WhatsApp-хабарламалар: Шындық па, әлде жалған ақпарат па?

Қауіпті фейктер пандемиядан да кең тарап, WhatsApp желісі түрлі жалған ақпараттың ошағына айналды.

Жалған ақпарат пен ғылыми негізі жоқ дерекпен күреске дайын болу үшін «фейктерді» тауып, жаттығып көруге шақырамыз.

Тестіміз теориялық және практикалық екі бөлімнен тұрады. Тест соңында жалған ақпаратты анықтауға көмектесетін шағын нұсқаулық бар.

Қане, бастайық!

Бұл материал Еуропа одағының қаржылай қолдауымен дайындалды. Веб-сайттағы материал автордың жауапкершілігі саналады және Еуропа одағының көзқарасын білдірмейді.

Вопрос 1 из 9
Әуелі қарапайым сұрақтан бастайық. Сізге келген хабарламаның шынайы не жалған ақпарат екенін анықтап көріңіз: «Абайлаңыздар, АҚТҚ вирусын (ВИЧ) жұқтырған науқастардың қаны араласқан банандар мен мандариндер сатылып жатыр».
Вопрос 2 из 9
Дұрыс әрекетті таңдаңыз. Өзіңіз сенетін адам «Екпе аутизм мен БЦП (ДЦП) туғызады» деген хабарлама жазып, екпеге қарсы петиция жіберді.
Вопрос 3 из 9
«Билл Гейтс Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын басып алып, халықтың ағзасына чип енгізгелі жатыр» деген тақырып көрсеңіз, не істейсіз? Тек шынайы жауап беріңіз!
Вопрос 4 из 9
Билл Гейтстің мәселесін шешіп алдық. Ал «Илон Маск адамның миына чип орнатпақшы» деген ақпарат туралы не ойлайсыз?
Вопрос 5 из 9
«Қазір БЦЖ екпесі COVID-19 вирусынан қорғайды деген теорияны тексеру үшін клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр». Бұл рас па, әлде ойдан шығарылған мәтін бе?
Вопрос 6 из 9
Ал енді тәжірибелі фактчекердің сөздігіне үңіліп көрейік. Постшындық деген не?
Вопрос 7 из 9
Фактоид ше?
Вопрос 8 из 9
Сыни ойлаудың негізгі дағдысын атаңыз?
Вопрос 9 из 9
Қандай термин жалған ақпараттан белгі беретін мемге айналды?
Ваш результат: 4/9

Қауіпті фейктерге алданып қалады екенсіз! Мұндай ақпаратқа мұқият болған жөн.

Жалған ақпаратты тексеруді бірге үйренейік! Назарыңызға фактчекинг жүргізуге көмектесетін нұсқаулық ұсынамыз:

1. Әрдайым веб-сайт пен онда жарияланған ақпаратты тексеруге тырысыңыз.

2. Ақпаратты дереккөзбен салыстырыңыз.

3. Аударма немесе рерайт кезінде мәтіннің мағынасы өзгермегеніне көз жеткізіңіз.

4. Резонансты жаңалықтарды біліп отыру үшін сенімді ақпарат құралдарын таңдаңыз.

5. Күмәнді сілтемелерді достарыңызға жіберіп, көпке таратпаңыз.

Ваш результат: 4/9

Сіз үнемі мұқият болуға тырысасыз, бірақ кейде мүлт кететін кездер болады. Ақпараттық хаос дәуірінде қателеспейтін адам жоқ.

Біз дайындаған нұсқаулық сіздің сыни қабілетіңізді арттырып, ақпаратқа бұрынғыдан да сақ болуға көмектеседі деп үміттенеміз.

1. Әрдайым веб-сайт пен онда жарияланған ақпаратты тексеруге тырысыңыз.

2. Ақпаратты дереккөзбен салыстырыңыз.

3. Аударма немесе рерайт кезінде мәтіннің мағынасы өзгермегеніне көз жеткізіңіз.

4. Резонансты жаңалықтарды біліп отыру үшін сенімді ақпарат құралдарын таңдаңыз.

5. Күмәнді сілтемелерді достарыңызға жіберіп, көпке таратпаңыз.

Ваш результат: 4/9

Фактчекинг жүргізу дағдыңызға тәнтіміз! Сіз жалған ақпаратты бірден танып, ғылыми негізі жоқ мақалаларды шынайы медициналық зерттеулерден оңай ажыратасыз. Сізді тіпті «британ ғалымдары» да алдап соға алмайды.

Қабілетіңізді одан әрі шыңдай түсу үшін назарыңызға фактчекинг жүргізуге көмектесетін нұсқаулық ұсынамыз: