Жасанды интеллект негізіндегі ChatGPT қалай жұмыс істейді?

4 минуты Жулдыз Актаулова
Жасанды интеллект негізіндегі ChatGPT қалай жұмыс істейді?

ChatGPT — GPT-3 үлгісін қолданатын және оның жұмысын жақсарту үшін адамдардың кері байланысынан тәлімденетін AI боты. Чатбот сұрақтарға жауап беруге, электрондық хаттар жазуға, адаммен сөйлесуге, программалық кодты түсіндіруге, тілді аударуға және т.б. командаларға дағдыланған. ChatGPT-ды оңтайландыру үшін чатботпен сөйлесу кезінде адамның іс-әрекеті мысалдарынан үйренуге мүмкіндік беретін Reinforcement Learning with Human Feedback (RLHF) әдісі пайдаланылады. Бұл әдіс тіл моделдеріне күрделі мәндерге сәйкес келетін, егжей-тегжейлі жауаптар беруге және бейсауат немесе моделдің білім аймағынан тыс сұрақтарды қабылдамауға мүмкіндік береді. Берілген шолу Open AI Master дереккөзінен алынып, қазақ тіліне аударылды.


GPT тіл үлгілерін табиғи тілде берілген өтініштерге мәтін түрінде кері байланыс беру керек кезде пайдаланады. Ол дәйекті және мағыналы мәтін шығару үшін арнайы дайындалған GPT-3.5 үлгісіне негізделген. Осы оқыту арқылы ChatGPT берілген жауаптар мен тікелей байланыстан күтілетін нәтиже арасындағы сәйкессіздікті шеше алады.

ChatGPT алдыңғы GPT-3 нұсқасынан өзінің әмбебаптығымен ерекшеленеді. Ол көптеген аймақтарға қатысты түрлі стильде дәл, егжей-тегжейлі және мәтінді нақты жасап береді. Сонымен қатар, сұрақтарға жауап беру, мәтіндер құрастыру, электрондық хаттар жазу, әңгімеге қатысу, бағдарламалау тілдеріндегі кодты түсіндіру және табиғи тілді кодқа аудару сияқты тапсырмаларды орындай алады. ChatGPT-дің RLHF тәсілі оған ақпаратты интеллектуалды жолмен өңдеуге және әртүрлі контексттер мен жағдайларға бейімделуге мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект боты пайдаланушыға жауап қайтарған кезде, оның енгізген деректерін талдап, келген ақпаратты өзінің кең білім базасымен сәйкестендіреді.

Алған ақпаратты есте сақтап, кейін ұқсас сұрақтарға жауап қайтарған кезде контекстті ескеретіндігі чатботтың көрнекі ерекшелігі болып табылады.Дегенмен, ChatGPT офлайн режимде жұмыс істейтіндігін және оның кейде бұрыс немесе орынсыз нәтижелер беруі мүмкін екендігін атап өткен жөн.

ChatGPT деректерді қайдан алады?

ChatGPT бағдарламасын Сан-Францискода орналасқан OpenAI жетілдірген. Ол алдын ала дайындалған GPT-3.5 дерекқорына негізделген, сондай-ақ адаммен диалогтар жүргізу үшін RLHF арқылы тереңірек «оқытылған».

OpenAI-ге қойылатын жиі сұрақтарға сәйкес, ChatGPT оның тегін сынақ нұсқасын қолданатын пайдаланушылар енгізген деректерді әрі қарай даму үшін қолданады.

Сонымен қатар, OpenAI өзінің жаңа буын GPT-4 үлгілерінің қолжетімділігі жайында жариялады.

ChatGPT қандай алгоритмді пайдаланады?

ChatGPT жауаптарды түрлендіру үшін терең оқытуды, табиғи тілді өңдеуді және генеративті алдын ала оқыту алгоритмдерін пайдаланады. Бұл OpenAI әзірлеген тіл үлгісі және оның алдындағы GPT-3 нұсқасының жетілдірілген нұсқасы. ChatGPT тура чатбот сияқты GPT-3.5-turbo AI моделін пайдаланады. 

ChatGPT интернетті пайдалана ма?

Соңғы жаңалықтардағы мақаларарға сәйкес, ChatGPT-дің интернетке қол жетімділігі өңделіп, қолданба жаңартылды.

Бұған дейін ChatGPT ғаламаторға қосылмаған болатын және ақпарат тек 2021 жылға дейін болған оқиғалармен ғана шектелетін.

Жаңарту істері ChatGPT-ге кодты іске қосу және интернеттегі ақпаратқа қол жеткізу сияқты жаңа мүмкіндіктер берді.

ChatGPT ішкі жүйеде қалай жұмыс атқарады?

ChatGPT — GPT-3 түпнұсқа үлгісіне негізделген тіл үлгісі. Ол модельдің сәйкес келмеу мәселелерін жеңілдету үшін адамның кері байланысын пайдалану арқылы әрі қарай оқытылды. Қолданылатын арнайы әдіс — алдыңғы академиялық зерттеулерге негізделген адамның кері байланысы арқылы оқытуды күшейту. ChatGPT — барлық алдыңғы таңбалауыштар негізінде келесі таңбалауышты болжайтын себепті тіл үлгісі. Сұрақ немесе нұсқау берілгеннен кейін, ChatGPT оны AI моделі арқылы өткізеді де, ақпарат пен деректердің үлкен көлеміне сәйкес келетін жауап қайтарады. ChatGPT шығарылған уақытынан бастап қосымша жаңартулардан өтті — оның ішінде өңдеулер енгізілген соңғы моделі GPT-4.

ChatGPT әр пайдаланушыға бірдей жауап бере ме?

Дереккөздерге сәйкес, ChatGPT-ге әртүрлі адамдар бірдей сұрақ қойғанда, олар бірдей жауап алады. Сөздерде шамалы өзгерістер болуы мүмкін, бірақ жауаптар  бірдей болады. Дегенмен, ChatGPT-дің де барлық тіл үлгілері сияқты өз шектеулері бар. Сондықтан мағынасыз жауаптар мен қате ақпарат бере алатынын ескеру маңызды, ол берген ақпаратты тексеріп алу керек.

ChatGPT диалогтарды сақтай ма?

Сұрау жібергенде немесе чатботтан жауап алған кезде ChatGPT сөйлесулерді автоматты түрде сақтайды. Сөйлесу журналын ботты пайдалану кезінде беттің сол жағындағы бүйірлік тақтадан табу мүмкін.

Сақталған әңгімелерді кейінірек қайта қарау үшін алынған жауаптарды электрондық поштаға, ортақ құжатқа немесе басқа тасымалдаушыға көшіріп қоюға болады.

ChatGPT модельге алдыңғы кірістердің «контекстін» сақтауға мүмкіндік беретін трансформатор архитектурасын пайдаланады.

ChatGPT-ді интернетсіз пайдалу мүмкіндігі  бар ма?

ChatGPT — әртүрлі көздерден алынған мәтіндік ақпарат пен деректер жиынтығы негізінде жауаптарды жасайтын AI чатботы. Бұл OpenAI веб-сайтында тіркелгісі бар кез келген адам үшін тегін, бірақ жұмыс істеуі үшін интернет байланысы қажет. Дегенмен, Python, Node.js және C++ орнату арқылы интернет қосылымынсыз компьютерде ChatGPT тәрізді LLM іске қосудың жолдары бар.

ChatGPT қандай шектеулері бар?

ChatGPT бірнеше шектеулерге ие. Оларға контексті түсіну қиындығы, әсіресе сарказм мен әзіл, күрделі сөйлесу сценарийлерін өңдеу қабілетсіздігі және экспрессивті қабілеттің болмауы жатады. ChatGPT мақала жазуда нюанс пен тереңдікке ие болмайды. Бұған қоса, ол оқыту деректерінің үлкен көлеміне байланысты біржақтылықты күшейте алады. Осы шектеулерге қарамастан, ChatGPT виртуалды оқыту сияқты бірнеше әлеуетті қолданбаларға ие.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Если вы задумывались, как появляются новые цифровые продукты и сервисы и кто за ними стоит, самое время разобраться в том, кто...

3 минуты
3 минуты
The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims, пожалуй, одна из немногих видеоигр, которая не только изменила индустрию, но и стала мощным культурным феноменом,...

8 минут
8 минут
Пока мы живем в 2024 году, Япония живет в 2034: топ-10 технологических прорывов, которые хочется позаимствовать
Партнерский

Пока мы живем в 2024 году, Япония живет в 2034: топ-10 технологических прорывов, которые хочется позаимствовать

Когда речь заходит о высоких технологиях, Япония неизменно оказывается впереди планеты всей. Эта страна уже живет так, будто на...

5 минут
5 минут
«По мелям Каспия — Зов тюленей»: Фильм об исследованиях каспийских тюленей

«По мелям Каспия — Зов тюленей»: Фильм об исследованиях каспийских тюленей

30 октября Институт гидробиологии и экологии анонсировал выход фильма «По мелям Каспия - Зов тюленей», который рассказывает о...

5 минут
5 минут