Мен орманға сенемін: биоалуантүрлілік неге маңызды болып саналады?

3 минуты Анель Рашитова
Мен орманға сенемін: биоалуантүрлілік неге маңызды болып саналады?
Партнерский

Тыңдау:

Яндекс.Музыка | Apple Podcasts| Google Podcasts |YouTube


Биоалуантүрлілік дегеніміз не?

Биоалуантүрлілік дегеніміз жер бетінде және су ресурстары бар экологиялық жүйелерді тірі ағзалардың және олардың өзгерткіш түрлерінің барлығын білдіреді. Бұл жер бетінде табылған гендер, түрлер, экожүйелер мен экологиялық құбылыстардың жиынтығы.

Биология бағытындағы басты конвенция 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында қабылданған. Бұдан бөлек, 1999 жылы CITES конвенциясы қабылданған. Ал 2005 жылы Қазақстан Қоңыс аударатын жабайы жануарларды сақтау конвенциясына мүше болып енді. Ал 2007 жылдан бастап еліміз сулы-сазды аумақтар  конвенциясына қосылды.

Халықаралық конвенциялар ұлттық заңдардан жоғары тұрады. Себебі, олардың нормалары тікелей іске асырылады. Қазақстанның қазіргі ең басты міндеттерінің бірі ол — биоалуантүрлілікті сақтау туралы стратегияны қабылдау. Дәл қазіргі таңда бұл ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Сулы-сазды аумақтар туралы конвенция бойынша біздің елде 10-20 шақты объектілердің халықаралық маңызы бар. Олардың қатарына Іле мен Жайық трансшекаралық өзендері кіреді. Көршілес елдермен келісімшарт жасаған кезде Іле мен Жайық өзендерінің бойы қонып келетін құстардың және көптеген балықтардың мекені екеніне аса мән берілді. Көрші елдер Іле мен Жайық бойына келетін су мөлшерінің жеткілікті болу керек екенін түсінеді. Сол себепті су мөлшерінің деңгейі биылғы жылдан төмен болмауы керек.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының жобалары

Талғат Кертешев халықаралық жобаларда 20 жылдан артық жұмыс істеп келе жатыр. Соның 17 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы шеңберінде халықаралық жобаларды іске асыру болды.

Бұл жобалар әртүрлі бағытта жүзеге асырылды. Ең алдымен, БҰҰДБ Батыс Тянь-Шаньның экологиялық жүйелерін, олардың биоалуантүрлілігін сақтау жөніндегі трансшекаралық жобаны іске асырды. Олар көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдерімен бірлесіп, сол жердегі Батыс Тянь-Шаньның табиғатын қорғауға көңіл бөлді, сонымен бірге трансшекаралық келісімге қол қойған болатын. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Батыс Тянь-Шань деген трансшекаралық биосфералық резерватты құру мәселесі іске асырылуда.

Қазақстан жайлы сөз қозғасақ, ендемикалық түрлер жағынан ең жоғары орын алатын Қаратау таулы қыраты 2014 жылы қорық болып құрылған.

Сонымен қатар, Жайық өзенінің бойында, Қорғалжын көлдер жүйесі мен Алакөл көлдер жүйесінде жұмыстар жүргізіліп, АқЖайық табиғи резерваты құрылды.

Талғат мырза Қарқаралы, Бурабай ұлттық парктерінің, Алакөл, Қаратау қорықтарының, сонымен қатар Іле және Жайық резерваттарының негіздемелерін жасап, олардың ашылуына жағдайды қамтамасыз еттіҚазір сол жерде мыңға жуық жұмыс орындары ашылды. 

Соның бір мысалы ретінде  табиғи аумақтар экологиялық туризмнің дамуына жол ашқаның атап айтуға болады. Жергілікті тұрғындар келетін туристерге қызмет ету арқылы өздерін жұмыспен қамтамасыз ете алды.

Биоалуантүрлілікті қорғау мәселесі

Қаратау қорығында 2014 жылы 39 бас Қаратау арқары Қызыл Кітапқа кірген. Қазір бұл жерде 300 бастан астам Қаратау арқары бар. Осы қорықтың биоалуантүрлігін қорғау аса маңызды.

Іле-Балқаш резерватында тоғай маралдары мекендейді. Қазір 20 бастан астам тоғай маралын сақтау мәселесі пысықталуда.

Ақбөкендерді қорғау мәселесі де талқылануда. Ақбөкендер ежелден келе жатқан көне жануарлар. Олар жиі қөшіп жүретіндіктен, ең алдыме БҰҰДБ Ырғыз резерваты жасалды, олардың қоныстанатын жерлері осындай аумақтар арқылы қорғалу керек екеніне мән берілді. Ақбөкендердің көшу қонысына инфрақұрылым және жолдар кедергі жасамау керек. Шешім ретінде жолдың астынан тоннель қазып, болмаса экологиялық көпір жасау керек болып табылады.

Болашақ ұрпақтарға жануарларды сақтау және қорғау маңызын түсіндіру керек.

Климат мәселесі

Биоалуантүрлілік мәселесінің пайда болуы жердің тозаңдануына, яғни деградацияға тікелей септігін тигізеді. Қызылордадағы көптеген ауылдарды құм басып жатыр. Бұл мәселенің алдын алу үшін БҰҰДБ арнайы жоба ұйымдастырған. Ол — механикалық және биологиялық әдісті пайдаланып, жоба шеңберінде сол жерді қоршап, квадрат түрінде қамыстан клеткала жасау. Бұл өте маңызды мәселелердің бірі, себебі ауыл тұрғындары үшін құмның басуы үлкен проблема болып табылады.

Биоалуантүрлілік мәселесі өзекті тақырып болғандықтан, ол туралы Қазақстандағы әрбір азамат білу керек және бұндай жағдайларды болдырмау үшін баршамыз өз үлесімізді қоса білуіміз керек. Мысалы, жергілікті халық браконьерлік істерге қарсы күресуге тиіс. Талғат мырза бұндай жайларды болдырмау керектігін және адамдарды ынталандыра білу керектігін атап өтті. Табиғатты қорғау отбасынан басталатынын жадымызда сақтап жүрейік.

 

Статьи STEPPE

5 новогодних подарков, которые понравятся детям (и не только им)
Партнерский

5 новогодних подарков, которые понравятся детям (и не только им)

Помните, как в детстве мы с нетерпением ждали наступления Нового года, а потом спешили к елке, чтобы распаковать подарки? Мы...

3 минуты
3 минуты
Подборка ко Дню независимости: что смотреть, читать и слушать

Подборка ко Дню независимости: что смотреть, читать и слушать

В преддверии Дня независимости собрали подборку, которая поможет погрузиться в культуру и историю страны через книги, фильмы и...

2 минуты
2 минуты
Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Если вы задумывались, как появляются новые цифровые продукты и сервисы и кто за ними стоит, самое время разобраться в том, кто...

3 минуты
3 минуты
The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims, пожалуй, одна из немногих видеоигр, которая не только изменила индустрию, но и стала мощным культурным феноменом,...

8 минут
8 минут