ЭКҰ процедурасы қалай жұмыс істейді? Сарапшылардың бедеулік жайлы кеңестері

5 минут Жулдыз Актаулова
ЭКҰ процедурасы қалай жұмыс істейді? Сарапшылардың бедеулік жайлы кеңестері

Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшиннің айтуынша, бүгінде Қазақстандағы бедеуліктің көрсеткіші 15%-ды құрайды. Көбінесе бедеулік мәселесінде ерлі-зайыптылар экстракорпоралды ұрықтандыру — көмекші репродуктивті технология (ЭКҰ) әдісін пайдаланады.

Біз осыған дейін ЭКО-ға байланысты ең көп таралған аңыздар туралы жазған болатынбыз. Жаңа материалда биолог мамандар — Ғизат пен Бану Рахматуламен ЭКҰ процедурасы және оның донорлық пен табиғи жүктіліктен айырмашылығы туралы әңгіме өрбіттік.


— ЭКҰ процесі қалай жұмыс істейді?

— ЭКҰ процесін келесі кезеңдерге бөлуге болады. Мәселен, әуелі әйелден аналық жасуша, ал еркектен аталық ұрық жинау керек. Содан кейін аналық жасуша ұрықтандырылады да, одан бес-алты күннен кейін эмбрион жатырға енгізіледі.

ЭКҰ рәсімінен бұрын әйелдің аналық безінің гормоналды ынталандыруы өткізіледі.

— Сәтсіз жүктіліктен бөлек, ЭКҰ-ға жүгінуге тура келетін басқа да себептер бар ма?

— ЭКО-ның ең көп тараған себебі ерлер мен әйелдер факторға байланысты болған кездегі аралас бедеулік. Мысалы, еркек факторы — сперматозоидтардың жеткіліксіздігі, ал әйелдік фактор — жатыр түтіктерінің бітелуі.

Сондай-ақ, идиопатиялық бедеуліктің мүмкіндік пайызы бар оның себебін анықтау қиын болады. Әйелдің денсаулығы жақсы болғанымен, ол ұзақ уақыт бойы жүкті бола алмайды. Егер әйел жыныстық қатынасқа түсіп, бір жыл ішінде бала көтере алмаса, оған бедеулік диагнозы қойылады.

Пациенттердің жеке тобы — жыныстық серіктесі жоқ әйелдер. Олар келіп, сперматозоид донорларының тізімін сұрай алады. Ол үшін диагноз қажет емес.

— Дәрігерлердің айтуы бойынша, әйелдің жасы ұлғайған сайын ЭКҰ-ның сәтті өту ықтималдығы төмендейді. Неліктен?

— Әйелдерде аналық без жасушасының резверві азаяды. Ол 55 жаста аяқталмауы да мүмкін, бірақ, кейде әйелдің генетикалық резерві аз болады. Сондықтан әрқашан әйел жақтан туыс болып келетін әйел адамдарға қарау керек. Кейде 25 жастағы қыздарда да аналық жасуша қоры аяқталады.

Тіпті әйел ағзасы бастапқыда сапасы жағынан ең жақсы аналық жасуша береді.

Олардың сапасы жас ұлғайған сайын нашарлай бастайды. Сондықтан, жатырға салынған эмбрионның онда түспеу ықтималдығы жоғарылайды.

Сондай-ақ, бұл процестің сәтті немесе сәтсіз өтуінде әйелдің жеке қалауы да рөл атқарады. ЭКҰ процедурасынан өтіп жатқан әйелден дәрігер: «Сіз сәби сүюді қалайсыз ба?», — деп сұрайды, себебі әйелдің өзі емес, бірақ оның күйеуі немесе күйеуінің анасы бала қалағандықтан келуі мүмкін.

— Әйел адам ЭКҰ әдісін алғаш рет өткізгеннен кейін де жүкті бола алмай қалатын жағдайлар жиі бола ма? Неше рет мүмкіндікті байқап көруге рұқсат етілген?

— Жиі. Науқас қалағанынша дейін талпыныс жасай алады, ол үшін әрекет саны шектелмейді.

ЭКҰ процесінің нәтижелігі жасқа байланысты: егер әйел 20-25 жаста болса, сәтті өту ықтималдығы 50%-дан жоғары, 40 жастан асқан жағдайда 15-20% -дан аспайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі ЭКҰ нәтижелі болуының орташа пайызы шамамен 42%-ды құрайды.

— Процедура неше жасқа дейін жасалуы мүмкін?

— Қазақстанда әр емхананың өз шектеулері бар, бірақ олардың барлығы этикалық себептермен белгіленген. Бала кәмелеттік жасқа толғанша ата-анасының немесе қамқоршысының бірі өзінің әрекет қабілеттілігін сақтауы тиіс.

— Көпшілік, әсіресе егде жастағы адамдар ЭКҰ арқылы туылған балалардың иммунитеті, денсаулығы әлсіз болады деп ойлайды. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?

— ЭКҰ үшін әйелдерден аналық жасуша алынғанда, алынған 20 дананың 18-і ұрықтануға дайын болса, соның 15-і ұрықтанып, кейін эмбрионға айналады. Эмбриондардың кейбіреулері дамиды, кейбіреулері дамуын тоқтатады, ал ең жақсы, ең сау эмбрион жатырға енгізіледі.

Сондықтан ЭКҰ арқылы дүниеге келген балалар осы циклде өсе алатын барлық эмбриондардың арасындағы ең күштісі болып табылады.

— ЭКҰ нәтижесінде егіздер мен үшемдер жиі дүниеге келеді дейді. Неліктен?

— Мұның түсіндірмесі бар: егер екі эмбрион жатырға отырғызылса, әйелдің жүкті болу ықтималдығы жоғары, өйткені олардың кем дегенде біреуі аман қалады.

Қай әдістің жақсы екендігі бірнеше рет тексерілді: бір эмбрионды отырғызып, сосын бірнеше әрекет жасау немесе екі эмбрионды бірден отырғызған дұрыс па, шындығында, екі әдістің айырмашылығы аз болды. Бірақ, әрине екі ұрықтандырылған жасуша жатырға отырғызылса, екі эмбрион да өмір сүре алады және егіздердің туылу мүмкіндігі жоғары болады. Қазақстанда үш эмбрионды отырғызу мүмкін емес — бұл әйел үшін үлкен қауіпке алып келеді.

Қазір эмбриондарды бақылайтын арнайы фотобақылаулы инкубаторлар бар. Олар әр уақытта эмбрионды суретке түсіріп тұрады, солай оның қалай дамып жатқанын көруге болады. Олардың қайсысы жақсы дамып жатқандығы, ал қайсысының нормадан ауытқуы бар екендігі бірден байқалады. Барлық көрсеткіштер жағынан ең жақсысы жатырға отырғызылады.

Әйелден екі аналық жасуша алынғаннан кейін ұрықтанған екі эмбрион да әлсіз болып шығатын жағдайлар да болады. Ондай кезде пациент дәрігермен кеңесе алады. Әдетте сәтті жүктілік мүмкіндігін арттыру үшін екі жасуша бірден отырғызылады. Егер эмбрион тамыр тартпаса, жүктілік те болмайды.

— ЭКҰ көмегімен туылған адамдарда бала көтерумен қиындықтар туа ма?

— Бірінші «пробиркадағы нәресте» болған Луиза Браун табиғи жолмен дүниеге екі бала әкелді. Оның сіңілісі де ЭКҰ арқылы дүниеге келген.

Мұндай балаларда генетика жағынан бәрі жақсы және бала туу мүмкіндігі де бар.

— Балалы болғысы келген әйелдің серіктесі болмаса, ол донорлық қызметті пайдалана алады. Бір донордан қанша бала өмірге келеді?

— Қазақстанда бір донордан ең көбі 10 бала туылуы мүмкін. Әдетте клиникалар бір донордан тек 10 бала туылатынын қадағалап отырады. Бұл бір донордан туылған әртүрлі жыныстағы балалардың кездесіп, араларында романтикалық қарым-қатынастың пайда болу факторын барынша азайтады. Емхана әйелге донордың биоматериалын пайдаланған басқа әйелдердің тізімін бере алмайды. Бірақ бәрібір ондай қауіп бар.

— Лайықты донорды таңдау процесі қалай жүреді?

— Донор сауалнамасына шолу жүргізіледі. Әдетте донордың ескірген фотосуреті мен ұлты, бойы, салмағы, шашы мен көзінің түсі, бет келбетінің сопақтығы, терінің түсі, зодиак белгісі, руы мен жүзі көрсетілуі мүмкін.

Сондай-ақ белгілі бір донордың биоматериалын сақтап қоюға немесе сатып алуға болады. Содан кейін биоматериал мұздатылып, оны сатып алған адам мұздатудың әрбір айы үшін төлейді.

— Донор балалар үшін жауапкершілік ала ма?

— Қазақстанда жоқ. Оның анонимділігі мен жеке деректерінің құпиялылығына кепілдік беріледі. Донор балаларды іздемеуге, оларға қатысты құқығын көрсетпеуге міндеттенетінін айтып, келісімге қол қояды. Ал донорлық қызметті пайдаланатындар донорды іздемейміз деген келісімге қол қояды.

— Ерлер мен әйелдер биоматериалының бағасы жағынан айырмашылығы бар ма?

— Үлкен айырмашалық бар. Аналық жасуша әлдеқайда қымбат. Әрбір емхананың өзіндік бағасы бар, олар әдетте веб-сайтта көрсетіледі.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

«По мелям Каспия — Зов тюленей»: Фильм об исследованиях каспийских тюленей

«По мелям Каспия — Зов тюленей»: Фильм об исследованиях каспийских тюленей

30 октября Институт гидробиологии и экологии анонсировал выход фильма «По мелям Каспия - Зов тюленей», который рассказывает о...

5 минут
5 минут
Онлайн-курсы — очередной обман или пора присоединяться?
Партнерский

Онлайн-курсы — очередной обман или пора присоединяться?

Про онлайн-курсы в Казахстане сегодня говорят много и с разных сторон. Есть факт: рынок постепенно, но уверенно растет...

7 минут
7 минут
Как прошел осенний шоукейс резиденции BATYR LAB empowered by Visa с Иваном Дорном в Алматы

Как прошел осенний шоукейс резиденции BATYR LAB empowered by Visa с Иваном Дорном в Алматы

Общественный фонд имени Батырхана Шукенова при поддержке лидера индустрии цифровых платежей Visa и бренда Tic Tac организовал...

2 минуты
2 минуты
Чем отличаются регионы Казахстана

Чем отличаются регионы Казахстана

Вы когда-нибудь замечали, как сильно отличаются разные уголки одной страны? Взять к примеру, Казахстан, разделенный на 17...

23 минуты
23 минуты