Қаншалықты толерантты адамсыз?

Гомофобия, сексизм мен ксенофобия біздің дәуірдің жаңа қатерлі ісігіне айналды. Олар агрессияға жол ашып, қоғамды артқа тартып, әлеуметтік-мәдени кикілжіңдер туғызады.

Біз этика талаптарын сақтау, басқалардың еркіндігіне құрметпен қарап, көзқарасын қабылдау мәдениетін дамыту керек деп есептейміз.

Ендеше сіздің этика талаптарын қаншалықты жиі сақтайтыныңызды бірге тексеріп көрсек қайтеді?

Бұл материал Еуропа одағының қаржылай қолдауымен дайындалды. Веб-сайттағы материал автордың жауапкершілігі саналады және Еуропа одағының көзқарасын білдірмейді.

Вопрос 1 из 12
Этикаға барынша жақын сөзді атаңыз?
Вопрос 2 из 12
ЛГБТ-қауымдастық пен азаматтық белсенділерді қолдауға ақша аударған дұрыс деп есептейсіз бе?
Вопрос 3 из 12
Құрылыста істейтін, өзге елден келген жұмысшыларды қалай атайсыз?
Вопрос 4 из 12
Әйелдерге компанияның топ-менеджментінен квота бөлген дұрыс па?
Вопрос 5 из 12
Сіз — бірнеше трансгендер адам жұмыс істейтін компанияда бас директорсыз. Оларға бөлек әжетхана салу керек деп ойлайсыз ба?
Вопрос 6 из 12
Этика талаптарына сай келетін сөзді атаңыз:
Вопрос 7 из 12
Жергілікті жоғары оқу орнының оқытушысы әйелдер мен оларға қарсы жасалатын зорлық тақырыбында ғадауат сөз айтты. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Вопрос 8 из 12
Гомосексуалдық, бисексуалдық немесе трансгендерлікті санадағы ақау деп санайсыз ба?
Вопрос 9 из 12
Қазақстанға жануарларды қорғау туралы заң керек пе?
Вопрос 10 из 12
Есірткі қабылдайтын адамды қалай атайсыз?
Вопрос 11 из 12
Трансадамдар туралы айтқанда, қандай есімдік қолданған дұрыс?
Вопрос 12 из 12
Бір депутат «Дін — прогресті тежейтін қоғамның дерті» деген пікір айтты делік. Сіздің реакцияңыз?
Консервативті құндылықтар сақшысы

Өкінішке қарай, «Либерал екенсіз!» дей алмаймыз. 

 

Біздің тесттен кейін бұрынғыдан толерантты бола түскен шығарсыз деп үміттенеміз. Бәріміз тең туғанымызды ұмытпаңыз

Құрметтеу — қабылдау емес

Сіз адамдардың барлық тобы тең екенін мойындау жолындасыз.

 

Әлі де азын-аулақ ағаттық кездеседі, бірақ сіздің қолыңыздан келетініне сенімдіміз!

Мойындалған дипломат!

Бұл әуесқойлығыңыз ба, әлде туабітті қалыптасқан саяси сауатыңыздың көрінісі ме?

 

Сіз толеранттылық әлемге кең көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін жақсы білесіз. Осы қалпыңыздан танбаңыз — еркіндік, теңдік, бірлік!