не болғанын 8-де ғана білдім. Дәл сол кісімен оңаша қалған кезде флэшбэктердің бәрі шын болғанын түсіндім. Жастайымнан жыныстық тәрбие көрсем, бірден ата-анама айтушы едім және бұл адамның зияны басқа ешкімге тимеуші еді.
Алғашқы секс тәжірибесі туралы не білу керек?
Ең бастысы — асықпау. Алғашқы жыныстық қатынас туралы өзің ес-түссіз жақсы көретін, сенімді серіктес болған жағдайда ғана ойланған жөн. Сіздерден басқа ешкім болмайтын қолайлы уақыт пен күнді таңдаңыздар.
Серіктесіңізбен өз қалауларыңыздыды талқылап, презерватив пен су негізінде жасалған жағармай сатып алыңыздар. Ауырсыну жеткілікті деңгейде қозбаған кезде пайда болады. Бұл жағдайда қынап кеңеймейді және табиғи майлау аз бөлінеді. Сол себептен жағармай керек болуы мүмкін. Есіңізде болсын, жеткілікті қозу көп уақытты қажет етеді, сондықтан ешқайда асықпаңыз. Еңсерілмейтін тілек сезінгенге дейін сүйісіп, құшақтасып, петтингпен айналысыңыз. Содан кейін ғана енуге көшіңіз.
Бірінші жыныстық қатынас кезінде сенімді енуден кейін, үйкеліске көшпес бұрын өзіңізге бір минуттай уақыт беріңіз.
Алдымен қимылдар баяу және терең болмауы керек. Бірқалыпты қозғалыңыз, клиторды одан әрі ынталандыру керек екенін ұмытпаңыз, бұл қозуды қолдауға және күшейтуге көмектеседі. Егер бірінші жыныстық қатынас оргазммен аяқталмаса, алаңдамаңыз, бұл қалыпты жағдай. Ең бастысы, бәрі ауыртпалықсыз және сүйіспеншілікпен өтуі керек, ал оргазмдар әлі де болады.
Келесі жыныстық қатынасқа 3-7 күннен кейін кірсуге болады.
Процесті ауыртпалықсыз етуге бола ма? Алғашқы жыныстық қатынас кезінде барлық қыздарда қан бола бермейді деген рас па?
"Қыздық перде" бұл қынаптың кіреберісін ішінара жабатын дәнекер тінінің кішкентай қатпары. Бұл бірінші жыныстық қатынас кезінде "жыртылып", міндетті түрде қанайтын пленка емес. Бұл жай ғана созылатын және жасына қарай жоғалып кететін серпімді былғары мембрана. Егер ол зақымдалса, ол кез келген басқа мата сияқты қалпына келеді. Көптеген қыздарда ол туғаннан болмауы мүмкін — бұл қалыпты жағдай. Егер бәрі ойдағыдай өтетін болса, қан болмауы керек. Біздің мәдениетімізде пәктік — бұл әлеуметтік құрылым. Шын мәнінде, гимен (қыздық перде), біздің денеміздегі кез-келген тін сияқты жыртылса да, өсіп кетеді.
Жалпы, жыныстық қатынас ауыртпалық әкелмеуі керек. Жыныстық қатынас кезінде кез-келген ауырсыну — бұл үдерістің бұрыс жүріп жатқаны туралы сигнал. Бірінші рет немесе он бесінші рет болсын — маңызды емес, ауырсыну қынаптың микрозақымдалуынан пайда болады. Ол майлаудың немесе қозудың жетіспеушілігінен, бұлшықет спазмына әкелетін стресс пен нервтерден туындайды. Егер қыз толқып, босаңсыған болса, егер ер адам бәрін мұқият жасаса — бірінші жыныстық қатынас кезінде ауырсыну да, қан да болмайды.
Қазақ қоғамында секс тақырыбына қатысты жаттандылықтармен қалай күресуге болады?
Секс туралы көбірек сөйлесу керек. Балалар мен жасөспірімдерге интернеттен емес, ғылыми негізделген тиісті ақпарат беру маңызды.
Көп жағдайда бұл туралы сұрау ұят және ыңғайсыз, өйткені ата-аналардың өздері мыжылып, не айтарын білмейді.
Порнографияны бірінші рет көрудің орташа жасы — 11. Мұндай фильмдерден бала не үйренеді? Содан кейін онда көргенің өз өмірінде жүзеге асыруға тырысады. Біздің жасөспірімдерге қарапайым нәрселер айтылмайды: етеккір дегеніміз не, пубертат кезінде дене қалай өзгереді және т.б. Қазірдің өзінде денеге, сексуалдылыққа және жыныстық тәрбиеге қатысты барлық нәрселер ашық айтылмайды.
Егер секс жоспарланбаған түрде және контрацептивсіз өтсе, бірінші кезекте не істеу керек?
Егер сізде қорғалмаған байланыс болса (мысалы, презерватив жыртылған болса), міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтуіңіз керек. Дәрігер қашан және қандай анализдерді тапсыру керектігін өзі айтады.
Алғашқы жыныстық қатынастан кейін гинекологқа міндетті түрде бару керек пе?
Бірінші жыныстық қатынас калай және қандай жағдайда болғанына байланысты. Егер қан болса және ауырса, онда тексеруге бару керек. Сондай-ақ, егер қорғалмаған жыныстық қатынас болса, дәрігерлік кеңес алу да маңызды. Жалпы, егер бірдеңе мазаласа, гинекологқа баруды кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Егер бәрі жақсы өтсе, онда сіздің қалауыңыз бойынша баруыңызға болады.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)