Протестанттарды түсінуге көмектесетін 12 сөз

4 минуты Алуа Досанова
Протестанттарды түсінуге көмектесетін 12 сөз

Біз Қазақстанды — қонақжай мемлекет, ал ел азаматтарын толерантты адамдар деп танимыз. Бірақ шын мәнінде, ел ішінде және әлемде ұлтаралық қақтығыстар әлі де болып тұрады.

Көзқарасы мен өмірлік ұстанымы бізден өзгеше адамдар мен қоғамдар туралы шынайы ақпарат таратып, толеранттықты арттыру өте маңызды. Сондықтан Еуропа одағының қаржылай қолдауымен әртүрлі дінде кездесетін негізгі түсініктер туралы материалдар сериясын бастаймыз.

Материалды Қазақстанның елулік шіркеуі одағының хатшысы Игорь Цай тексеріп, мақұлдады. Бұл веб-сайттағы материал автор жауапкершілігінде және Еуропа одағының көзқарасын білдірмейді.


ІНЖІЛ

Христиандардың 66 кітаптан тұратын қасиетті жазбасы. Протестанттар “Інжіл — Құдай сөзі” деп сенеді.  Қасиетті жазбада христиандықтың барлық ережесі мен нормасы қамтылған. Інжілде сондай-ақ тура жолдан таймай, дұрыс өмір сүруге көмектесетін, тарихта болған адамдар мен халықтардың тәжірибесінен алынған кеңестер бар.


ҚҰДАЙДЫҢ ҚАСИЕТТІ ҮШ БЕЙНЕСІ

Христиандар, оның ішінде протестанттар Құдайдың қасиетті үш бейнесіне: Әкесі, Баласы және Қасиетті Рухқа сенеді. Көп христиан шіркеуінде ақиқат деп танылған тұжырым Құдайға құлшылық пен сенімнің негізі саналады. Үштік Құдай түсінігі христиан дінін бүкіл әлемге таратудың алғашқы кезеңінде пайда болған. Бұл сөз Құдайдың табиғатын жақсы ашады: Ол жалғыз, бірақ өзін үш тұлға кейпінде көрсетеді.


ИСА МӘСІХ

Толық Құдай және толық адам болу арқылы, Ол адамдарды Құдаймен табыстыра алатын жалғыз тұлға рөлін атқарады. Ол қасиетті, күнәсіз өмірдің үлгісін көрсетті, күнәсін өтеп, адамдардың орнына крестте өлді, қайта тіріліп, Өзінің күнәні жеңгенін дәлелдеді және адамдарға тура жолдан таймауға күш-жігер сыйлады.


КӨКТЕ ТУУ

Протестанттар адам Құдайға ғана емес, Иса Мәсіхтің крестте өзінің күнәсі үшін құрбан болғанына сенсе, бұл оны Құдаймен табыстырып, оның кешірімін алып, рухани тұрғыдан жаңа туғандай күй кешуге көмектесетін жалғыз жол саналады.


РЕФОРМАЦИЯ

16 ғасырда құрылған қозғалыс. Осы қозғалыстың арқасында кейінірек протестантизм пайда болды. Реформация католик монах Мартин Лютердің Виттенбергтегі ғибадатхана есігіне католик шіркеуінің қызметін сынайтын 95 тезис қағуынан басталған. Тезистердің бірі индульгенция — күнәні кешірумен байланысты болған. Мартин Лютер бұл тәжірибеге қарсы болған.


ҚҰТҚАРУШЫ БЕРЕКЕ

Бұл түсінікке сәйкес, Құдай адамды мінсіз етіп жаратқан, бірақ күнә адамдарды Құдайдан алыстатқан. Басқаша айтқанда, құтқарушы береке — Құдайдың адам тозаққа түспеуі үшін берген құтқарылу қабілеті. Құдай бұл берекені Иса Мәсіхтің құрбан болып, күнәсінен тазарғанына сенген барлық пендесіне береді.


АЙЫҒУ, ҒАЖАЙЫП

Бұл – Иса Мәсіх жерде қызметте жүргенде жасаған дүниелер. Оның тылсым күші науқас адамдарды айықтырып, өлгендерді қайта тірілткен. Иса дұға тілеу арқылы қолда бар аз тамақты мыңдаған адамға жететіндей етіп көбейте алған. Оның шәкірттері де ғажайыптар жасап, адамдарды емдеп жазған. Протестанттар Құдайға сенген адамдар қазір де осындай күшке ие бола алады деп сенеді.


ИСА МӘСІХТІҢ ОРАЛУЫ

Протестанттардың сеніміне сәйкес, Иса Мәсіх уәде еткеніндей қалыңдығы – шіркеуді алып кетуге оралады. Христиан дінінде махаббат тақырыбына ерекше мән берілген. Иса Мәсіх крестте тұрып, шіркеудің күнәсі кешірілуі үшін жанын берді, өйткені оны жақсы көрді. 


НАН ҮЗІП ЖЕУ

Бұл нанның аз бөлігін тістеп, бір жұтым шарап не шырын ішу арқылы тұрақты және жеке орындалатын рәсім. Протестанттар мұндай құпия рәсімді нан мен шарап адамдар жолында құрбан болған Исаның тәні мен қанының символы деген сенім негізінде орындайды. Исаның «Осылай мені еске алыңдар» дегені айтылады.


СУМЕН ШОҚЫНДЫРУ

Құдайға сенетіндер іштей Иса Мәсіхтің соңынан ереміз деп қабылдаған шешімін басқаларға көрсетіп, дәлелдеу үшін сумен шоқынады. Діни қызметкер адамның басын суға тығып, бүкіл процесті қадағалайды.


БЕС «ТЕК»

Мұнда протестанттық діни ілімнің бес негізі туралы сөз болады. Реформация кезінде пайда болған бес латын тезис және сол кездегі рим-католик шіркеуіне қарама-қайшы қоя отырып шығарылыған діни жинақ. Протестантизмге тән негізгі көзқарастар ішіне мынадай түсініктер кіреді: «тек Кітаппен» —  Ескі және Жаңа Өсиеттегі пайғамбар мен апостолдың жазғанымен жүру; «тек сеніммен» — тек сеніммен ақталу бойынша ілім; «тек бақытпен» — адамды бақыт, яғни Құдайдың шартсыз сыйы ғана құтқарады деген доктрина; «тек Христос» — Құдай мен адам арасындағы жалғыз дәнекер; «тек Құдайға шүкір»  — адам тек Құдайды ұлықтап, соған ғана мінәжат етуі керек.


ДІНШІЛДІК НЕМЕСЕ ОҚЫТУШЫЛЫҚ

Бұл — діндар протестант ілімін таратып, жердің шалғай шетіне дейін баруы керек деген әмір. Кез келген протестант Құдайдың жарлығын орындап, әрбір адамға Құдайдың оны сүйетінін, кешіретінін жеткізуге тырысады. Сондықтан протестанттар арасында миссионерлік кең тараған. Олар дінін тек сөзбен емес, ыстық ықыласқа толы әрекеттерімен де таратады. Олар діни хабар жүзеге асып, Исаның оралатын күні — ақырзаман таяп келеді деп сенеді. Соңғы адам игі хабар естігенде қараңғылық бітіп, жаңа өмір басталады.

 

 

 

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Подборка ко Дню независимости: что смотреть, читать и слушать

Подборка ко Дню независимости: что смотреть, читать и слушать

В преддверии Дня независимости собрали подборку, которая поможет погрузиться в культуру и историю страны через книги, фильмы и...

2 минуты
2 минуты
Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Если вы задумывались, как появляются новые цифровые продукты и сервисы и кто за ними стоит, самое время разобраться в том, кто...

3 минуты
3 минуты
The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims, пожалуй, одна из немногих видеоигр, которая не только изменила индустрию, но и стала мощным культурным феноменом,...

8 минут
8 минут
Пока мы живем в 2024 году, Япония живет в 2034: топ-10 технологических прорывов, которые хочется позаимствовать
Партнерский

Пока мы живем в 2024 году, Япония живет в 2034: топ-10 технологических прорывов, которые хочется позаимствовать

Когда речь заходит о высоких технологиях, Япония неизменно оказывается впереди планеты всей. Эта страна уже живет так, будто на...

5 минут
5 минут