Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

3 минуты Айдана Курмангалиева
Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде қарастырылады, бірақ тереңірек қарасақ, көреалмаушылылық өзін-өзі тану мен жеке өсу үшін маңызды құралы бола алады. Психология тұрғысынан ол біздің сенімсіздіктерімізді, қорқыныштарымызды және қанағаттанбаушылығымызды көрсететін айна іспеттес. Мысалы, біз қызғанған кезде өзімізді әлсіз немесе лайықсыз сезінуіміз мүмкін. Ол материалдық жағдайға, сәттілікке, сұлулыққа, қарым-қатынасқа немесе өзге де аспектілерге қатысты туындауы мүмкін.

Оның не екенін, қалай қалыптасатынын және өзімізді жақсы түсінуге қалай көмектесетінін Sezim платформасының психологі түсіндіреді.


Көреалмаушылылық түрлері

Психологияда қызғаныштың екі негізгі түрі бар: деструктивті және конструктивті.

  • Деструктивті: Адам агрессияға беріліп, қызғаныш объектісіне зиян келтіруге тырысады.
  • Конструктивті: Бұл сезім, керісінше, адамды дамуға және өз өмірін жақсартуға ынталандырады.

Көреалмаушылылық себептері

  1. Өзін-өзі бағалаудың төмендігі: Өзін-өзі бағалауы төмен адамдар өздерін лайықсыз деп санайды, басқалардың жетістіктерін өзіне қауіп ретінде қабылдайды.
  2. Әлеуметтік салыстыру: Әлеуметтік желілер арқылы басқалардың идеалдандырылған өмірін көру өзін төмен сезінуге себеп болуы мүмкін.
  3. Әділетсіздік сезімі: Адам өзінің күш-жігерінің әділетті бағаланбай жатқанын көргенде, әділетсіздік сезімін, эмоционалды шиеленіс пен қызғаныш кешеді.
  4. Қанағаттанбаған қажеттіліктер: Өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруда қиындық көретін адамдар басқа біреулердің жетістігіне қызғанышпен қарайды. Мысалы, өзін жақсы көретінін немесе бағалайтынын сезінбейтін адам, оның ойынша, махаббатпен молшылыққа ие болғандарға қызғанышпен қарауы мүмкін.
  5. Әлеуметтік-мәдени нормалар: Табыс пен материалдық байлық жеке құндылықтың басты көрсеткіші болып саналатын қоғамда адамдар белгілі бір стандарттарға сай өмір сүруге қысым жасайды, ал егер олар бұл стандарттарға қол жеткізе алмаса, қызғаныш табиғи реакцияға айналады.

Қызғаныш пайдасы неде

Қызғаныш бізге өзімізді тереңірек түсінуге көмектеседі. Ол біздің елемеген немесе басып тастаған шынайы тілектеріміз бен мақсаттарымызды айқындайды. Көреалмаушылылықтан аулақ болудың немесе оны басудың орнына, оны өзіңіздің қажеттіліктеріңіз бен ұмтылыстарыңызды терең талдау үшін бастапқы нүкте ретінде пайдаланған жөн.

  • Өз қажеттіліктеріңізді білу

Мысалы, біреудің мансабына көре алмау сіздің кәсіби жетістікке жетуге ұмтылып жүргеніңізді білдіруі мүмкін. 

  • Өз құндылықтарыңыз туралы түсінікті тереңдету

Қызғаныш біз үшін ненің маңызды екенін анықтауға көмектеседі. Мысалы, егер біз біреудің іскерлік табысына қызғанышпен қарайтын болсақ, мүмкін қаржылық тәуелсіздік біздің құндылықтар жүйемізде жоғары тұрғанын түсінуге көмектеседі.

  • Өзін-өзі бағалаумен жұмыс

Қызғаныш сезімін білу өзін-өзі бағалауды жақсартуға бағытталған алғашқы қадам болуы мүмкін. Ол өзімізді қай жерде төмен сезінетінімізді көруге көмектеседі.Мысалы, егер біз біреудің сыртқы түріне қызғанышпен қарайтын болсақ, бұл өзімізді қабылдауға және өзін-өзі бағалауды жақсарту үшін көбірек жұмыс істеу керегін білдіруі мүмкін.

  • Эмпатияның дамуы

Көреалмаушылылық әлсіздіктерімізді және соның салдарынан басқа адамдардың әлсіз жақтарын қабылдауға үйретеді. Бұл өзіңізге де, басқаларға да үлкен эмпатия мен жанашырлыққа әкелуі мүмкін. Өзімізді көреалмаушылылық үшін соттаудың орнына, өзімізді түсінуіміз бен қабылдауымызды тереңдету үшін пайдалана аламыз.

  • Қызғанышты мотивацияға айналдыру

Қызғаныш жеке және кәсіби мақсаттарға жету үшін күшті ынталандырушы болуы мүмкін. Көреалмаушылылыққа не себеп болатынын түсінгеннен кейін, біз оны өз мақсаттарымызға жету үшін қуат көзі ретінде пайдалана аламыз.

Үнемі рефлексия жасау

Көреалмаушылылықты өзін-өзі тану құралы ретінде пайдалану үшін үнемі рефлексиямен айналысу маңызды. Бұл процеске көмектесетін бірнеше үлгі сұрақтар:

  1. Мен нақты нені қызғанамын? Неліктен бұл мен үшін маңызды? Менің өмірімде не жетіспейді? 
  2. Қызғаныш менің бойымда қандай эмоцияларды тудырады? Ол қандай ойларды тудырады?
  3. Мен қызғанатын нәрсеме жақындау үшін қандай нақты әрекеттер жасай аламын?
  4. Менің өз өмірімде ұқсас нәрсеге қол жеткізген жағдайдың мысалы бар ма? Ол кезде маған не көмектесті?
  5. Қандай сенімдер немесе нұсқамалар менің осы қызғанатын нәрсеге қол жеткізуіме кедергі жасайды?

Өзіндік рефлексия мен талдау арқылы қызғанышты жеңіп, біз өзімізді тереңірек түсініп қана қоймай, күш-жігерімізді жеке және кәсіби мақсаттарға бағыттай аламыз. Нәтижесінде, егер қызғанышты әрекет етуге шақыратын белгі ретінде қабылдауды үйренсек, ол жеке өсу мен дамудың мықты ынталандырушысына айналуы мүмкін. Бұл процесті тәжірибелі психологтың көмегімен жүзеге асыруға болады.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Фрилансер зейнетке қалай ақша жинай алады?

Фрилансер зейнетке қалай ақша жинай алады?

Бүгінде фриланс — еркіндік пен икемділікке негізделген жұмыс формасы. Алайда тұрақты табыс көзі мен әлеуметтік кепілдіктердің...

12 минут
12 минут
Топ емес, жанұя: ALPHA-ның шынайы тарихы

Топ емес, жанұя: ALPHA-ның шынайы тарихы

Альфа — грек әліпбиінің алғашқы әрпі. Альфа болу бүкіл саладан бәрінен мықты болып шығу деген сөз емес, бұл өз өміріңде өзің...

9 минут
9 минут
Біз білетін ұшқыш Хиуаз Доспанова шын мәнінде қандай тұлға болды?

Біз білетін ұшқыш Хиуаз Доспанова шын мәнінде қандай тұлға болды?

Соғыс батыры-Хиуаздың ұлы Ерболат Амиров әңгімесі. Биыл — Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. 9 мамырда әлемнің түкпір-түкпірінде,...

3 минуты
3 минуты
Қазақ тіліндегі жаңашыл подкасттар: тың мазмұн, жаңа форматтар

Қазақ тіліндегі жаңашыл подкасттар: тың мазмұн, жаңа форматтар

Кейінгі жылдары қазақ тіліндегі подкаст индустриясы айтарлықтай жанданып келеді. Көбінесе әлеуметтік желі мен YouTube алаңында...

3 минуты
3 минуты