Өмір сүру құқығы: Қазақстан мен әлемде аборт заңмен қалай реттеледі?

5 минут STEPPE
Өмір сүру құқығы: Қазақстан мен әлемде аборт заңмен қалай реттеледі?
Мақаланы Wake Up Kazak журналы мен Steppe басылымы бірлесе отырып аударды. 

Польшадағы ахуал

22 қазанда Польша Конституциялық соты абортқа тыйым салу туралы шешім қабылдады. 1993 жылы қабылданған «Отбасын жоспарлау, ұрықты қорғау және жүктілікті тоқтатудың шарттары туралы» заңда абортқа жүктілік ана өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірсе, ұрықтың дамуында ақау ықтималдығы жоғары болса, ұрықтану, зорлау немесе инцест нәтижесінде баланы алдыртып тастау рұқсат етілетін.

Польшадағы жаңа заң аборт жасауға мүлдем тыйым салады.

Жаңа шыққан қаулыға қарсы назарылық акциясы өтті. Варшавадағы Radio Kolor радиостанциясы 30 қазанда Польша астанасының көшесіне 80 мың адам шықты деп хабарлайды.

Gazeta Wyborcza жүргізген қоғамдық сауалнама респонденттердің 59% -ы заңнаманың өзгеруіне наразы. Конституциялық соттың шешіміне қарсы адамдар заңды әйелдер тозағына теңеді. Бұған жауап ретінде Польша премьер-министрінің орынбасары Ярослав Качинский наразылық білдірушілерді елді «жоюға» тырысты деп айыптады.

Поляктардың наразылығына Швеция поляк әйелдеріне репродуктивті денсаулықты сақтауды қамтамасыз етуге уәде берді. Осы тұста Швецияның гендерлік теңдік министрі Оса Линдгаген швед әйелдері жүктілгін тоқтату үшін 1960 жылы Польшаға баруға мәжбүр болған еске алды. Абортқа қарсы наразылық жалғасып, демонстранттар әлі де көшеде жазу жазылған плакаттар ұстап жүр.

Әлем елдерінің жасанды түсікке деген көзқарасы?

BBC News орыс бөлімі көптеген елдердегі абортты заңдастырудың  туралы мәліметті жариялады. Егер 98% елдерде әйелдің өмірін сақтау қажет болса, 70%  елдерде оның физикалық және психикалық денсаулығын сақтау үшін түсік жасатуға рұқсат етіледі.

Зорлық көрсету нәтижесінде туындаған жүктілікті тоқтату 60% елдерде заңды. 30% елдерде рұқсат алуға әлеуметтік немесе экономикалық фактор әсер етуі мүмкін.

АҚШ

Америкада аборт 1973 жылғы «Роу Уэйдке қарсы» ісі нәтижесінде федералды заңдылыққа ие болды. Абортты заңдастыру мәселесі Дональд Трамптың билікке келуімен қайта көтерілді. Президент әрқашан консервативті сайлаушылардан қолдау тапқандықтан, абортқа қарсы болды.

2019 жылы 7 мамырда Джорджия штатының губернаторы Брайан Кемп «Жүрек соғысы туралы» заңға қол қойды. Бұл заңға сәйкес, ұрықта жүрек соғысы естілген кезде әйелге жүктілікті тоқтатуға тыйым салынады.

Дәрігер жүктіліктің алтыншы аптасында сонография көмегімен жүрек жиырылу жиілігін тыңдай алады, дегенмен жүрек соғысы ұрықтанудан соң 21 күн өткеннен кейін басталады. Сондықтан, әйелдің жүкті екенін түсініп үлгермеуі мүмкін.

Заңның қабылдануымен жүктіліктің кез келген кезеңіндегі аборт өмір бойына бас бостандығынан айыруды немесе өлім жазасына кесуді тағайындайтын ең ауыр қылмыстардың біріне («А» санаты) айналды. Ананың өміріне үлкен қауіп төнуі ғана ерекше жағдай ретінде қарастырылады.

Жүктілікті тоқтатуға әрекеттенгені үшін дәрігерлер он жылға, ал операцияны жасағаны үшін 99 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Джорджиядан кейін заң Айова, Огайо, Кентукки, Алабама, Миссури және Солтүстік Дакота штаттарында қабылданды. Айова, Кентукки және Солтүстік Дакота штаттарында ол көп ұзамай өз күшін жойды. Соңғы он жыл ішінде Американың 29 штатында абортты шектеу туралы заң енгізілді, —деп хабарлайды CBS News.

Ресей

Ресей аборт саны бойынша әлемде көш бастап тұр. Елде жүктілікті қолдан тоқтату міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген. 1993 жылы «Ресей Федерациясының азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заңнамасының негіздері» туралы заң қабылданды.  Заңнамада әрбір әйел ана болуды өз бетінше шешуге құқылы.

Осы жылға дейін қоғам мен мемлекеттің абортқа қатынасы әлеуметтік және мемлекеттік жүйенің әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты болды.

Елдегі көптеген діни ұйымдар абортқа қарсы. Ресей заңнамасы бұл мәселеде әлі де либералды позицияны ұстанады.

Өзге елдер

Репродуктивті құқықтар орталығының зерттеуі бойынша, Мексика, Андорра, Лихтенштейн, Мальта, Біріккен Араб Әмірліктері, Монако, Аргентина, Чили елдердінде әйелдің өміріне қауіп төнген жағдайда жүктілікті жасанды түрде тоқтатуға рұқсат етілген.

Андоррада әртүрлі жағдайда әйел екі жарым жылға дейін жауапқа тартылуы мүмкін. Егер дәрігер әйелдің келісімінсіз ота жасайтын болса, алты жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Лихтенштейнде әйел осы заңды бұзғаны үшін бір жылға сотталды. 2011 жылы елде абортты заңдастыру әрекеттері жасалды, бірақ қабылданбады. Лихтенштейн князі Алоиздің өзі абортты заңдастыруға қарсы болды.

Біріккен Араб Әмірліктерінде жүктілікті тоқтатқаны үшін әйелді жүз рет ұрып, бес жылға бас бостандығынан айырады.

Еуропалық Одақ елдерінің ішінде Мальта абортты заңдастырмаған жалғыз мемлекет. Бұл елде жазаны полиция таңдайды. Сальвадор, Никарагуа және Филиппинде де осындай жүйе қалыптасқан.

Ватиканда аборт жасауға толық тыйым салынған. Дәрігерлер мен діни қызметкерлер ұрық қатты ауырып немесе қайтыс болса да, әйелдерді баланы көтеруге шақырады деп хабарлайды Associated Press.

Ал Қазақстандағы жағдай қандай?

Қазақстанда жүктіліктің алғашқы он екі аптасында аборт жасауға рұқсат етіледі. Осы кезеңнен кейін жүктілікті тоқтату тек ерекше жағдайларда жүзеге асырылады. Мысалы, әйел үйленбеген болса немесе некені бұзса, немесе жүктілік кезінде жолдасы қайтыс болғанда.

Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы 4360 жасөспірім арасында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Қыздардың 16,7% -ы жүкті екенін айтты.

Деректерді талдау және өңдеу бөлімінің бастығы Айжан Шабденова зерттеу нәтижелерімен таныстырды, оған сәйкес 22 қызда жүктілікті жасанды тоқтату тәжірибесі болған. Олардың 2% -ы түсікті үй жағдайында жасаған.

2020 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 16 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы абортты олардың ата-аналарының қатысуынсыз заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды AiF Қазақстан.

Ұсыныс қоғамдық үлкен наразылық тудырды. Адвокат Айман Умарова жыныстық зорлық-зомбылықтың тез өсуіне байланысты абортты ата-анасының рұқсатынсыз заңдастыруды құптамады. Адвокат Лаззат Құсайынова жасөспірімге жүктілікті тоқтатуға жол беру баланың және оның ата-анасының конституциялық құқықтарын бұзады деген пікір білдірді. Ал ата-аналар жасөспірімдер арасында жыныстық тәрбиені енгізуді ғана қолдады. Жүкті жасөспірімге медициналық көмек ата-анасының қатысуымен ғана көрсетіледі.

Кейбір діни лидерлердің пікірінше, түсік жасатудың азаюы демографиялық көрсеткіштерді арттыруы мүмкін. Осыған қарамастан, жүктілікті тоқтатуға тыйым салу әйелдерді экстремалды шараларға итермелейді.

Біреу «аборт туризмі» мүмкіндігін пайдаланады, бірақ бұл үшін барлығының бірдей материалдық ресурстары жоқ. Әйелдер қауіпті абортқа жүгінеді, оның салдары қайтымсыз болуы мүмкін.

Статьи STEPPE

No pain no gain: как устроена боль и почему мы привыкли ее терпеть
Партнерский

No pain no gain: как устроена боль и почему мы привыкли ее терпеть

Боль — явление, которое знакомо каждому. Она может быть физической или эмоциональной, но в любом случае мы все так или иначе...

4 минуты
4 минуты
Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Гид по профессии: кто такие IT-аналитики и чем они занимаются

Если вы задумывались, как появляются новые цифровые продукты и сервисы и кто за ними стоит, самое время разобраться в том, кто...

3 минуты
3 минуты
За и против: какие домашние бьюти-рецепты работают (и можно ли вообще им доверять)

За и против: какие домашние бьюти-рецепты работают (и можно ли вообще им доверять)

Наверняка каждый из нас листал ленту Reels или TikTok и ненароком останавливался на видео с приготовлением...

5 минут
5 минут
The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims и культурный след: как игра сформировала ценности и мечты поколений

The Sims, пожалуй, одна из немногих видеоигр, которая не только изменила индустрию, но и стала мощным культурным феноменом,...

8 минут
8 минут