Альтернативный текст
ТЕСТ

Абай туралы не білесіз?

Абай Құнанбаевқа байланысты біліміңіз мектеп бағдарламасымен шектеле ме? Тексеріп көрейік!

The Steppe

10 тамыз - қазақтың бас ақыны Абайдың туған күні. Осыған орай«The Steppe» ұжымы Абай туралы тест дайындауды жөн санады. Тағы бір энциклопедиялық тест деп ойласаңыз, қателесесіз. Өз біліміңіз бен бағыңызды сынап көріңіз!

Тестте Abaicartoons илюстрациялары қолданылған. Abaicartoons жобасы ақын шығармашылығын жастар арасында насихаттаумақсатында2015 жылы өз жұмысын бастаған болатын. Осы уақытқа дейін Абай шығармаларының үш тілдегі 100 илюстрациясы жарық көрді.

Оңай сұрақтан бастайық. Абайдың шын есімі кім?

Оңай сұрақтан бастайық. Абайдың шын есімі кім?
  • Абай емес пе? Өміріңіздегі ең үлкен қате осы болсын.
    0%
  • Ибраһим Дұрыс. Оңай ғой, иә?
    0%
  • Сәдуақас Сәдуақас - Сәкен Сейфулиннің шын аты.
    0%
  • Өскенбай Өскенбай - Абайдың атасы.
    0%

Досы Көкбай Жантасовтың атынан жариялап отырған ең алғаш өлеңдерін Абай неше жасында шығара бастады?

Досы Көкбай Жантасовтың атынан жариялап отырған ең алғаш өлеңдерін Абай неше жасында шығара бастады?
  • 28 жасында Бұл да ақын өміріндегі маңызды кезең - Абай ел ісінен аулақтап, білімін жетілдірумен айналасады. Алайда ең алғаш өлеңдерін 10 жасында шығара бастайды.
    0%
  • 13 жасында Жоқ, Абай өлең жазуды 10 жасында бастады.
    0%
  • 10 жасында Дәл таптыңыз! 10 жасында ең алғаш «Кім екен деп келіп ем түйе қуған...» өлеңін шығарады.
    0%
  • 40 жасында Шығармашылықпен түпкілікті 40 жасынан кейін айналаса бастаса да, ең алғаш өлеңдерін 10 жасында шығарады.
    0%

Әуезов “Абай жолын” әуелі қалай атамақ болды?

Әуезов “Абай жолын” әуелі қалай атамақ болды?
  • Қазақтың бас ақыны "Қазақтың бас ақыны" - Ахмет Байтұрсынұлының Абай жайлы жазған мақаласы.
    0%
  • Абай Қателестіңіз. "Абай" - Мұхтар Әуезовтың ақын жайындағы пьесасы.
    0%
  • Ақын жолы Бұл жолы қателестіңіз. Дұрыс нұсқасы - "Телғара".
    0%
  • Телғара Дұрыс! Анасы Абайды еркелетіп "Телғара" деп атаған.
    0%

Ақын Абай өлең шығарумен қатар тағы немен айналысқанды ұнататын?

Ақын Абай өлең шығарумен қатар тағы немен айналысқанды ұнататын?
  • Сурет салу Жоқ. Абай сазгерлікпен айналысқанды ұнататын.
    0%
  • Драматургия Жоқ. Абайдың театрға қатысы жоқ.
    0%
  • Сабақ беру Абай халқын жеке емес, шығармалары арқылы оқытуды жөн көрді
    0%
  • Сазгерлік Дәл таптыңыз! Ақын өлеңдерді шығарып қана қоймай, оларға ән де жазған.
    0%

Төмендегі қалалардың қайсысында Абайға ескерткіш орнатылмаған?

Төмендегі қалалардың қайсысында Абайға ескерткіш орнатылмаған?
  • Бежін Қателестіңіз! Қытаймен көршіміз ғой.
    0%
  • Тегеран Қателестіңіз! Абайдың Фирдоуси шығармаларынан сусындағанын білмейсіз бе? Тегерандағы ескерткіш 2007 жылы ашылды.
    0%
  • Каир Қателестіңіз! Египеттегі пирамидалардың ішінде Абай ескерткішіне де орын табылды.
    0%
  • Киев Дұрыс! Украина астанасында ақын атындағы көше бар да, ескерткіш жоқ.
    0%

Абайдың сүйікті ойыны

Абайдың сүйікті ойыны
  • Дойбы Қателестіңіз. Кемеңгер ойшылдың сүйікті ойыны - тоғызқұмалақ
    0%
  • Асық Қателестіңіз. Асық ойыны өспірімдерге арналған.
    0%
  • Тоғызқұмалақ Дәл таптыңыз! Тоғызқұмалақ - тапқырлықты талап етеді, сондықтан да Абайдың сүйікті ойыны болатын.
    0%
  • Ақсүйек Упс! Қателестіңіз. Түн ішінде сүйек іздегеннен, тоғызқұмалақ ойнауды ұнатқан.
    0%

Мұхтар Әуезов ақынға кім болып келеді?

Мұхтар Әуезов ақынға кім болып келеді?
  • Шәкірті Қате. Абай қайтыс болған кезде, Мұхтар небәрі алты жаста еді.
    0%
  • Туысы Дәл таптыңыз!
    0%
  • Некесіз туылған ұлы Бұл не дегеніңіз? Абайдың өмірі үнді телехикаясы емес.
    0%
  • Ешқандай қатысы жоқ Қазақстанда өмір сүріп жатқанымызды ұмытып кеттіңіз бе?
    0%

1993 жылғы ақша банкноттарының қайсысында Абай бейнеленген?

1993 жылғы ақша банкноттарының қайсысында Абай бейнеленген?
  • 100 теңге Қателестіңіз. 100 теңгелік банкнотта Абылай хан бейнеленген.
    0%
  • 20 теңге Есіңізде екен! Әлде ақшаны соншалықты жақсы көретіңіз бе?
    0%
  • 50 теңге Қап! Абайды Әбілқайыр ханмен шатастырдыңыз.
    0%
  • 70 теңге Қате! Тіпті 70 теңгелік банкнот болған емес,
    0%

Төменде келтірілген цитаталардың қайсысының авторы Абай?

Төменде келтірілген цитаталардың қайсысының авторы Абай?
  • Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Дәл таптыңыз! Бұл - жиырма бірінші қара сөзінен үзінді.
    0%
  • Жалпы махаббат деген не? Сүю. Махаббат деген сөзді біздің қолданбайтын жеріміз жоқ. Оның жалпы атасы – мейірім. Махаббатта, мейірімде Аллаға тән нәрсе. Қателестіңіз! Бұл сөздердің авторы Бекболат Тілеухан.
    0%
  • Ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз. Қате. «Хабар» - сүйікті арналарыңыздың бірі емес екен. Бұл сөздердің авторы - Нұрсұлтан Назарбаев.
    0%
  • Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз. Қателестіңіз. Қысқа да нұсқа сөздің авторы - Ахмет Байтұрсынов.
    0%

2012 жылы Мәскеуде өткен «Окуппай Абай» атты наразылық шарасы не нәрсеге қарсы болды?

2012 жылы Мәскеуде өткен «Окуппай Абай» атты наразылық шарасы не нәрсеге қарсы болды?
  • Мәскеуліктер қазақстандық мигранттарға қарсы болды Қателестіңіз. Біздікілер Мәскеуге ақша табу үшін емес, жұмсау үшін барады.
    0%
  • Мәскеуліктер Абай шығармашылығының орыс әдебиеті сабағына енуіне қарсы болды Қате. Ресей оқушыларына Абай шығармашылығын үйретпейді, өздерінің ақындары жетерлік.
    0%
  • Мәскеуліктер Абай ескерткішінің орнатылуына қарсы болды. Біраз жақындадыңыз, бірақ дұрыс емес.
    0%
  • Мәскеуліктер ресейлік билікке қарсы болды. Дұрыс. Шара қатысушыларына Абай ескерткіші орналасқан Чистопрудный бульварында жиналу ыңғайлы болатын.
    0%