Таңдайыңды қақпа, тізеңді құшақтама, қолыңды төбеңе қойма: қазақтың ырым-тиымдары не мағына береді

5 минут Жулдыз Актаулова
Альтернативный текст

Қазақ халқы сан қилы ырым-тиымдарға өте бай — олардың арасында жақсыға да, жаманға да жорылатындары бар. Бұл халықтың салт-дәстүрінің ерекше де ажырамас бөлігі болып табылады. Ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа таратылып келе жатқан ырым-тыйымдар тізбегі қазақ халықының әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігінде шынымен кең көрініс береді.

Ырым мен тиымды ажырата білу дұрыс. Этнограф Досымбек Қатранның сөзіне сүйенсек, тыйым деп белгілі бір жағдайда ғана жасалатын әрекеттер мен әдеттерді айтады. Олар күнделікті тұрмыста, жалпы өмірде жасауға тыйым салынатын дүниелер болып табылады. Ал ырым болса, халықтың сенімінен пайда болған ұлттық ерекшелік. Жаңа шолуда STEPPE редакциясы қазақтың ырымдары мен тиымдары жайлы бөліседі.


Айналмақ

Қазақта «Айналмақ» деген ырым бар. Ол өзін-өзі біреудің жолына құрбан еткісі келген адамның жасайтын ырымы екен. Ауырып жатқан науқасты үш айналып шыққан адам өзін солай садақа етеді. Жақсы көретін адамына «айналайын» деп еркелетіп айту да осыдан шыққан. 

Аластау

Оттың киесіне сенген халық аластауды тазарту мақсатында өткізілетін ұшықтаудың бір түрі болып табылады. Бұл көне дәуірден бері келе жатқан, халықтың наным-сеніміне негізделген, бәле-жаладан, көз тию, сұқтан сақтайтын әрекеттер. Ырымның атауы «алас», яғни «от» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан, ал рәсімнің өзі оттың көмегімен жасалады. Адамдар отқа табынған кезден бері пайда болған ырым екен. Жаңа үйге көшкен кезде от тұтатып, онымен бесікті, босағаны, бөлмелерді, тағы басқа жерлерді айнала аралап өтіп жүріп, «алас, алас, ауру-сырқаудан алас, тіл мен көзден алас» деп айтады.

Тізеңді құшақтама

Халық арасында жамандық шақырушы әдеттердің бірі — отырған кезде тізе құшақтау болып табылады. Неліктен тізе құшақтауға тиым салынғанын сұрастырған кезде, адамдар әдетте қысқаша «жаман болады» деген жауап қайырады. Бұл қазақтың салтында «жалғыз қалудың белгісі» ретінде кең танылған, бала тәрбиесінде көп қолданылатын тиымдарының бірі.

Отқа май құю

Отқа қатысты қазақтың белгілі этнографы Шоқан Уәлиханов өзінің мақалаларының бірінде былайша айта кеткен: «От киелі болып саналады, оған түкіруге немесе ошақты басуға болмайды. Қыз бала келін болып түскенде, әкесінің үйіне кіріп, сәлем беріп, "әруақ разы болсын" деген ниетпен, отқа бір қасық май құю керек». Қыз тізе бүгіп, еңкейіп, маңдайын еденге тигізеді де, сол кезде, енесі немесе үй ішінен әйелдердің бірі май құйылған отқа алақанын қыздырып, келіннің бетін сипайды. 

Екі қолды төбеге қойып отырма

Қазақтың тағы бір тиымдарының бірі — екі қолды төбеге қойып отырмау екен. Бұл әрекетке неліктен тиым салынғанын «басына қайғы-қасірет түскен адам ғана төбесіне қолын қойып отырады» деп түсіндіріледі. Егер адам төбесіне қолын қойып отырса, ол басына жамандық шақырады деген сенім бар, бұл халық арасында кең тараған нанымдардың бірі болып табылады.

Тізе бүгу

Қазақтың үйіне жолы түсіп, шаруамен келген адам тізе бүккенді жөн көрген. Тым асығыс болғанына қарамастан, үй иесімен амандық сұрасып, аз уақыт болсын отыруы керек. Бұл — жолаушының шаңырақ иесіне деген құрметінің бір белгісі.

Таңдайыңды қақпа

Бала кезде ойнап жүріп, таңдай қаққан кездері, үлкендерден «таңдайыңды қақпа, жаман болады» деген сөзді көп адам естіген болар. Көбіне өлім-жітім, жаманшылық шақыру белгісі болып табылады.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Партнерский

Ұлы Абай тілімен махаббат жайлы — Ninety One & Raffaello музыкалық коллаборациясы

Осы көктемде махаббат сөзіне арналған Raffaello шектеулі топтамасының шығуына орай бренд әдемі әрі шынымен де маңызды — ерекше нәрсе жасауды ұйғарды.

2 минуты
2 минуты

Таныс болайық! Tentek: шағын, бірақ батыл баспа үйі

Tentek Publishing House баспа үйінің негізін қалаушы және бас редакторы Малика Кохан баспа үйінің ашылуы, өзінің балалар әдебиетіне деген сүйіспеншілігі және шығармашылық жолын енді бастаған авторлар мен баспагерлерді қолдаудың маңызы туралы айтып берді.

19 минут
19 минут
Партнерский

Жаңа жылға сыйлық ретінде қандай ноутбук алған дұрыс?

Гаджеттер мен комппьютерлік құрылғылар Жаңа жылға таман дәстүрлі түрде ең қалаулы сыйлықтар қатарына кіріп жүр. Осы маусымда ғана емес, көп жыл бойы иесін қуанта алатын сыйлық ретінде қандай компьютер таңдауға болады – сол туралы айтып бермекпіз.

8 минут
8 минут
Партнерский

Lenovo диджитал өнермен айналысатын креаторларға арналған поп-ап кеңістігін ұсынды

13 желтоқсанның кешінде Алматыдағы Esentai Mall сауда-ойын сауық кешенінде Lenovo:Just Be You креатив поп-ап кеңістігінің ашылуы өтті. Бұл орта Elements бутигінің экспозициялық бөлігінде орналасқан, онда сән, дизайн және технологияны біріктірсе, өмірдің кез келген стиліне арналған инновациялық шешім дүниеге келетіні көрсетіледі.

2 минуты
2 минуты