Көреалмаушылық қайдан пайда болады және ол бізді неге үйретеді
Көреалмаушылылық – адам бойындағы ең күрделі және көп қырлы сезімдердің бірі. Ол жиі жағымсыз, жойқын, тіпті ұят сезімі ретінде...
Альпинизм алғаш рет 1786 жылы 8 тамызда пайда болды. Осы кезде дәрігер Мишель-Габриэль Пакард пен тау гиді Жак Балма Альпінің ең биік нүктесі Монбланды бағындырды.
20 ғасырдың басында КСРО-да альпинизм Еуропадағыдай үлкен құндылыққа ие болып, белсенді дами бастады. 1937 жылдан бастап кеңестік альпинизм оқу-жаттығу және спорттық болып бөлініп, алғашқы стандарттар мен ережелер пайда болды.
Қазақстан альпинизмінің ұзақ әрі даңқты тарихы бар. Елімізде альпинизм ресми түрде 1930 жылдың 17 шілдеcінде пайда болды. Алматылық Григорий Белоглазов, Владимир Горбунов және Мәскеулік Иван Мысовскийлердің алғаш Малоалматин шыңына (4376 метр) көтерілген кез Қазақстан альпинизмінің бастау алған кезеңі деп саналады.
Алмаатин шыңы асуында (Комсомол шыңы)
Соғысқа дейінгі Қазақстан Кеңес Одағы ішінде бұқаралық альпинизмді дамыту бойынша біріншілікке таласты: біздің спортшыларымыздың командалары аса күрделі маршруттарды бағындырып, одақтас жарыстарда жүлделі орындарға ие болған еді. «Темір перде» термині әлемдік альпинизмге айтарлықтай серпіліс әкелді және одан кейін Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы құрамының 35% — дан астамын құрап, әсерлі нәтижелерге қол жеткізді. Мұндай жетістіктің бірі 1982 жылы Эверестті бағындырған алғашқы кеңестік Гималай экспедициясы саналған еді.
1982 жылы Эверест шыңына Кеңес Одағы құрамасынан шыққан Қазақстан спортшылары: Қазбек Валиев, Валерий Хрищатый, Юрий Голодов және экспедиция мүшелері Эрванд Ильинский, Сергей Чепчев, («Эверестті бағындыру» фильмінің кадрлары, 1982)
Қазақстан альпинисті Анатолий Букреев еліміздің атын әлемдегі таулы альпинизм картасына енгізіп, ТМД елдерінен он бір «сегіз мыңдықты» бағындырған алғашқы альпинист болды.
Анатолий Букреевті ХХ ғасырдың биік тауды бағындырған альпинистер қатарына қосады. Ол 1991 жылдың мамырында Бірінші Қазақ Гималай экспедициясының құрамында болып, Дхаулагири шыңына көтеріліп, күзде Эверестке бірінші рет көтерілді. Альпинист 1992-1997 жылдар аралығында биіктігі 8000 метрден асатын 14 шыңды бағындырды. Анатолий Букреев өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, тауда біраз адамның өмірін құтқарды. Ерлігі үшін халықаралық және ұлттық марапаттарға ие болды. 1996 жылдың 10 мамырында болған оқиғаның негізінде бүгінде әлемге әйгілі «Эверест» драмалық фильмы түсірілген еді (2015). Белгілі спортшымыз 1997 жылы 25 желтоқсанда Гималай тауларындағы Аннапурна шыңына көтерілу кезінде қар көшкіні салдарынан қайтыс болды.
«Барыс» Анатолий Букреев (ашық дереккөздерден алынған сурет)
90-шы жылдардың басына қарай барлық альпинистік базалар қаңырап қалды. Бұл кезеңде жаттықтырушылар Борис Студенин, Ерванд Ильинский, Қазбек Валиев ұлттық альпинизмнің дамуында шешуші рөл атқарды. Олардың спорттық нәтижелері мен жаттықтыру шеберлігінің арқасында бүгінде қазақ альпинизм мектебінің ерекшеліктері бүкіл әлемге танымал. Ол кездері қаржыландыру оңай болмаса да, біршама мықты іс-шаралар ұйымдастырылған болатын:
Эверест шыңына шыққан Қазақстан спорт экспедициясының қатысушыларын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қабылдауда, 1997 ж.
Фотосурет: Анатолий Устименко
ТМД елдерінің биік тауды бағындыру альпинистерінен әлемнің 41 альпинистерінің элита клубына тек екі Қазақстан азаматы Максут Жумаев пен Василий Пивцов кіреді. Олар әлемнің барлық сегіз мыңдығын бір шоғырда бағындырған (2001- 2011 жылдар). Көтерілудің ерекшелігі — олар қосымша оттексіз жүрген. Бір ғана сәтті өрлеу онжылдық ішіндегі дайындықтан, топтық қажымас еңбектен және биік шыңдарды сәтсіз аяқтаумен де аяқталуы мүмкін. Ең қиын шыңдардың бірі К-2 альпинистер Жұмаев пен Пивцовқа алтыншы реттен ғана бағынды.
Василий Пивцов, Мақсұт Жұмаев (фотосурет ашық көздерден)
2000 жылдардың басында ұлттық құраманың жаңа, жас қатысушылар тобы құрылып, демеушілері де пайда болды. Қолдаушылардың арқасында Қазақстан құрамасы 2001-2010 жылдар аралығында әлемнің барлық 14 биік шыңын оттексіз бағындыруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның альпинизм бойынша ұлттық құрамасы
2012 жылы Қазақстан құрамасы Хан-Тәңірі шыңына Солтүстік Беттің ортасынан қысқы көтерілу жасап, альпинизмнің әлем чемпиондары атанды.
Қазір Қазақстан альпинизмнің болашағы – кәсіби кадрлар мен жаңадан бастаушыларды даярлаудағы ұйымдастыру мәселесінің қаншалықты сәтті шешілетіндігіне, альпинизмнің жаппай старттарын ұйымдастыруына, спорт жарыстарға қолдау білдіретін демеушілердің бар-жоғына байланысты.
Бүгінде осы көп деңгейлі процесті басқаруда Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясы дәстүрлі мектептің тәсілі мен заманауи әдісін біріктіріп қолданып жатыр.
«Бізде таулар мен оларды бағындыруға дайын қабілетті адамдар бар. Әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдардың дамуына байланысты және отандық альпинистік мықты мектептің бар екенің есепке ала отырып, Қазақстанның спорттық құзға өрмелеу федерациясының болашағы жарқын деп есептеуге болады», — Федерация президенті Әлжан Имашев.
Қазақстан ұлттық альпинизм командасы 2020 жыл
Альпинизм бірнеше спорт түрлерінің пайда болу негізін салды: спорттық құзға өрмелеу, ски-альпинизм, мұзға өрмелеу, скайранинг. 2021 жылы Токиода спорттық құзға өрмелеушілер бақ сынайтын алғашқы Олимпиада өтеді. Қазақстандағы спорттық құзға өрмелеуші Ришат Хайбуллин жартасқа өрмелеу тарихындағы алғашқы Олимпиадаға лицензия жеңіп алды. Бұл 23 жастағы Алматы спортшысының Жапониядағы Әлем кубогында «жылдамдық», «боулдеринг» және «қиындық» түрлерінен спорттық көпсайыста сәтті өнер көрсетіп қола жеңіп алғаны арқасында мүмкін болды.
Ришат Хайбуллин — спорттық құзға өрмелеу бойынша спорт шебері, 2019 жылы Жапонияда өткен Әлем чемпионатында «жылдамдық» санатында І орынды және көпсайыста ІІІ орынды жеңіп алды. Ришат Хайбуллин үнемі жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2013 жылдан бастап ол әлемдегі ең мықты спорттық құзға өрмелеушілердің ондығына кірді.
Ришат Хайбуллин
Бұл экстремал спорт түрінен Қазақстан әйел спортшыларын да атап өту керек. Жуырда Шымкентте спорттық құзға өрмелеу бойынша Қазақстан Кубогы аяқталды. Оған спортшылар 2020 жылы карантин шектеулері жағдайында дайындалды. Кубогтің және 2020 жылғы қарашада өткен Қазақстан Чемпионатының нәтижелері бойынша әйелдер арасындағы ең әсерлі, тұрақты нәтижелерді Шымкенттің тәжірибелі спортшысы Тамара Улжабаева көрсетті.
Улжабаева Тамара — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2011 жылы Әлем чемпионатында «жылдамдық» категориясы бойынша үшінші орын, Иранда өткен Азия чемпионатында көпсайыс бойынша I орын алды. 2019 жылы Азия чемпионатының нәтижесінде Азиядағы мықты жеті спортшының қатарына енді. 2020 жылғы Қазақстан чемпионаты — «қиындық» және «боулдеринг» категориясы бойынша I орын, «жылдамдық» санаты бойынша II орын. 2021 Қазақстан Кубогы — «қиындық» санатында І орын, «жылдамдық» ІІІ орын иеленді.
Тамара Улжабаева
Қазақстандағы спорттық құзға өрмелеу мектебіне отыз жыл толғанымен, тарихи алғышарттардың арқасында отандық спортшыларымызда осы олимпиада көшбасшы болуға қуатты негіздері бар.
Бұқаралықты дамыту және тиімді қаржыландыру — бұл Қазақстандағы альпинизм мен спорттық құзға өрмелеудің ұзақ мерзімді табысқа жетуінің рецепті.
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)