Эксперимент: Данияр Өтеген мен Әли Оқапов қалай Air Astana-ның ұшқыштары болды

6 минут Лейла Калиева
Эксперимент: Данияр Өтеген мен Әли Оқапов қалай Air Astana-ның ұшқыштары болды
Партнерский

14:30. Air Astana кеңсесінің алдында кездесу

Біз әншілермен «Эйр Астана» әуекомпаниясының бас кеңсесінің кіреберісінде кездестік. Өз кезегінде олар не себепті өздерін ұшқыш рөлінде сынып көргісі келетіндерін айтып берді.

Әли мен Данияр: «Арманыңды сынап көр» жарнамасы арқылы біз «Эйр Астана» ұшқыштарын оқытуға бағытталған Ab-Initio бағдарламасы туралы білдік.  Кез келген адам бір күні ұшқыштың формасын киіп, әуе кемесін басқаруды үйренуді армандайтыны анық. Біз арманнан іске көшіп, нақты ұшқыш болып көру туралы шешім қабылдадық.  

 

 

Әуекомпанияның кіреберісінде бізді компания қызметкерлері күтіп алды. Қонақтарды қарсы алған қызметкерлер компания туралы, жас ұшқыштарды оқыту бағдарламасы және оның артықшылықтары жайлы әңгімелеп берді. Данияр тезірек ұшақ пайдалануды бастағысы келіп, шыдамсыздық танытты.

14:45. HR бөлімімен сұхбат

Қабылдау бөлімінің қызметкерлері «Ab-Initio» компаниясының не екенін және Air Astana ұшқышы болғың келсе, не істеу керектігін түсіндіру үшін қонақтарды жиналыс бөлмесіне шақырды.

Ab-Initio – ұшқыштарды оқытудың бастапқы бағдарламасы. Бағдарлама кез келген адамға шетелде кәсіби дайындықтан өтуге, Ирландия мен Испаниядағы үздік білім беру орталықтарында білім алуға, әуе компаниясының ұшқышы болуға мүмкіндік береді. Жұмыс беруші оқу ақысын жауапкершілігіне алады, ал үміткер жұмысқа орналасқаннан кейін 7 жыл ішінде оқу құнының 50%-ын төлеуі керек.

Бағдарламаға қатысу үшін арнайы біліміңіз болуы шарт емес. Өйткені бір жыл ішінде журналистер, қаржыгерлер, тіпті мектеп бітіруші түлектер де өтінім берген.

Қатысушыларды іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Олар: білім мен қабілеттерді тексеру, медициналық сараптама және компания өкілдерімен сұхбат.

Бағдарламаға қатысудың негізгі бес талабы:

  • ҚР азаматы болу;
  • Жасы 18-ден 34 жасқа дейін;
  • Ағылшын тілін IELTS 6.0 деңгейінде білу;
  • Физакадан көрсеткіштері жоғары болу;
  • Математикадан көрсеткіштері жоғары болу.

Сондай-ақ, өтініш берушінің ұшқыш болуға деген ынтасы жоғары және үнемі жаңа нәрселерді үйренуге деген талпынысы болуы керек.

Жігіттердің өздеріне деген сенімі жоғары және талаптардың барлығына сай келіп тұр. Олар: «ынтамыз жоғары, бірақ физика мен математикадан дайындық керек», — деп күлді.

15:10. Қабілет тексеру тестінен өту

Әңгімелесуден кейін тестілеуден өту үшін әншілермен бірге компьютерлер орналасқан бөлмеге бардық. Мұнда жігіттер сандық және ауызша ақпараттарды қабылдау қабілетін тексеретін болады.

Компьютерге отырған соң, Әли мен Данияр сұрақтарды оқып, тесттен өтуді бастады. Физика мен математика пәні бойынша болжамды сұрақтардың орнына, әртістерге имидж жарнамасына байланысты сұрақтар қойылды. Жігіттер сынақтан өту үшін ой-өрістің кеңдігі мен шығармашылық ойлаудың қажет екенін мойындады.

Әли мен Данияр: Алғашқы тест сұрақтарының жауабы сіздің психологиялық портретіңізді анықтайды. Орта деңгейіне қарай арнайы білім мен талапты қажет ететін күрделі сұрақтар кездеседі. Егерде адам жан-жақты және талдауға қабілеті болса, ол сынақтан сүрінбей өтеді.

15:40. Ұшқыштың киімін алу

Қабілетті тексеру тестін сәтті аяқтаған соң, жігіттер «Boeing 767» штурвалына отырып, жұмысқа кірісті. Аталған ұшақ арнайы жаттығуға арналған болса да, басқарушы панельдері кәдімгі авиалейнердікімен бірдей.

«Ab-Initio» үміткерлері жаттығу алдында COMPASS жүйесінің көмегімен қабілетін тексеріп, медициналық тексерістен соң, ұшқыштар мектебінің өкілдерімен әңгімелесуден өтетін болады. Бәрі сәтті болса, кадет бағдарламасы мамандықты жетілдіру мақсатында шетелге кетеді.

Әли мен Данияр алғашқы ұшағын аспанға көтерместен бұрын ұшқыштардың киімдерін алуға барды. Кеңсенің екінші қабатына көтеріліп, жігіттер ұшқыш-командиріне арналған киім түрін таңдап алды.

Киімдерін ауыстырғаннан кейін әншілердің бейнесі айтарлықтай өзгеріп шыға келді. Олардың стилі «Boeing 767» ұшқыштарына ұқсап қалды. Сырт бейнесі өзгергенін көрген жігіттер өздерін батыл және байыпты ұстай бастады.

16:00. Симуляторды байқап көру

Ұшқыштармен бірге ғимараттың жертөлесіне түстік. Ол жерде үлкен мониторлар, сансыз тетіктер, компьютерлер мен түймелері бар EVPT симуляторы орналасқан.

Бізді Ab-Initio бағдарламасының менеджері, «Boeing 767» командирі Тимур Машуров қарсы алды. Бұрын Тимур Қазақстанның регби командасының капитаны болған. Бірақ бала кездегі арманын орындап, ұшқыш боламын деп шешкен.

Тимур симулятордың қалай жұмыс істейтінін айтып, әншілердің бірін екінші ұшқыштың рөлінде сынап көруге шақырды. Данияр бағын сынап көруге бірінші болып келісті.

Данияр: Штурвалды ұстап отырып, барлық нұсқауларды орындап жатқан кезде айналаңызға қарап, алаңдау қауіпті екен. Ал сіз аспанға қарап тамсана аласыз ба?

Тимур: Біз әрдайым кеңсеміздің қолайлы екенін айтып отырамыз. Өйткені таң атқаны мен батқанын көріп, биіктен жерді бақылай аламыз.

Данияр ұшқыштың жұмысы өте қызықты, жауапты әрі күрделі екендігін айтты. Шынымен адам ұшуды ұнатса, ол барлық қиындықтарға төтеп бере алады деді.

Келесі кезекте — Әли. Даниярдың жіберген қателіктерінен сабақ алып, рөлге сенімді отырып, командирдің нұсқауын орындауға кірісті. Даниярмен салыстырғанда Әли ұшу барысында артық сөз айтпай, бар зейінін жұмысқа қойды.

Жарты сағаттық ұшудан кейін Әли әсерімен бөлісті:

Әли: Ұшу барысында жан-жағыңа көңіл бөлу өте қиын. Себебі штурвалды басқару, қону жолағына қарау, командирдің нұсқауын тыңдау және бір уақытта үш экранды бақылап отыру керек. Шыны керек, жұмыс мен ойлағаннан әлдеқайда күрделі әрі өте қызықты болды. Өзімді екінші ұшқыш сияқты сезіндім.

Біз Тимурдан жігіттердің жаттығу тәжірибесінен қалай өткенін сұрадық. Ол Даниярдың бірнеше рет төтенше жағдайға тап болып, бірақ уақытылы түзетіп отырғанын айтты. Әлидің дайындығы мен тәжірибесі Тимурды таңғалдырды. Осыған дейін де өзге жаттығулардан өтіп, тәжірибе жинаған болар деп жауап берді.

17:00. Әли мен Данияр алған әсерлерімен бөлісті

Әли: Бүгін Данияр екеуміз шынымен де ұшқыш болуға қабілетіміздің бар екенін білдік. Егер ағылшын, математика, физикадан техникалық мүмкіндіктерімізді жетілдірсек, әлі де жүзеге асыруға болады екен.

Ұшқыш болуды бәріміз қалаймыз ғой, бірақ бүгінгі тәжірибеден кейін менің бұл салаға деген ынтам арта түсті. Ұшқыштың киімін киген кезде, денеңді түзу ұстап, қадамыңды нық басады екенсің. Әрине, бұл жәй ғана бейне. Бірақ штурвалға отырған сәттен бастап, жауапкершілікті сезініп ғана қоймай, әр қимылыңа жауап беретін үлкен құрылғыны басқару ғажайып дүние екенін түсінесің.

Ұшқыштарымыздың көп болғанын қалаймын. Қызметкерлердің жетіспеушілігінен өз ісінінің маманы аз болатынын түсінемін. Шоу-бизнесте де дәл солай. Жергілікті балаларды оқыту үшін шетелден мамандар шақыртуға тура келеді. Алайда біз басқалардың қызметтерін үнемі пайдалана алмаймыз. Сондықтан «Эйр Астананың» сізді жұмысқа шақырып, оны үйретіп, оған қоса жұмысқа орналастыруы өте керемет бастама. Шоу-бизнесте мұндай мүмкіндіктерің жоқтығы өте өкінішті.

Данияр: Әлимен толықтай келісемін. Бүгін біз нешетүрлі эмоцияларды басымыздан өткердік. Тіпті рөлді басқаруға рұқсат берген балалар секілді көрінгіміз келмеу үшін сезімдерімізді барынша жасыруға тырыстық.

Бала кезінде әрбір адам ұшқыш немесе ғарышкер болуды армандайды. Әдетте, бұл орындалмайтын арман сияқты көрінеді. Алайда бүгін, біз, кез келген адам ұшқыш бола алатындығына көз жеткіздік.

Менің ойымша, Ab-Initio бағдарламасына барлығы қатысып көруі керек. Іріктеу барысында үміткерлердің білімі мен қабілеті мұқият тексерілетіндіктен, барлығы өтіп кетеді деп айту қиын. Дегенмен мұндай мүмкіндік барлық жерде беріле бермейді.

Егер сіз жас, жігерлі, интеллектуалды болсаңыз міндетті түрде байқап көруіңіз керек. Тым болмағанда жәй ғана ойланып көріңіз.

Видео: Ракимжанов Нурбек, Кеңес Ханзат


Подробную информацию о программе Ab-Initio вы можете найти на сайте job.airastana.com.

Статьи STEPPE

Кто меняет правила игры в архитектуре и дизайне
Партнерский

Кто меняет правила игры в архитектуре и дизайне

В современном мире забота об экологии перестала быть просто трендом — это уже обязательная составляющая успешного бизнеса и...

3 минуты
3 минуты
Там, где все двери открыты

Там, где все двери открыты

О «точках притяжения» креативной индустрии и местах, которые меняют не только города, но и...

12 минут
12 минут
Yandex Qazaqstan и Archсode Almaty запустили в Яндекс Картах проект об уникальных остановках
Партнерский

Yandex Qazaqstan и Archсode Almaty запустили в Яндекс Картах проект об уникальных остановках

В культурном проекте «Посмотрите направо» эксперты собрали 20 необычных остановок общественного транспорта Алматы. Yandex...

1 минута
1 минута
Как прошел фестиваль современной казахстанской музыки OYU Fest 2024

Как прошел фестиваль современной казахстанской музыки OYU Fest 2024

В преддверии лета в Алматы на Первомайских прудах прошел OYU Fest 2024 —  третий по счету фестиваль с момента основания...

1 минута
1 минута