«По мелям Каспия — Зов тюленей»: Фильм об исследованиях каспийских тюленей
30 октября Институт гидробиологии и экологии анонсировал выход фильма «По мелям Каспия - Зов тюленей», который рассказывает о...
Тұлғаны қалыптастыру – туылғаннан басталатын және өмір бойы жалғасатын күрделі және көп қырлы процесс. Ата-аналар бұл процессте эмоционалдық қолдауды қамтамасыз етіп, мінез-құлық модельдерін орнатып, біздің құндылықтарымыз бен сенімдерімізді қалыптастырып, негізгі рөл атқарады.
Ата-анамызбен қарым-қатынас біздің ішкі әлеміміздің қалыптасуына қалай әсер етеді және оның ересек өмірде қандай салдары болуы мүмкін – бұны Sezim платформасының психологімен бірге жаңа материалда талдаймыз.
Ата-ана баланың қоршаған әлемді қабылдауы мен өзара әрекеттесуіне әсер ететін бірінші және ең маңызды үлгі ретінде қызмет етеді. Бала өз ата-анасының мінез-құлқын және эмоциялық реакциясын игере отырып, бақылау және еліктеу арқылы үйренеді. Сондықтан кез келген ата-анаға берілетін ең жақсы кеңес — өзгерістерді өзіңізден бастаңыз. Бала бәрін «губка» секілді сіңіреді, бұл сіздің онымен қарым-қатынасыңызға ғана емес, сондай-ақ өзіңізбен, басқа адамдармен және өз өміріңізбен қарым-қатынасыңызға да қатысты.
Сонымен қатар, баланың тәрбиесіне басқа жақын туыстары, көбінесе — әжелері мен аталары да ықпал ететінін есте сақтау маңызды. Ересек балалар отбасыдағы билік динамикасын жақсы сезеді және кейде отбасылық жүйенің басқа қатысушыларының мінез-құлқын рөлдік үлгі ретінде алады.
Әлеммен өзара әрекеттестік: бақылау және еліктеу
Балалар жастайынан ата-аналарын бақылап, оларға еліктейді. Бұл модельдеу деп аталатын процесс бала дамуының негізі. Ата-ана бала назарының орталығы бола отырып, әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін, эмоцияларға әсер етуін және басқалармен қарым-қатынасты қалай орнату керегінің ақпарат көзі болады. Ата-аналардың қарым-қатынас стилі, сенім деңгейі және ынтымақтастыққа дайындығы бала үшін өзінің әлеуметтік қарым-қатынастырының құруында бағдар болады. Ата-анасының басқа адамдарға мейірімділік пен құрмет көрсеткенін көрген бала олардан үлгі алады. Бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, жанжалдарды шешуге және жалпы салауатты қарым-қатынастарды құруға көмектеседі.
Егер ата-аналар балаға агрессивті, әділетсіз немесе манипуляциялық мінез-құлықтарды танытса, бала мұндай мінез-құлықты қолайлы деп қабылдай бастауы мүмкін.
Эмоциялық реакциялар
Ата-аналар эмоцияналды интеллектті қалыптастырудағы алғашқы ұстаздар. Балалар әке-шешесін бақылай отырып, өз эмоцияларын тануға және оларды басқаруға үйренеді. Олардың күйзеліспен күресу, қуаныш немесе ашулануды білдіру тәсілдері баланың эмоциялық дамуына әсер етеді. Сезімдерді ашық талқылау немесе релаксация техникасын пайдалану сияқты эмоцияларды басқарудың салауатты тәсілдерін көрсеткенде, балалар да сондай дағдыларды қабылдайды. Керісінше, егер ата-ана өздерінің эмоцияларын басып тастаса немесе күйзеліске деструктивті түрде жауап берсе, бала да тиімсіз әдістерге үйренеді.
Осы кезде «эмоция сұрыптау» ұғымын атап өткен жөн. Бұл ата-ананың балаға өз эмоцияларын тануға, түсінуге және реттеуге көмектесетін процесс. Ол баланың эмоциялық дамуында және оның өмірлік қиындықтарымен күресу қабілетін қалыптастыруында негізгі рөл атқарады. Ерте жаста бала өз эмоцияларын басқару дағдыларына әлі дайын емес және оларды өз бетінше атай алмайды. Ата-ана осы жолдағы пайда болатын бала уайымдарын тануға көмектесуі тиіс.
Өкінішке орай, көбінесе ата-аналардың бұл мәселеде эмоционалдық интеллекті немесе білімі жетіспейді.
Балаға оның сезімін тануға, түсінуге және сөзбен жеткізуге көмектесудің орнына, баланы «жылауды тоқтат», «ұлдар жыламайды», «қара, бәрі саған қарап тұр, мені ұятқа қалдырма», «осы мінезін үшін сосын көрсетемін» сияқты тіркестермен басып, қорқытады. Нәтижесінде, бала өз эмоцияларын басып үйренеді және жеке қажеттіліктерін білдіруден қорқады, ал бұл ересек жаста психологиялық қиындықтарға әкеледі.
Эмоция сұрыптау бірнеше аспектілерді қамтиды:
Баланың сезімдерін, тіпті олар елеусіз немесе негізсіз болып көрінсе де, мойындау және құрметтеу маңызды.
Сезімдерді валидациялау бала сезімдерінің шынайылығы мен маңыздылығын растайтынын білдіреді, бұл оның түсінілгенін және қабылданғанын сезінуіне көмектеседі. Эмоцияларын тиімді басқаруды үйренген баланың күйзеліске, алаңдаушылыққа және депрессияға ұшырау ықтималдығы аз. Өз эмоцияларын түсіну және реттеу қабілеті басқалармен жақсы қарым-қатынас құруға көмектеседі. Сонда ғана бала өз сезімдерін айқын білдіруге, қақтығыстарды шешуге және басқалармен жағымды қарым-қатынас орната алады.
Құндылықтар мен сенімдерді қалыптастыру
Күнделікті өзара әрекеттесу және ата-анасын бақылау арқылы бала болашақта өздерінің мінез-құлқы мен шешімдерін басшылыққа алатын негізгі құндылықтар мен сенімдерді меңгереді. Ол морәлдік қағидаттарды, еңбекке, ақшаға, басқа адамдарға және өзіне деген көзқарасты қамтуы мүмкін.
Өзін-өзі бағалауға әсері
Баланың өзін-өзі бағалауы көбінесе ата-анасының оны қалай бағалайтынына тәуелді. Өз кезегінде, ата-ананың өзін-өзі оң бағалауы және олардың өз қабілеттеріне деген сенімі балаға әсер етеді. Ата-ана баласын қолдап, жігерлендірсе, бұл оның өзінің қабілеттеріне деген сенімділігін және мақсаттарына жетуіне деген ұмтылысын дамытады. Керісінше, сын мен салыстыру өзін-өзі бағалауды төмендетіп, сенімсіздікке әкелуі мүмкін.
Біздің эмоционалдық және психологиялық дамуымызға ата-аналар мен отбасылық орта айтарлықтай әсер етеді, бірақ біздің барлық проблемаларымыз тек ата-анамен балалық қарым-қатынастан туындайды деп ойлау дұрыс емес.
Ата-анамен қарым-қатынас біздің өмірімізді толығымен анықтамайтынын түсіну қажет.
Адамдар өмір бойы өзгеруге және дамуға қабілетті. Балалық шақтағы тәжірибемізді тану және қайта қарау олардың жағымсыз салдарын жеңуге және қоршаған ортамызбен қарым-қатынас жасаудың жаңа, әрі сау жолдарын дамытуға көмектеседі.
Кей жағдайларда кәсіби көмекке жүгінген жөн. Терапия осы мәселелерді зерттеуге және олардың қазіргі уақытқа әсерін тану үшін жаңа стратегияларды табуға қауіпсіз кеңістік бере алады. Егер сіз психологиялық қолдау іздеп жүрсеңіз, Sezim платформасын қолдансаңыз болады.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)