Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді
Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...
Қазіргі таңда көпшілік пандемияға байланысты үйде оқшауланып, жақындарының денсаулығы мен елдегі, әлемдегі жағдайларға алаңдап отырғанда, ментал денсаулық мәселесі өзекті болып тұр.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы психологиялық денсаулықты: рухани және ментал денсаулық деп екіге бөледі. Ментал денсаулық дегеніміз – өзінің әлеуетін іске асыра алу, күнделікті күйзеліске төтеп беріп, қауымдастығына өз үлесін қоса алу.
Айтылған термин — кең, әртүрлі түсіндірілетін ұғым. Әдетте адам өзінің ментал денсаулығын физикалық және психикалық «менін» сана-сезімін тұрақтылығы арқылы ажыратады.
Ментал денсаулық пен ментал ауру — кез келген елдің, мәдениеттің, үлкен мен кішінің өмірінде кездесетін жағдай. Нашар ментал денсаулық әлеуметтік өзгеріс, жұмыстағы күйзеліс, жыныстық дискриминация, әлеуметтік шеттетілу, салауатты өмір салтын ұстанбағандықтан, зорлық-зомбылық және адам құқықтары бұзылуынан туындайды.
Ментал денсаулыққа көмек керегін өзін-өзі бағалаудың төмендеуі мен көңіл-күйдің құлазуы секілді әрекеттерден байқауға болады. Барлық жағымсыз сезімдер мен эмоциялар аурудың симптомы емес екенін де түсінген абзал. Себебі, адам баласы кейде қорқыныш, ашу, қайғы-қасірет сезімін сезінеді. Жағымсыз эмоция тек өмір сүруге кедергі келтіретін жағдайда психологиялық проблеманың симптомы болуы мүмкін.
Тұмау немесе суық тиген кезде дәрі-дәрмек ішіп сырқатымыздан айығамыз. Ал күнделікті қарбаластан шаршап, күйзеліс пен мазасыздықты сезгенде де өзіміздің менталды денсаулығымызға көмек көрсете білуіміз керек. Ауру – жүйке-жүйеден басталады. Шамадан тыс мазасыздық пен стресс кейбір жүрек ауруларының дамуына ықпал етіп, иммундық жүйенің күшін әлсіретуі мүмкін.
Қазақстандағы ерлер мен әйелдер арасындағы аурулар шамамен 90% -ды құрайды. Нейропсихиатриялық бұзылулар әйелдер арасында ең жоғары көрсеткішті көрсетсе, ал ерлер арасында екінші орында.
Халықаралық психиатриялық қоғамдастықта «психикалық ауытқу» ұғымы менталды денсаулықтың жоқтығы ретінде қарастырылады. Алайда, менталды денсаулық – психикалық және мінез-құлықтың бұзылуы ғана емес, сонымен қатар, субъективті әл-ауқат, тәуелсіздік, құзыреттілік, өзін-өзі бағалау, ұрпақ арасындағы тәуелділік, зияткерлік және эмоционалды мүмкіндіктердің өзін-өзі көрсетуі.
Жасөспірім жасы – бұл өзін-өзі бақылау және әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту уақыты. Бұл маңызды кезеңде психикалық және физикалық түрде өзгерістер орнайды. 13-тен 19 жасқа дейінгі кезеңге тоқталсақ, бұл жастағы балалар болашақты ойлап, сол шақты күтумен болады. Үйдегі болып жатқан оқиғаларға қарағанда, өзімен қатарлас достарын танып білгісі келеді. Бұл зерттеу өзінің ішіндегі «Менін» қалыптастыру үшін қызықты және өзіндік «стилін» дамыту үшін қажет.
Бұл кезеңде баланың сыртқы және ішкі қақтығыстары оны мазалайды. Өзін дәлелдеуге, дұрыс шешім қабылдауға, болашаққа оң көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін шақ. Алайда, осы кезеңнің ішінде тек көңілді ғана емес, мазасыздық, кінә, депрессия және басқа жағымсыз эмоциялардың шығуы жасөспірім үшін қалыпты. Бұл проблемаларды жеңіп шығу маңызды. Егер орналған жағдай қайта-қайта орын алып, тәжірибеден сабақ ала алмау, мінез-құлық эмоционалдық саладағы проблеманы көрсетеді.
Жасөспірім шамамен 22-23 жасқа келгенде жетілуі тоқтайды. Осы уақытқа дейін ересектерге жат болған, жалпыға бірдей қабылданған әлеуметтік нормалар мен құндылықтар сәйкес келмейтін жастардың мінез-құлқы өзгереді.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы статистикасы бойынша психикалық, неврологиялық бұзылулардың және психобелсенді заттарды қолданумен байланысты бұзылулардың таралуы Қазақстанда 10-14 жастағы жасөспірімдерде — 15%-ға жуық, ал 15-19 жастағы жасөспірімдерде — 19%, бұл ретте бұзылулардың көпшілігі жалпы психикалық және мінез-құлық бұзылыстарын құрайды. Басқаша айтқанда, елдегі 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің бестен бір бөлігі психикалық аурумен ауырады.
Күнделікті өмірде әр түрлі сезімді сезінеміз, мысалы, ашуланамыз, күлеміз, жылаймыз, қуанымыз. Алайда, толыққанды өмір сүруге кедергі келтіретінін мәселе, психологиялық проблеманың симптомы болуы мүмкін. Яғни, екі аптадан астам уақыт бойы түсініксіз депрессиялық көңіл-күй байқалып, бірнеше түн қатарынан ұйықтай алмаған сәтте психологқа, психотерапевтке немесе психиатр көмегіне жүгінсеңіз болады.
Психикалық ауруларды емдеудің үш әдісі бар: биологиялық әсер ету, әлеуметтік-терапиялық әсер ету және психотерапияның әртүрлі түрлері. Емделу кезінде нәтижеге жету үшін айтылған үш әдісті аралас қолдану маңызды.
Әрине, өмірде әртүрлі жағдайлар болады, бірақ «өзіңді қолға алу» және әрекет етуді бастау ешқашан кеш емес. Стресстің алдын-алу үшін бірнеше жаттығуларды ұсынамыз:
Релаксация. Жүйке жүйесінің қызметін белсендіре отырып, релаксация көңіл-күй мен психикалық қозу дәрежесін реттейді. Психикалық және физикалық күйзелістен ішінара немесе толықтай арылуға көмектесетін әдіс.
Концентрация. Шоғырлана алмау стресспен тығыз байланысты. Жеткілікті көңіл бөлу арқылы өз ойларыңды басқарып, жүйелеу және оның негізінде іс-әрекеттің тиімді және ұтымды жоспар құруға болады. Концентрациялық жаттығуларды кез-келген жерде, күндізгі уақытта жасауға болады.
Тыныс алудыдың ауторегуляциясы. Күнделікті өмірде қалыпты тыныс алу ұғымына аса назар аудармаймыз. Бірақ қандай да бір себептермен нормадан ауытқулар пайда болған кезде кенеттен тыныс алу қиындай бастайды. Әсіресе, күйзеліске шалқыққанда немесе физикалық жаттығулармен айналысқанда. Алайда, адам өзінің тыныс алуын саналы түрде басқаруға мүмкіндігі бар. Демек, ауторегуляция күйзеліспен күресудің тиімді әдісінің бірі бола алады. Тыныс алу жаттығуларын кез-келген қалыпта жасауға болады. Тек бір шарт: омыртқа тік немесе көлденең күйде болуы керек.
Минималды ақыға психологиялық көмек көрсететін әлеуметтік жоба. Адамдарға өз құндылықтарын түсінуге, өмірде кездесетін қиын жағдайларды шешуге көмектеседі. Консультация құны 1000 теңгеден басталады.
Ата-анамен, туыстармен, қоғаммен қарым-қатынас, өз-өзіңді бағалау, мансап, осану, ана атану және қиын психологиялық жағдайлар туындаған сәтте хабарласа аласыз.
Кез-келген жасөспірімге психологиялық көмектесу үшін жасалған жоба. Қазақстан аумағында тұратын 10 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен тәрбие бойынша ата-аналары хабарласа алады. Мамандардың кеңесін тегін алуға болады.
Бақимова Сая – психоаналитик бағытындағы психолог. Өзінің инстаграм парақшасында психологияға байланысты посттар жазады және өз білімімен бөлісіп отырады.
Балалар перинаталдық психология, отбасылық жүйелер психотерапиясы, денеге бағытталған психотерапия, жарақат терапиясы, сексология және іскери психологияның маманы. Ерекшелігі ислам білімін психологиямен интерграциялап, инстаграм желісінде психологияға байланысты посттармен бөліседі.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)