COVID-19 қоршаған ортаға қалай әсер етті?

2 минуты Бауыржан Биахметов
COVID-19 қоршаған ортаға қалай әсер етті?
Партнерский

Биахметов Бауыржан — бірнеше халықаралық және Қазақстанға қатысты жобаларға қатысқан жасыл энергетика және климаттың өзгеруіне қатысты сарапшы.

Қазіргі уақытта Steppe және Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының қолдауымен жер шарымыздың жылынуы, оның адамзатқа әсері және өзгерістеріне бейімделуге қатысты мақалалар топтамасын әзірлеуде.


COVID-19 пандемиясы салдарынан әлем экономикасында осы уақытқа дейін болмаған ең ірі жаһандық экономикалық дағдарыс туды. Пандемиямен күрес шаралары жаһандық экономиканың өсу процесін баяулатып жіберді. Көптеген аймақта тіпті экономикалық рецессия байқалып жатыр. Дүниежүзінде жұмыссыздық ауқымы артып, көптеген отбасылар мен балалар үшін кедейлік пен азық-түлік қауіпсіздігі негізгі мәселеге айналды. ЮНИСЕФ мәліметі бойынша көпөлшемді кедейлік жағдайында, яғни тұрақты білім алуға, денсаулық сақтау қызметтеріне, тамақтануға, санитария мен таза суға қолы жетпей өмір сүріп жатқан балалар саны дүниежүзінде 2020 жылы шамамен 1,2 миллиардқа жеткен. Сондай-ақ осы ұйымның мәліметінше, 2021 жылы қосымша 100 миллиондай бала көпөлшемді кедейлікке ұшыраған. Жалпы айтқанда, адамзаттың да, экономиканың да дамуы айтарлықтай бәсеңдеп, бұрыннан келе жатқан жаһандық проблемалар түбегейлі күрделене түсті.

Пандемия адамзат пен экономикаға кері әсер еткеніне қарамастан, оның қоршаған ортаға тигізіп жатқан оң ықпалы да байқалып отыр. Жер шарында көптеген заттардың өндірісі мен тұтынылуы тізбекті экономика моделіне, яғни өндіру–жасау–пайдалану–жою принципіне сүйенетіні белгілі. Мысалы, пластик қаптаманың өміршеңдік кезеңін тізбекті экономика аясында қарастырайық: мұнай жер астынан өндіріліп, кейін одан пластик пеллеттер, ол пеллеттерден тамақ немесе түрлі заттарды қаптауға арналған пластик қаптамалар жасалады. Соңында пластик қаптамалар қолданылып болғаннан кейін қоқысқа тасталады. Ал пандемия кезінде жер шарындағы жалпы адамзаттың тұтыну қабілеті төмендегені салдарынан қоршаған ортаға шығарылатын қалдық мөлшері күрт азайған. Тек Еуропа одағының өзінде 2020 жылғы сәуір-қазан айларында белгіленген межеден шамамен 227 000 тоннаға аз пластик қаптама өндірілген. Яғни осы уақыт аралығында барлығы CO2  шығарылуы 770 000 тоннаға, ал пластик қоқыс шығарылуы  227 000 тоннаға азайды деген сөз.

Дүниежүзінде пандемия кезінде қашықтан білім алу мен жұмыс істеу кеңінен қолданыла бастады және бұл үдеріс көп адамның психикалық саулығына кері әсерін тигізді, соның ішінде оқшаулану және жалғызсырау сезімін тудырды. Ал қоршаған ортаға келсек, қашықтан білім алу мен жұмыс істеу, табиғатқа керісінше пайдалы болды. АҚШ-та 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы көлік қозғалысы салдарынан болатын климат өзгерісіне негізгі себепкер – парник газдардың бірі – көмірқышқыл газы шығарылуы 15% азайған. Адамдар жұмыс немесе оқу орнына көлікпен барып-келуді азайтқанының нәтижесінде жұмсалатын жанар-жағармай және одан шығатын парник газдар мөлшері азайды. Ауа сапасын жақсартатын технологиялар шығаратын швейцариялық IQAir компаниясының ақпарында 2020 жылы дүниежүзіндегі қалалардың 65%-ында ауа сапасы 2019 жылғыға қарағанда айтарлықтай жақсарғаны айтылған, ал елдердің 84%-ында жалпы экология жақсаруы байқалған.

COVID-19 пандемиясы мен қоршаған ортаның ластануы арасындағы байланыс экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа тың жолдарын көрсетті. Яғни қоршаған ортаны жақсартуға және климаттың өзгеруі секілді мәселелердің шешілуіне шұғыл, ұжымдық әрекет ету арқылы қол жеткізуге болатынын көрсетіп отыр. Сондай-ақ, қарапайым іс-әрекеттер арқылы, яғни адамзаттың үнемдеу, саналы тұтыну және керексіз заттардан бас тартуы арқылы қоршаған ортаны ластайтын қалдықтарды айтарлықтай азайтуға болады. Жалпы алғанда, үнемдеу, саналы тұтыну және керексіз заттардан бас тарту жаңа жасыл технологияларды қолдануға кететін қаражатқа қарағанда анағұрлым азырақ шығынды қажет етеді.

Бұл материалдар сериясы Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының бастамасы мен қолдауымен жарық көріп отыр.

Статьи STEPPE

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді

Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...

3 минуты
3 минуты
Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Депрессияны көңілсіздіктен қалай ажыратуға болады

Қазіргі қоғамда «депрессия», «хандра» және «апатия» терминдері жиі бір-бірінің орнына қолданылады, бірақ олардың әрқайсысы...

4 минуты
4 минуты
«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Сиқырлы ойлау» дегеніміз не және онда сиқыр бар ма

«Бұл жағдай бір кезде біреуді ренжіткенімнен болды». «Егер ертерек келгенімде, бәленің алдын алуға болар еді». Барлығымыз да...

5 минут
5 минут
Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Психологиялық кеңес: мазасыздықты қалай кемітуге болады

Қазіргі әлемде, өмірінің әлдеқандай кезеңінде, әр адам кем дегенде бір рет мазасыздықтың жоғарылауын сезінген болу керек...

4 минуты
4 минуты