#ZoomerSpeaks: қазіргі заман жастарының сөздік қорына үңілейік

2 минуты Жулдыз Актаулова
#ZoomerSpeaks: қазіргі заман жастарының сөздік қорына үңілейік

Зумерлер — цифрлық дәуірде дүниеге келген жас ұрпақ. Олардың жеке ойларын жеткізу тәсілдері де өзгеше — сөздік қорларында кейде өздеріне ғана мәлім ерекше сөздер кездеседі. Қазіргі ұрпақтың сөйлеген сөздері аббревиатура, мемдер және басқа тілден енген сөздер — сленгтерге — толы. Осылайша олар әркімге түсінікті бола бермейтін өзінше бір бөлек тілді қолданатынға ұқсайды. Қазіргі уақытта зумерлер арасында кең таралған сөздер қандай және олардың не мағына білдіретінін осы шолуда айта кетеміз.


Crush

Ағылшын тілінен аударғанда, crush «сындыру» деген мағынаны білдіреді. Зумерлер ессіз ғашық болған, қарапайым тілмен айтқанда, «жақсы көретіп қалған» адамын осылай атайды. Сондай-ақ, оларға шынымен ұнайтын атақты адамдар мен кейіпкерлерге де байланысты «краш» деп айтады.

Cringe

Бұл сөз ағылшын тілінде, «бүрсу, түксию» деген мағынаны береді. Біреу үшін қатты ыңғайсыздық пен ұят сезінген кезде сәтті қолданатын сөздердің бірі. Былайша айтқанда, «испандық ұят» сөзінің синонимі болып табылады. Көбінесе, «не деген кринж» деп, адамдардың оғаш мінез-құлқы немесе жүріс-тұрысына байланысты айтылады.

POV

Point of view сөзінің аббревиатурасы, POV «көзқарас» деп аударылады. Автор немесе мем кейіпкері, болып жатқан жағдайды немесе қандай да бір басқа оқиғаны қалай көріп тұрғандығын білдірген кезде айтылатын, қысқартылған сөз. Мысалы, POV: сен зумерлердің айтып жатқан жарты сөзін түсінбей отырсың.

ROFL

Ағылшынша ROFL «күлкіден еденде домалау» дегенді білдіреді. Мұны, мысалы, адам ойланбастан, байыпсыз, шындап емес, тек жай күлкі үшін ғана айта салғанын түсіндіру үшін қолданады. Мысалы, «рофлмен айтып тұрсың ба?» деген кезде, «ойнап айтқаның ба?» деп түсінуге болады.

Scam

Ағылшынша scamming «алаяқтық, айлакерлік» деген мағына береді. Бастапқыда бұл сөз желіде интернет-алаяқтықтың белгілі бір түрлеріне қатысты қолданылған. Мысалы, криптовалюталармен немесе инвестициялармен алаяқтық жасаған кездері, осы сөз кеңінен тарап кеткен. Дегенмен, қазіргі кезде зумерлер бұл сөзді жай ғана «алдау» мағынасында ирониялық түрде айтады.

Vibe

Vibe сөзі, көптеген сленгтық сөздер сияқты ағылшын тілінен енген «атмосфера» деген мағынада қолданыс тапқан. Ол белгілі бір эмоционалды фонды немесе қандай да бір көңіл-күйді білдіретін сөз. Мысалы, «сенімділік әсерін тудыратын адам» немесе «сенімділік вайбтарын беретін адам» деп айтқан кезде, сөйлемнің мағынасы өзгермейді.

Forcing

Ағылшын тілінен to force «күштеу» дегенді білдіреді. Белгілі бір ақпаратты, жаңалықтарды, оқиғаларды немесе мемдерді мүмкіндігінше кең аудиторияға жеткізуге тырысқан кездегі көрініс осы forcing сөзімен түсіндіріледі.

Toxic

Бұл улы, зиянды адамды сипаттаған кезде айтылатын сөз. Бұл сленг ағылшынның toxic сөзінен шыққан — «улы орта», «улы қарым-қатынастар», «улы әзіл» деген сөз тіркестерінен кездестіруге болады. Бұлардың барлығын зумерлер toxic деген бір сөзбен-ақ сипаттай алады. Сөзімен, іс-әрекетімен, тіпті мимикасымен өзгенің өмірін улауға тырысатын адамдарды сипаттайды.

Shaming

Ағылшын тілінен shame «ұят» деп аударылады. Көпшілік алдында айыптау, біреуді кінәлау кезінде айтылатын сөздердің бірі. Әдетте, біреуді әділетсіз, айыптауға тұрарлық емес зат үшін ұялтқан кездерге қатысты зумерлердің өз ойын білдіргенде shaming сөзін қосатынын естуге болады.

Bullying

Ағылшын тілінен bullying «қорқыту, қорлау» деп аударылады. Адамдардың бір-біріне агрессивті қараған, зорлық көрсеткен жағдайлар туралы айтқан кезде, осы сөзді жиі кездестіруге болады.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

5 новогодних подарков, которые понравятся детям (и не только им)
Партнерский

5 новогодних подарков, которые понравятся детям (и не только им)

Помните, как в детстве мы с нетерпением ждали наступления Нового года, а потом спешили к елке, чтобы распаковать подарки? Мы...

3 минуты
3 минуты
Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Если вы задумывались, как появляются новые цифровые продукты и сервисы и кто за ними стоит, самое время разобраться в том, кто...

3 минуты
3 минуты
The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims, пожалуй, одна из немногих видеоигр, которая не только изменила индустрию, но и стала мощным культурным феноменом,...

8 минут
8 минут
Пока мы живем в 2024 году, Япония живет в 2034: топ-10 технологических прорывов, которые хочется позаимствовать
Партнерский

Пока мы живем в 2024 году, Япония живет в 2034: топ-10 технологических прорывов, которые хочется позаимствовать

Когда речь заходит о высоких технологиях, Япония неизменно оказывается впереди планеты всей. Эта страна уже живет так, будто на...

5 минут
5 минут