Дәрігер-интерн Айдана Қазиева: «Мен ұстанатын дін принциптері мен youtube жобамның арасында қайшылық жоқ»

3 минуты Айдана Киндирова
Дәрігер-интерн Айдана Қазиева: «Мен ұстанатын дін принциптері мен youtube жобамның арасында қайшылық жоқ»

Мен Алматыда туып-өстім. Жасым — 24-те. Қазір Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінде акушер-гинеколог мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Бұрын халықаралық қатынастар мамандығына түсуді армандайтынмын. Медицина саласына әкемнің ықпалымен келдім. Қазір дәрігер мамандығын таңдағаныма өкінбеймін. Күрделі оқу бағдарламасынан сүрінбей өткен соң, адамдарды емдеудің қаншалықты маңызды әрі пайдалы қызмет екеніне көзім жетті. Ислам дінін ұстанып, орамал тағамын. Сондықтан салалық медицинада өз жолымды таңдау сәті туғанда, әйелдердің табиғатына жақын акушер-гинеколог болуға бел будым.

Блог жайлы

Блог түсіру туралы идеяны алғаш ағам айтты. Болашақта қандай іспен айналысарымды талқылап келе жатқанымызда, журналист ағам «Неге  youtube-та медицина туралы блог түсірмейсің?» деп сұрады. Бұл жоба арқылы қанша адамның медициналық сауатын ашып, аурудың алдын-алуға, денсаулықты күтуге байланысты кеңестер  беруге болатынын түсіндірді. Менің ойымша, жақсы дәрігер аурумен күресудің орнына, оның алдын-алуға көмектесуі керек. Сондықтан ағамның ойы бірден көңілге қонып, жобаны бірден қолға алдым. Блог түсіруге ағам жұмыс істейтін редакцияның камерасын пайдаландық. Инстаграмда @aidana_kaziyeva деген парақша ашып, көпшілік біле бермейтін тақырыптарда күнделікті жазбалар салып отырдым.

Аудитория

Блог өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын, күтіміне көңіл бөлгісі келетін қыз-келіншектерге арналған. Кейде ер адамдардың денсаулығына қатысты ақпаратпен де бөлісіп отырамыз. Бірақ негізгі контент қыз-келіншектерге бағытталған.

Қазір көп қазақ әйелдері өз денсаулығына дұрыс көңіл бөлмейді. Олар дәрігерге баруға қысылып, сырқатын біреуге айтып, бөлісуге ұялады. Ауруы әбден асқынған кезде ғана медициналық қызметкер көмегіне жүгінеді. Бұл дұрыс емес. Кейде дәрігерге барған науқастың өзі толық мәліметке қол жеткізе алмайды. Біз осы олқылықтың орнын толтырғымыз келеді. Блог жазылушыларына пайдалы кеңестер айтып, оларды дәрігерге уақытылы қаралып тұруға шақырамыз. Қыз-келіншектерден түскен сұрақтарға түсінікті әрі ұғынықты тілде жауап беруге тырысамыз. Өзім  қазақстандық youtube-тан Марфуға Шапиянның видеоларын үзбей қараймын.

Тақырып таңдау

Өзім акушер-гинеколог болғандықтан, тақырыптарды осы саладан аламын. Ең алғашқы видеомда выделение туралы айттым. Осыған дейін қыз-келіншектер бұл тақырыпта көп сұрақ жолдады. Сондықтан видеоны көпшіліктің сұраған тақырыпқа арнауды жөн көрдім.

Арна  жұмысы бірнеше ай бұрын ғана басталды. Әзірге бір видео ғана жариялап үлгердім. Тағы үш видеомызды монтаждап жатырмыз.

Алғашқы видеоны арнаға салғаннан кейін, «Құттықтаймын, сіздің видеоңыздың қаралымы жақсы» деген хабарлама алдым. Көрермендерді youtube-қа әлеуметтік желідегі парақшам мен достарымның жарнамасы арқылы тартып жатырмын.

Алғашқы видеоны достарыма жібердім.  Бірақ кешкісін «орамал таққан қыздың мұндай ашық тақырыпта сөйлегені жарамас» деп каналдағы видеоны өшіріп тастадым. Келесі күні «сілтеме істемей тұр, видеоны көргіміз келіп еді» деген хабарламалар алған соң, видеоны қайта жүктедім.

Әр видеоның соңында «сұрақ қойыңыздар, ең жақсы сұраққа келесі видеода сыйлық береміз» деп көрермендерді кеңес сұрауға үндеймін. Көрермендерден келген сұрақ негізінде келесі тақырыпты таңдаймын. Барлық сұрақтарға уақытылы, жиған білімім мен тәжірибеме сүйеніп жауап беруге тырысамын.

Келесі шығарылымның тақырыптары:

1. Семіздікке соқтыратын 5 гормон

2. Овуляция қалай жүреді?

3. Етеккір туралы қыздар білуі керек 7 фактор

Дінмен байланысы

Өзім орамал таққан соң, көзқарасы ұқсас адамдармен дос болуға тырысамын. Жоба туралы алғашқы лебізді де осы достарым білдірді. Арнада бірде-бір негативті пікір жоқ. Қайта «жақсы бастама» деп қолдау білдірушілер көп. Жыныстық тақырыпта әңгіме қозғауға ұяламын. Бірақ қазақта «Ұлы сөзде ұят жоқ» деген аталы сөз бар. Сондықтан бір адамның денсаулығына пайдалы кеңес айту мен ұят мәселесі қатар келгенде, біріншісіне тоқтаймын. Өйткені мен үшін сырқат адамға көмектесу өте маңызды. Тақырыптардың үстіне «қыз-келіншектерге» деп жазып, ескерту қоямыз. Мен ұстанатын дін принциптері мен youtube жобамның арасында қайшылық жоқ. Өзім әуестенетін сүйікті іс арқылы адамдарға пайдалы болсам деймін.

Қоғамның кері пікірін ағам естіді. Кей достары оны «орамалдағы қарындасыңды жұрттың алдына боянған түрімен шығарып қойыпсың» деп сынапты. Әркім өз ойын еркін білдіруге құқылы. Тек осы әрекеті арқылы басқаның жеке басына қол сұқпауы керек. Сондықтан жеке басыма қатысы жоқ, объективті кері пікірді жақсы қабылдаймын.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Как укрепить иммунитет детей и защититься от инфекций в холодный сезон: интервью с вирусологом Асель Мусабековой

Как укрепить иммунитет детей и защититься от инфекций в холодный сезон: интервью с вирусологом Асель Мусабековой

Асель Мусабекова — биолог и консультант по иммунизации, а также многодетная мама, имеющая степень Ph.D в молекулярной биологии...

6 минут
6 минут
Карьера до и после декрета: возможно ли «безболезненно» вернуться в офис?
Партнерский

Карьера до и после декрета: возможно ли «безболезненно» вернуться в офис?

Отпуск по уходу за ребенком, который мы называем просто декретом, по закону составляет 126 дней. Такой отпуск могут взять оба...

7 минут
7 минут
От фотографии и граффити до монтажа и звукового дизайна: как монтажер из Караганды начал работать с Kanye West

От фотографии и граффити до монтажа и звукового дизайна: как монтажер из Караганды начал работать с Kanye West

История о парне-самоучке из Караганды, который монтирует клипы известным артистам и рекламу для брендов.

5 минут
5 минут
Алматы вдохновляет: истории трех героев о том, как найти баланс между работой и отдыхом

Алматы вдохновляет: истории трех героев о том, как найти баланс между работой и отдыхом

Музыкант Куанышбек Нургазы, директор АRТиШОК Анастасия Тарасова, сооснователь AlgaApp Алим Раздыков — о своем творческом пути и любви к городу.

10 минут
10 минут