Телефонға тыңдау құрылғылары орнатылғаны рас па?

1 минута Динара Тілеубек
Телефонға тыңдау құрылғылары орнатылғаны рас па?

Интернетте Facebook, Google сияқты компаниялар қолданушылардың қызығушылығына сай жарнама көрсету үшін «тыңшылық функцияларын» пайдаланады деген деректер көп. Соңғы уақытта адамдардың өзара әңгімелесіп отырып, артынша телефонындағы мобильді қосымшаларға кіргенде әңгіме барысында аты аталған тауарлардың жарнамасына кезігетіні туралы видеолар тарай бастаған. Wandera компаниясының киберқауіпсіздік саласы мамандары бұл тақырыпта арнайы зерттеу жүргізіп, қолданушылардың алаңдауына негіз жоғын анықтады.


Зерттеушілер Samsung Android және Apple iPhone телефондарын 30 минут бойы мысық пен итке арналған тамақ туралы аудиожарнама қосылған және мүлде дауыс естілмейтін тыныш бөлмелерге  қойып, тәжірибе жасап көрген. Зерттеушілер әртүрлі бөлмедегі  телефондардың Facebook, Instagram, Chrome, Snapchat, YouTube және Amazon қосымшаларын әдейі ашық қалдырған. 

Тәжірибе уақыты аяқталғанда зерттеушілер телефондағы барлық платформалар мен веб-парақшалардан ит пен мысыққа арналған тамақ туралы жарнама іздеген. Үш күн бойы қайталанған тәжірибе қорытындысы аудиохабарлама қосылған бөлмедегі телефонда үй жануарларына арналған тамақ туралы бірде-бір жарнама кездеспегенін көрсетті.

Wandera компаниясының жүйелік инженері Джеймс Мак «Біздің тәжірибе кезінде жазылған деректер көлемі виртуалды көмекшінің  (Siri немес Alisa) 30 минутта жазған деректерінен әлдеқайда аз болды. Телефондағы мобильді қосымшалар қолданушылардың әңгімесін жазып, бұлтқа жүктеп отырса, бұл процес кезіндегі деректер көлемі виртуалды көмекшінің көрсеткішімен бірдей болар еді» деп түсіндірді.

Мамандардың пікірінше, алпауыт техника компанияларының қолында біз туралы жеткілікті дерек болғандықтан, оларға қолданушылардың әңгімесін тыңдаудың қажеті жоқ. Сарапшылар геолокация, интернетте қараған деректер тарихы сияқты мәліметтердің өзі  қолданушының қызығушылығын дәл табатын жарнамалар көрсетуге жеткілікті екенін, ал мұндай технологиялар күн сайын жетілдіріліп отыратынын айтады. 

Өткен жылы маусымда АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Солтүстік-Шығыс университетінің зерттеушілері  Android-қа арналған 17 000 мобильді қосымшаны тексеріп, «қолданушылардың өзара сөйлескен әңгімелері телефонға жазылады» деген болжамдарға  дәлел таба алмаған.
 

Статьи STEPPE

Топ емес, жанұя: ALPHA-ның шынайы тарихы

Топ емес, жанұя: ALPHA-ның шынайы тарихы

Альфа — грек әліпбиінің алғашқы әрпі. Альфа болу бүкіл саладан бәрінен мықты болып шығу деген сөз емес, бұл өз өміріңде өзің...

9 минут
9 минут
Біз білетін ұшқыш Хиуаз Доспанова шын мәнінде қандай тұлға болды?

Біз білетін ұшқыш Хиуаз Доспанова шын мәнінде қандай тұлға болды?

Соғыс батыры-Хиуаздың ұлы Ерболат Амиров әңгімесі. Биыл — Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. 9 мамырда әлемнің түкпір-түкпірінде,...

3 минуты
3 минуты
Қазақ тіліндегі жаңашыл подкасттар: тың мазмұн, жаңа форматтар

Қазақ тіліндегі жаңашыл подкасттар: тың мазмұн, жаңа форматтар

Кейінгі жылдары қазақ тіліндегі подкаст индустриясы айтарлықтай жанданып келеді. Көбінесе әлеуметтік желі мен YouTube алаңында...

3 минуты
3 минуты
Алматы халыққа арналған қала ма? 10 жылға болжам

Алматы халыққа арналған қала ма? 10 жылға болжам

Кейінгі онжылдықта Алматы қаласында урбанистикаға деген көзқарас түбегейлі өзгеріп келеді. Бұрын урбанистика десе — жол, көлік,...

7 минут
7 минут