Баха Бүбіханова атындағы жас суретшілер арасындағы өнер байқауының финалистері жарияланды

2 минуты STEPPE
Баха Бүбіханова атындағы жас суретшілер арасындағы өнер байқауының финалистері жарияланды

Aspan Gallery және STEPPE бірлесе отырып, B Bubikanova Art Prize атты жас суретшілерге арналған алғашқы өнер байқауы аясында финалистерді іріктеп алғаны туралы қуанышты хабарымен бөлісуге асық. Бізге әлемнің 35 елінен әртүрлі техникада орындалған туындылары ұсынылған 188 өтінім келіп түскен. Соның ішінде өзіндік жеке тәжірибесі бар суретшілерден басқа 10 ұжым қатысу үшін өтінім білдірген. Барлық қатысушыларға қызығушылық танытқандарына алғысымызды айта отырып, өңіріміз үшін осы жобаның маңыздылығы аса зор екендігіне тағы да көз жеткізіп отырмыз!


Құрамына Юлия Сорокина, Елена Воробьева, Инга Латсе, Ұлан Жапаров және Андреа Бустиллос Духарт кірген тәуелсіз сарапшылар комиссиясы байқаудың 11 финалисін таңдап алған, олардың туындылары Aspan Gallery алаңында өтетін қорытынды көрмеде ұсынылады. Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ қызметкерлерінен тұратын іріктеу комиссиясы мұражай коллекциясы үшін көрме қатысушыларының жұмыстары арасынан бір жобаны таңдап алады. Туындының авторы жоба демеушісі — Түркістан музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі және продюсері Айнұр Көпбасарова атынан 1 000 000 теңге көлеміндегі жүлдеге ие болады.

B Bubikanova Art Prize алғашқы өнер байқауының финалистері болып келесілер атанды:

  • Аида Әділбек (Алматы)
  • Алина Арыстанбаева (Алматы)
  • Жанар Берекетова (Алматы)
  • Зуля Есентаева (Бішкек)
  • Мадина Жолдыбек (Лондон)
  • Айғаным Мұхамеджан (Шу)
  • Леонид Хан (Алматы)
  • Ләззат Ханым (Алматы)
  • Guzel Zakir (Алматы)
  • Шойа (Алматы)
  • Заманбап өнері (Бішкек)

Біз жастарды байқаудың финалына өтуімен шын жүректен құттықтаймыз және 24 ақпан күні Aspan Gallery алаңында ашылатын ұжымдық көрмесін асыға күтеміз. 

«Мен осындай бастаманың пайда болғанына, яғни, Бақыт Бүбіханова атындағы жыл сайынғы жас суретшілерге арналған байқаудың өткізіліп отырғанына өте қуаныштымын. Бұл жерде 2-інде 1 демекші, өзінің жас екендігіне қарамастан, Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азияның қазіргі заманғы өнерінде ұмытылмас ізін қалдыра білген нағыз харизмаға ие суретшіні еске алып отырмыз, ал екінші жағынан, бұл көптеген жас суретшілердің өздерін сурет шебері әрі тұлға ретінде таныта келіп, әріптестерінің назарына өз жұмыстарын ұсынуына тамаша себеп екен.

Осы байқаудың өзіндік бір ерекшелігі бар – бұл әрекеттер мен артефактілердегі көзге шалынбайтын дүние, әлдебір батылдық, табиғилық әрі қарама-қайшылық, сондай-ақ көркемдік нақтылық, осының барлығы да Бақыттың шығармашылығына тән, сонымен қатар суретшілердің өздеріне жол сілтейтін және қазылар алқасына таңдау жасауға септесетін белгілі бір бағдар іспетті. Әрі осы тұста өзіндік бір ләззатқа бөлену мен қандай да бір қиындық жатыр. 

Финалистердің көрменің өзіне қатысуы – осыған дейінгі тәжірибелері мен жетістіктеріне қарамастан, көбі үшін нағыз үлкен табыс деуге болады. Байқау тақырыбының бейресми сипаты мен еркіндігі бүкіл Орталық Азия өңірінің қазіргі заманғы өнері үшін нағыз бетке ұстар нышанына айналуы мүмкін», — Ұлан Жапаров.

Сонымен бірге ақпанның 19 мен 23 аралығында Aspan Gallery алаңында inDrive компаниясының қолдауымен суретшілер мен қатысуға тілек білдірген барлық адамдарға арналған білім беру бағдарламасының өтетіндігі туралы естеріңізге саламыз. Бағдарлама туралы егжей-тегжейлі ақпарат осы аптада жарияланатын болады. Әлеуметтік желілердегі парақшаларамыздың жаңалықтарын жіберіп алмаңыздар.

Білім беру бағдарламасының өтетін күндері:

19-23 ақпан, 2024

Көрменің өтетін күндері:

24 ақпан — 28 сәуір, 2024

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Почему Gen Z помешаны на джус-боллах: разбираем феномен нового гастро-тренда
Партнерский

Почему Gen Z помешаны на джус-боллах: разбираем феномен нового гастро-тренда

В последние годы джус-боллы стали настоящим гастрономическим хитом среди поколения Z. Эти яркие, взрывные шарики наполняют...

12 минут
12 минут
Trigada 5K Fun Run: В Алматы пройдет женский забег

Trigada 5K Fun Run: В Алматы пройдет женский забег

2 марта 2025 года в Парке Первого Президента в Алматы состоится Trigada 5K Fun Run – женский забег, приуроченный к первому дню...

1 минута
1 минута
Aspan Gallery представляет Второй ежегодный конкурс современного искусства имени Бахи Бубикановой

Aspan Gallery представляет Второй ежегодный конкурс современного искусства имени Бахи Бубикановой

В 2025 году Aspan Gallery вновь организует конкурс имени Бахи Бубикановой, предоставляя художникам из Центральной Азии...

4 минуты
4 минуты
JOLDA DANCE THEATRE представит две премьеры — «ATEMPORALIS» и «TAMYR»

JOLDA DANCE THEATRE представит две премьеры — «ATEMPORALIS» и «TAMYR»

5 и 6 марта на сцене театра «Артишок» покажут два новых спектакля JOLDA DANCE THEATRE — «ATEMPORALIS» и «TAMYR»...

1 минута
1 минута