Астанада алғаш рет аймақтық Go Viral фестивалі өтеді

3 минуты STEPPE RU
Альтернативный текст

Орталық Азиядағы Go Viral қауымдастығы мен Астанадағы АҚШ елшілігі медиа, бизнес, мәдениет және технология саласындағы сарапшылар мен белсенділерді екі күндік Go Viral фестиваліне шақырады. Фестиваль 23-24 маусым күндері Rixos President Astana қонақүйінде өтеді.


Go Viral қауымдастығы 2017 жылдан бастап журналистерді, кәсіпкерлер мен өнер қайраткерлерін медиа, мәдениет, бизнес және технологияны дамытуға шабыттандырып келеді. Биыл фестивальдің тақырыбы — «Go Viral 2023: шабыт бер де, өзара әрекеттес бол». Фестивальге MediaWaves, Sagi, Masa.media және Alem сияқты әртүрлі компаниялар мен ұйымдардың атынан 35-тен астам спикер қатысады.

Фестиваль хэдлайнерлері — Америка Құрама Штаттарынан келген спикерлер: Butter Payments негізін қалаушы, Forbes 30 Under 30 тізіміндегі Виджей Менон және халықаралық журналист, Seen (бұрынғы Hashtag Our Stories) тең құрылтайшысы, мобильді журналистика мен цифрлы сторителлиң амбассадоры, TEDx спикері Юсуф Омар. Ол әлемнің 140 елінен 20 мыңнан астам журналистерді оқытқан. Юсуф Омар видеожурналистика арқылы қалай танымал болуға болатынын және контентті монетизациялау жолын түсіндіреді.

Сондай-ақ, Go Viral 2023 фестивалінде Катерина Суворова, Әсем Жәпішева, Қанат Бейсекеев, Әсем Нұрғалиева және Нұрмахан Ахметов сияқты танымал тұлғалар мен әлеуметтік желілердегі белсенділерсөз сөйлейді. Фестиваль спикерлерінің қатарында журналист, жеке бренд бойынша сарапшы, кәсіпкер, сән продюсері, контентмейкер Динара Сәтжан; «Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғау халықаралық қорының президенті Карла Жаманқұлова; кәсіпкер, инвестор Қайрат Меңдіғалиев; A2 супермаркеттер желісінің негізін қалаушы Мирас Ибраимов. Фестиваль шараларының бағдарламасын мына сілтемемен өтіп, көре аласыз

 Go Viral — Орталық Азия елдеріндегі медиа, бизнес, мәдениет және технология өкілдерінің нетуоркиңі мен қауымдастық құруына арналған жыл сайынғы аймақтық фестиваль, әрі платформа. 

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Как волонтеры помогают в борьбе с пожаром в области Абай

Рассказываем о деятельности волонтерских организаций и том, какую помощь может оказать каждый казахстанец.

4 минуты
4 минуты

В Алматы пройдет Региональный форум стран Центральной Азии (САМСА)

Мероприятие создано для обсуждения возможностей регионального сотрудничества и интеграции.

3 минуты KZ
3 минуты KZ

Что известно о лесном пожаре в Абайской области

Разбираемся в хронологии событий, связанных с развернувшейся трагедией.

4 минуты
4 минуты

Возможность для художников: открыт приём заявок на участие в летней резиденции в Атырау

В течение месяца художники окунутся в мир современного искусства вместе с единомышленниками.

5 минут KZ
5 минут KZ