Почему культура саха находит отклик по всему миру: о музыке, празднике лета и традициях
В новом материале Степи состоялась интересная беседа с яркими представителями саха-культуры: виртуозом-хомусистом Эркином...
Бұл видеоэсседе біз Қазақстан сахнасының қалай кеңестік шаблондардан шынайы және өзіндік өнерге көшкенін зерттейміз. Неліктен 2000-шы жылдары орындаушылар ресейлік бейнелерді көшірген, интернет қазақ тілін және өнерді қалай өзгертті деген сұрақтарға жауап іздейміз.
Ұзақ уақыт бойы қазақстандық әртістер «Совет Атадан» қалған бір ғана үлгіні ұстануға мәжбүр болды. Костюмдегі байсалды адамдар, шекті эмоция мен харизма, және, әрине, «сахна мәдениеті» деп аталатын ұғым. Көпшілігіміз мектеп кезіндегі концерттерде өнер көрсеткенде киген түрлі-түсті костюмдер, тіп-тік ұстаған беліміз бен драматизмге толы қимылдар көз алдымызға елестейді.
Қазақстандық шоу-бизнесте сахна образының айқындылығы болмады. Біреулер көрші елдердің әндерін ұрлап пайда тапса, екіншілері жаңа бір нәрсе әкелуге тырысып, андерграундта қалып жатты. Осы белгісіздік салдарынан қазақстандық эстрада мен поп-әртістер шетелдік образдарды қайталаумен шектелді.
Әртістер ресейлік музыканттардың ізін басты: теледидар, той (ресейліктерде – корпоративтер), концерттер, және ақша. Бұл үрдіс тек әншілерге ғана емес, комиктерге де тән болды. Мысалы, баршаның сүйіктісіне айналған Тұрсынбекті еске алыңыз. Сол бір қалып: костюм, экспрессия, мәдениет. Сол бір жол: теледидар, той, концерттер.
Әрине, сол уақыттың өзінде деколонизацияның алғашқы белгілері байқала бастады. Мысалы, Батырхан Шүкеновтің қазақ тіліндегі альбомы, «Орда» бойзбенді немесе «Қазақстан» мемлекеттік телеарнасының ашылуы. Дегенмен ұлттық образдың немесе өзіндік стилдің сол кезде сәнге айналғаны жоқ.
Көптеген адамдар сол кезеңдегі әртістер табыстың аздығынан ұлттық стильде өнер көрсетуге қорықты деп қате ойлайды. Алайда мәселе ақшада емес, ұлттық көңіл-күйде болды. КСРО-ның отаршылдық саясатының салдарынан қазақстандықтар өздерінің ұлттық болмысы мен бірегейлігін ұмытып қалғандай еді.
Осы тақырыптың жалғасын біздің жаңа видеоэсседен көруге болады:
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)