Қазақша алма бизнесі
Бизнес 16 Декабря, 2016

Қазақша алма бизнесі

Интеграция-Тургень

Мәншүк Жексембекова, директор

e7c4f4610d0e5cdfc083fa0dcc405214

Мен 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін тәмамдадым. Содан кейін Алматы қаласында зерттеу жұмыстарымен айналыстым. Ал ата-анамның денсаулығы сыр бере бастаған соң, туған жерім Түргенге қайтып келдім. Бұл жерде әкемнің ауылшаруашылық кәсібін басқардым. Алма бағының он гектары – менің бизнесімнің бесінші бөлігі.

Ауыл шаруашылығында технологияларға инвестиция болмаса, табысқа жету мүмкін емес. Ал ол көп шығынды қажет етеді. 

Субсидиялау бағдарламалары бар, бірақ бөлінген қаржы фермерлерге дейін жетпейді.

Мен үш жыл қатарынан қажетті құжаттарды жинаумен келемін, бірақ үнемі бір анықтама жетіспейтіндігін айтады. Мұны мен тек өтінім беру кезінде бірақ білемін. Маған кешігіп қалдың немесе қаржыландыру қысқартылған деп қана айтады. Осылайша екінші орында қалып қоя беремін.

Стенли Браун, Middle Earth Orchards Group серіктестік компаниясының бас директоры

b7ae608f91adbed31521c86e13dae780

Мен Қазақстанға 22 жыл бұрын келдім. Ол кезде өте жас едім. Мемлекет енді ғана тәуелсіздік алғандықтан, ауыл шаруашылық кәсібін бастауға үлкен мүмкіндіктер болды. Біздің Middle Earth Orchards Group компаниясы АҚШ-тан сарапшылар делегациясын шақыртты. Олар қазақстандық фермерлерге қандай көмек қажет екендігін анықтауға ат салысты. Төрт жыл бойы біз көкөніс өсіру, бақша өсіру, ара шаруашылығы, сүт тағамдарын өндіру, тіпті жылыжай шаруашылығы туралы да әртүрлі тренингтер өткіздік.

Осы жылдар аралығында біз бақша шаруашылығының потенциалы жоғары деген қорытынды жасадық. Себебі бір ғана бақша ашу арқылы, сен одан кейінгі екі кәсіпке де пайда әкелесін.

Қазақстан сол кездің өзінде әлемге селекционер-ғалым  Аймақ Жанғалиевтің жасаған жұмыстарының арқасында танылған еді. Ол бүкіл өмірін Сиверс алмасын зерттеуге арнап, Қазақстанның жабайы алма бақтарын әлемге таныстырған. Содан кейін Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен зерттеушілер келе бастады. Бір ғана Корнелл университетінің өзі төрт ғылыми экспедициясын жіберді.

Мәншүкті біз 2009 жылы кездестірдік. Ол кезде оның бақшасына қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге көмек қажет болған. Мәншүкте алма бағының жартылай интенсивті жүйесі болатын. Ал қазір бақ толыққанды қарқынды жұмыс істейді. Бұл жүйелердің айырмашылығы әр гектар жерге бөлінетін ағаш көлеміне байланысты. Стандартты жүйеде бір гектар жерге екі жүз ағаштан өсіріледі. Жартылай қарқынды жүйеде – мың, толыққанды қарқынды жүйеде – үш мың, ал супер қарқынды жүйеде әрбір гектарда бес мың түп ағаш өседі.

Вашингтон штаты алма және басқа да жемістерді экспорттау арқылы әлемге танылды. Бақша шаруашылығындағы соңғы технологиялар жоғары сапалы топқа жатады. Бұл батыстағы жастарды қызықтырып отыр. Біздің консультат Патрик Брейди бақша шаруашылығында екінші дәрежелі ғалым сатысында. Технологиялық өндірістің арқасында жақын арада ауыл шаруашылығы үлкен сұранысқа ие салалардың бірі болады.

Агробизнесті қолдаудың субсидиялаудан да тиімді тәсілдері бар. Олар: білім, қаржының қолжетімділігі және шенеуніктердің тосқауылдарын жою.

30 жыл бұрын Жаңа Зеландияда ауыл шаруашылығын қаржыландыру ең жоғарғы деңгейде болды. Бірақ олар жоғарыда атап өткен кедергілерді жойғанда ғана жетістікке қол жеткізді. Бұл жайында үкімет пен жауапты органдар ойлануы тиіс. Себебі көбіне бақшаны мемлекетке пайда әкелу үшін емес, керісінше инвестиция алу мақсатында ғана өсіреді.

Патрик Брейди, агроном-консультант

8cf5331299e6675c1296d48ef8d6ead7

Мен Қазақстанда он жылдан бері жұмыс істеп келемін. Жергілікті шаруаларға бақша шаруашылығының қарқынды жүйесінің қағидаларын түсінуге көмектесемін. Мәншүк екеуіміз заманауи технологияларды пайдалана бастағандардың алғашқы қатарында болдық.

Бұл жылы біз әр гектардан 40 тонна алма өнімін алуды жоспарлап отырмыз. Бірақ бізге өнімділіктің максималды сатысына жету үшін екі жыл керек. Себебі ағаштардың діңі әлі де жүйенің жоғарғы екі қабатын толтырған жоқ. Тек сол кезде ғана сұрыптың түріне қарай әр гектардан 60-90 тоннаға дейін өнім жинай аламыз.

Бізде қазір алманың 17 сұрпы өсіріліп жатыр. Олардың кейбіреуі тәжірибе мақсатында егілген.

Бірақ біз Алматы тұрғындарын толғандырып отырған нағыз апортты өсірмейміз. Ол керемет сұрып – тамаша дәм және иіс. Алайда ауруға және сыртқы факторларға төзімді емес. Ал бізге алыс жолдарға шыдамды және ұзақ сақтауға болатын сұрып керек. Ал апорт ондай қасиетке ие емес.

Кейбір сұрыптаушылар апортты және басқа да сұрыптарды будандастыруда көптеген жұмыстар жасап біраз табысқа қол жеткізген. Мысалы: «Дамир» сорты.

Компания өнімдерін делдалдар арқылы тасымалдайды. Табыстың аздығына қарамастан солай жұмыс істеген ыңғайлы. Делдал өнімді жинаушыларды ұсынады, олардың еңбекақысын төлейді, тауарды тиеп, жеткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Барлық шағын өндіріс орындары осындай тәртіппен жұмыс істейді. Өйткені, біздің бизнестегі ең үлкен мәселе – білікті жұмыс күшінің жеткіліксіздігі.

b5d0c285673c680406dd202906377199
52685ed5c18272480927779cf9df11f3
f9731da57b2f040a194c5714ab23ddd8
ce41214fea75a2f1df7dabaf5396b334
1558d17139f113ce65b5922e33beaf61


Amal Bio

Аскар Сабиров, компанияның негізін салушы

d12a3b3f0f15d2bd4f0f140ff14a7f92

Amal Bio компаниясы Алматы қаласынан 20 километр жердегі Гүлдала ауылында орналасқан

Ұлы Отан соғысы кезінде менің атам Ржев қаласының түбінде соғысқан екен. Ротада 120 адам болыпты. Бірақ соғыс аяқталғанша тек жиырмасы ғана тірі қалған. Оның ішінде менің атам да аман қалды. Жарақат алғаннан кейін Қазақстанға қайтып келген ол 100 алма ағашын отырғызып, әрбір түпке қаза тапқан майдандастарының есімін берді. Сергей, Бақыт, Мирас т.с.с. атам әр ағаштың атын жатқа білетін.

Бизнес бастауды ойлаған кезде, мен кезекті сауда орталығын немесе франшиза ашуға қарсы болдым. Себебі, ақшаның барлығы шетелге кетер еді, ал біз қазақстандықтар тек тұтынушы болып қалар едік. Мұнай мен газды ғана сатуға шығарамыз, қалғанының барлығын импорттаймыз. 

Сондықтан мен өнімді экспорттауға әлеуетіміз болуы үшін алма өсіруді қолға аламын деп шештім. Алма барлық халықаралық стандарттарға сай болады.

Менің алдымда, «Ақшаны Қазақстан экономикасына инвестициялаған дұрыс па, әлде АҚШ немесе Еуропада бизнес ашқан дұрыс па?», деген сауал тұрды. Әрине шет елде бзнес ашқан маған тиімді, бірақ мен қазақстандық болғандықтан өз отаныма пайдамды тигізгім келді. Отандастарыма да сапалы өнім өндіргім келді.

Мен Алматыдан 70 километр жердегі Маловодное (қазіргі – Бәйдібек би ауылы) ауылында бақшамның қасынан жер сатып алдым. Ол шаруашылыққа жарамсыз, тасты жер болды. Себебі жарамды жерлердің барлығы жекеменшік қолда немесе банкте кепілде және құрылыс жүргізіліп жатқан жерлер екен.

Мен учаскені алғаш көрген кезде, маған ол орынға ұсақтас карьерін сал деп кеңес берген болатын. Ал жергілікті балалар онда көкпар ойнайтын. Үш жыл өтті. Иен жер қазір гүлдеген алма бағына айналған.

Жер жарамсыз болғандықтан менің сыртымнан күлгендер де болды. Ал мен бұрын алма өскен жер болса, қазір де өсетініне сенімді болдым. Кейіннен тастардың керісінше жерді ылғалдандыруға септігін тигізетіні анықталды.

236fd9b311a40ed5a3b04aea69d36211

Ол кездегі жеміс ағаштарын өсіру қарқыны жеткіліксіз болды. Қарқынды және суперқарқынды бақтар отырғызу керек болды. Ал үйрететін ешкім болмағандықтан мен Вашингтон, Италия, Германия, Австрия сияқты елдерді аралап қайттым. Менің мақсатым: алма бағын өсірудегі алдыңғы қатарлы технологияларды зерттеп, ең үздігін Қазақстанға алып келу болды.

Біз Италиядан алманың 12 сортының көшеттерін алып келдік. Олардың қайсысы климатқа бейімделіп кететінін бақылау үшін барлығын отырғыздық. Нәтижесінде барлығы да тез бейімделіп кетті. Ал бақтарға тамшылатып суару технологиясын енгізу керек деп шештік. Өйткені, өнімге пайдалы әрі Қазақстанда  тұщы су мәселесі бар. Егер барлығы да осы тәсілге көшсе, бұл проблема да жоғалар еді.

1e14b6f63cdfdb72b5db836ffe5e1d4e

Ауыл шаруашылығы – бұл бірден мол пайда табатын бизнес емес. Технологияларды үнемі жаңартып, қаржыландырып отыру керек. Жақында қызметкерлер Италияға, Бельгияға және АҚШ-қа барады. Шаруалар мен трактористер – қарапайым ауылдың балалары, тіл білмейді. Сондықтан біліктіліктерін арттыру үшін Батысқа барады.

fc6db56c37a4669e0bf2eb54c5a1e1c3

Сонымен қатар, өнімдерімізді Алматыда супермаркет желілері арқылы таратамыз. Дистрибьюторларға біздің фирмалық қаптамаларымызды ұсынамыз. Ал олар кейде біздің қаптамаларға Алтын Орда сынды базарлардан сатып алынған алмаларды салып қояды. Осылайша халықты алдап, өнімдерін сатады. Қазіргі таңда осы мәселені шешу жолдарын ойластырып жатырмыз.

 

Осы жылы бақша жердің 80 гектарын алып жатыр, ал келесі жылы 150 гектарға бақ егеміз. Соның өзінде бұл аз, себебі, жалғыз Алматының өзінде сұраныс үш мың гектарды құрайды.

Сонымен бірге, біздің өнімдерді Новосибирсктегі, Томсктегі және Ханты-Мансийсктегі серіктестеріміз де сатып алуға дайын отыр. Жоспарымыз Батыста да сұранысқа ие бола алатын алманың бірегей алты сұрпын өсіріп шығару болып отыр. Осылайша көшеттерді экспорттамақ ойымыз бар. Осы бағытта Вашингтон және Болон университеттерінің аграрлық факультеттерімен жұмыс істеп жатырмыз. Жобалар көп – енді тек еңбек ету керек.


НАҒЫЗ АЛМАТЫ АПОРТЫ

Андрей Ким және Тимур Тақабаев, компанияның негізін салушылар

29356b1ff851ceea2ce6c918f0efaa32

Андрей: Біздің апорт алмасын өсіретін екі бақшамыз бар. Бірі — Талғар ауданында болса, екіншісі  Есік ауданында. Екі бақтың да ауданы алты гектарды құрайды. 

Алма өсіру бизнесін бастағалы үш жыл болды. Осы маусымда біз тауарды тек екінші рет шығарамыз. Екі бақшаның құны — 700 мың доллар.

 

Ағаштар шамамен 25-30 жаста. Кеңес үкіметі кезінде бұл бақтардан алманың бірегей сұрыптарын өсірген. Кеңес құлады. Бақтар жекешелендірілді.  Ал жеміс ағаштары 12 жыл бойы қараусыз қалды. Осы уақыт ішінде жемістер ұсақталып, хош иісін жоғалтқан. Біз бұл ойымызды жүзеге асыруда сарапшылармен көп кеңестік. Сұрыпты қайта қалпына келтіруге және табыс көзіне айналдыруға қаншалықты тиімді екенін талқыладық. 

 

Шешім қабылдағаннан кейін, өнімд алуға бір жарым жылдай уақыт кетті.

Тимур: Біз үшін бұл негізгі кәсіп емес. Себебі, Андрей де мен де өз кәсіптерімізбен айналысамыз. Бізді Қазақстанның табиғатына деген махабатымыз біріктіреді. Содан кейін бізді Қазақстанның табиғатына деген махабатымыз біріктіреді. Соның арқасында Нағыз Алматы апорты жобасы дүниеге келді.

3798614c8757191fb80c19214f9d789c

Андрей: Біз нағыз апортты қайта тірілтіп отырмыз деп айта алмаймыз. Өйткені, біздің жасап жатқанымыз әлі де жеткіліксіз. Біздің мақсатымыз – осы уақытқа дейін жеткен мұрамызды сақтап қалу. Алға жылжу бар. Жемістер іріленді, хош иісі қайтып келді.

585e9a0097f40933c079f62804c73b85Басында біз барлық жұмысты өз қолымызбен істеуге тырыстық. Бақты тазаладық, арықтарды аштық, органикалық тыңайтқыштарды сатып алдық. Бірақ интернеттен қараған білімнің аздық ететінін түсінген кезде, тәжірибелі агрономдарды жұмысқа тарттық.

Шаруашылыққа жылына 20 мың доллар салым саламыз. Бұл қаржы қажетті заттарды сатып алуға, құрал-жабдықтарды жөндеуге, сарапшылар мен жалдамалы жұмысшыларға, маркетингке, дистрибуцияға және тауарды сертификаттауға кетеді.

Биылғы жылы біз 20-30 тонна өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз. 

Қайта қалпына келтірілген қағаздан картон қаптамалар жасап шығардық. Оның ішіне 4 алма сияды (1 келі). Қарапайым формадағы қаптамада қысқаша мәлімет берілген. Онда алманың Іле Алатауы баурайында шынайы махаббатпен қолдан өсірілгендігі, химикатсыз таза өнім екендігі және гипоаллергенді екендігі жазылған. Бұған кез-келген адам бақшаға келіп көз жеткізе алады.

606573489afe5a37a931d33ca6dda886

Мұндай мүмкіндіктерді әрбір сатушы немесе супермаркеттер бағалай бермейді. Мысалы Magnum және Ramstore сияқты сауда орындарына тек өнім көлемі мен жеткізу жылдамдығы ғана маңызды. Былтыр біз Астанадағы Galmart-пен жұмыс істедік. Ал Алматыда қалалық кафемен және «И.В.Мичурин» фермерлік дүкенімен, сонымен қатар, Esentai Gourmet пен BioGourmet сынды сауда орындарымен қызмет жасадық. Бұл дистрибьюторлардың аудиториясы: жалақысы жоғары және де өнімді өсіру талаптары қызықтыратын тұтынушылар.

Алғашқы жылы біз жоспарлағанымыздан қарағанда аз әрі сапасы төмен жеміс алдық. Сондықтан да оны сатудан бас тарттық.

Біз Лондонда оқыдық, сондықтан кәсіпті жергілікті нарыққа үйреншікті емес тәсілмен құрамыз. Орташа статистикалық қазақстандық фермер жинаған өнімін қысқа дейін қоймада сақтап, кейін үлкен көлеммен сатуға шығарады. Ал біз бірден сатып отырамыз, сол үшін де бағамыз бірқалыпты – 630 теңге.

95a7c9aea40b793cc8422bf97c989bbc

Тимур: Біз өсіп, дамып келеміз. Келесі жылы тағы да көшеттер отырғызамыз. Бірақ олардан өнімді тек тоғыз жылдан кейін ала аламыз. Алдағы уақытта Intel компаниясымен серіктес боламыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл кейбір үдерістерді компьютерлеу үшін. Мысалы: ұрылардан қорғану және жемістің үзіліп түскенін бақылау үшін. Алма ағашының астына хабарлаушы құрылғысы бар тор орнатамыз.

6b82e11d806b540bd9a0df1240e42edc
569180664b0c73851da534d06a73a23e
291e904a92bcbcaa98158bdceff79d50
59ec1602002bb82cd8c87e431c07de88

Андрей:

2030 және 2050 мемлекеттік стратегиясында тауар экспорты туралы пунктер бар. Апорт та бұл тізімге енген. Сол үшін мемлекеттен миллиондаған қаржы бөлінеді делінген. Бірақ мен апорт өсіруші ретінде айтатын болсам, осы уақытқа дейін бір тиын да алмадым. Есесіне жақында ғана бақшаның үстінен «Ақ-Бұлақ» тау-шаңғы курортына баратын жол салып тастады. 30 жеміс ағашын шауып, арықтарды көміп тастады. Бұл жұмыстар «Универсиада-2017» шарасы аясында жасалды.

Жеміс ағаштары 30 жыл бойы өсті, әр маусымда 150-200 килограмм өнім әкелетін еді. Ал, олар әр түпке тек бес мың теңгеден ғана өтемақы төледі. Он жылға шаққандағы айырылған табыс көлемі – екі мың доллар. Әрине, біз ешкімді кінәламай жұмысымызды жалғастыра береміз.


Фото: Дияра Шукбарова

Қазақша нұсқасын жасаған 7kun.kz

Автор статьи

Кристина Никулина