Уытты қарым-қатынас: белгілері, себептері және шығу жолдары

4 минуты Айдана Курмангалиева
Уытты қарым-қатынас: белгілері, себептері және шығу жолдары

Қазіргі заманғы мәдениетте уытты қарым-қатынас деп әдетте дисфункционалды қарым-қатынасты, яғни бір тарап немесе екеуі де эмоционалдық, психологиялық немесе физикалық азап шегетін байланысты ұғынады. Бұл романтикалық қарым-қатынаста да, достықта да туындауы мүмкін құбылыс және көбінесе психикалық денсаулыққа ауыр зардап әкеледі. Бұл мақалада біз уытты қарым-қатынастың не екенін, оның негізгі белгілерін, себептерін және одан шығу жолдарын Sezim платформасымының психологімен бірге қарастырамыз.


Ең әуелі «уытты қарым-қатынас» ұғымының академиялық психологияда немесе психиатрияда мойындалған ресми психологиялық термин емес екенін атап өткеніміз жөн. Бұл ұғым поп-мәдениетте пайда болған және адамның эмоционалдық немесе психологиялық амандығына жағымсыз әсер ететін қарым-қатынасты сипаттау үшін пайдаланылады. Ғылыми әдебиет пен кәсіби психологияда мұндай қарым-қатынас көбіне-көп эмоционалдық немесе психологиялық зорлық-зомбылық, деструктивті тұлғааралық паттерн, манипуляция немесе өзара тәуелділік тұрғысынан сипатталады.

Уытты қарым-қатынас белгілері

Дисфункционалды қарым-қатынасты оған тән анық немесе жасырын бірқатар белгі арқылы айырып тануға болады:

  1. Үнемі сынау және кемсіту
    Серіктердің немесе достардың бірі жүйелі түрде екіншісін сынап, сезімін құнсыздандырып және кемсітіп, сол арқылы оны өзіне сенімділіктен айырады. Мұндай сын көбінесе манипуляциялық сипатта болады және адамды тәуелді етуге бағытталған.
  2. Манипуляция және бақылау
    Уытты адам басқа адамның әрекеті мен шешімін бақылауға ұмтылады. Бұл басқа адамды шамадан тыс қызғану, оның қаржысын, бос уақытын және тіпті ойы мен пікірін бақылау түрінде көрініс табуы мүмкін.
  3. Қолдау мен басқаға не қажет екеніне көңіл бөлудің жеткіліксіздігі
    Дисфункционалды қарым-қатынаста бір серік немесе дос екіншісінің эмоционалдық және физикалық қажеттілігін елемей, өзінің мүддесін бірінші орынға қояды. Мұндай мінез-құлық қарым-қатынаста теңгерімсіздік пен жалғыздық сезімін туғызады.
  4. Тұрақты жанжал және шиеленіс
    Мұндай қарым-қатынаста орын алатын жанжал қордаланған проблеманы шешуге әкелмейді, қайта керісінше, оны шиеленістіреді. Тайталас созылмалы болып, оған қатысушылар қауіпсіздік пен жайлылық сезімінен айырылады.
  5. Эмоционалдық немесе физикалық озбырлық
    Бұл тікелей озбырлық (қорлау, физикалық зорлық-зомбылық), сол сияқты елемеу, мысқылдаунемесе манипуляция түрінде көрініс табатын пассивті озбырлық болуы мүмкін.

Неліктен адамдар мұндай қарым-қатынасқа тап болады

Уытты қарым-қатынастың кесірлі екені анық болуына қарамастан, көптеген адам оны жалғастыра береді. Бұл бірқатар психологиялық және әлеуметтік факторға байланысты:

  1. Өзін-өзі төмен бағалау
    Өзін-өзі төмен бағалайтын адамдар көп жағдайда өзін жақсырақ көзқарас танытуға лайық емес деп есептейді. Олар жалғыз немесе шетқақпай қалудан қорқып, серігінің уытты мінез-құлқынашыдап жүре беруі мүмкін.
  2. Өзгерістен қорқу
    Өмірді өзгерту – күйзеліске толы процесс. Сондықтан қарым-қатынастың кесірлі екені анық болса да, адам өзгерістен қорқып, қаншалықты елес болса да, «жайлы» аймақта қала беруді жөн көруі мүмкін.
  3. Тәуелділік пен өзара тәуелділік
    Кей жағдайда адамдарда уытты серігіне немесе досына эмоционалды тәуелділік қалыптасады. Бұл өткен уақытта жаны жараланған немесе эмоционалды қолдау жетіспеген жағдайдың нәтижесі болуы мүмкін. Өзара тәуелді адамдар көбінесе өзінің қажеттілігін елемей, басқаны»құтқару» үшін өзін құрбан етеді.
  4. Зорлық-зомбылыққа қалыпты нәрсе деп қарау
    Эмоционалдық немесе физикалық зорлық-зомбылық қалыпты жағдай деп есептелген ортада өскен адамдар өздерінің қарым-қатынасы дисфункционалды екенін түсінбеуі мүмкін. Олар мұндай мінез-құлықты табиғи деп қабыл алады және оны өзгертудің жолын іздемейді.
  5. Жағдайдың алдамшы «жақсаруы»
    Кейде уытты қарым-қатынаста жағдайдың «жақсару» кезеңдері болуы мүмкін, ол кезде уытты серік озбыр немесе манипуляциялық мінез-құлқын уақытша тоқтатып, қамқорлық пен ілтипат көрсетеді. Мұндай фазада жағдай өзгереді деген жалған үміт сезімі туып, адамдардың қарым-қатынасын тоқтатпауына себеп болуы мүмкін.

Уытты қарым-қатынасты қалай үзу керек

Уытты қарым-қатынасты үзу эмоционалдық және психологиялық дайындық болуын қажет ететін күрделі және көп қырлы процесс. Қарым-қатынастың түріне (достық немесе романтикалық) және қаншалықты зиянды екеніне байланысты стратегиялар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізгі қадамдар бірдей.

  1. Проблеманы түсіну
    Дисфункционалды қарым-қатынасты тоқтатудың бірінші қадамы – оның шындығында уыттыекенін мойындау. Адамдар көбіне-көп серігінің немесе досының мінез-құлқын ақтауға бейім, мұның өзі проблеманы түсінуді қиындатады. Қарым-қатынасты бұра тартпай бағалау және эмоционалдық күйіңізге қалай әсер ететінін түсіну маңызды: Мұндай қарым-қатынас сізді бақытты ете ме? Бұл қарым-қатынаста қабыл алынғаныңызды және өзіңізге қолдау көрсетілетінін сезінесіз бе? Өзіңізді қауіпсіз және жайлы сезінесіз бе? 
  2. Шекара белгілеу
    Жеке шекараңызды белгілеп, қорғай білуді үйрену маңызды. Бұған талапты орындаудан немесе сіздің мүддеңізге қайшы келетін шешім қабылдаудан бас тарту кіруі мүмкін. Шекара белгілеу уытты мінез-құлықтың әсерін азайтуға көмектеседі. Есіңізде болсын, сіздің өз уақытыңызға билік етіп өміріңізге пайдалы етіп өткізуге толық құқығыңыз бар, ал қасыңыздағы адамдар бұған құрметпен қарауы керек. 
  3. Қолдау сұрау
    Уытты қарым-қатынастан шығу үшін көп жағдайда достардың, отбасының немесе кәсібипсихологтың қолдауы қажет болады. Айналаңыздағы адамдар жағдайды сырттан бағалауға көмектесіп, қиын сәтте эмоционалды қолдау көрсете алады.
  4. Шығуды жоспарлау
    Импульсивтік шешім қабылдамай, жоспарлы түрде әрекет ету маңызды, осы орайда психологтың кәсіби қолдауы болғаны жөн. Қарым-қатынасты тоқтатудың жоспарын әзірлеу, әсіресе егер бұл қарым-қатынас ұзаққа жалғасқан болса немесе ортақ мүлкіңіз болса, стресс деңгейін төмендетуге көмектеседі және процесті басқару мүмкіндігін арттырады.
  5. Қалыпқа келу және өз-өзіңізбен жұмыс жүргізу
    Уытты қарым-қатынасты үзгеннен кейін қалыпқа келуге уақыт бөлу маңызды, өйткені әдетте ондай қарым-қатынастың әсерімен адамдардың өзін-өзі бағалауы қатты төмендейді және олар өздерін бұрмалап қабылдап, өзінің қабілетіне сенімі жойылуы мүмкін. Қалыпқа келу үшін психологпен жұмыс, медитация, аңғару тәжірибесі, өз-өзіне жаны ашу дағдысын дамыту, өзін-өзі бағалауды жоғарылату және салауатты қарым-қатынас үлгілерін зерделеу кіруі мүмкін. 

Уытты қарым-қатынас адамның психикалық денсаулығына және жалпы амандығына айтарлықтай нұқсан келтіруі мүмкін. Кейбіреулерге өзіне және өзінің күшіне деген сенімін қалпына келтіру үшін айтарлықтай көп уақыт қажет болуы мүмкін. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және сізге сенетін, сізді қолдайтын адамдармен араласыңыз. Қадіріңізді білмейтін адамдарға аса қымбат уақытыңыз бен күш-қуатыңызды сарп етпеңіз.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Казахстанские горные курорты признаны лучшими среди СНГ

Казахстанские горные курорты признаны лучшими среди СНГ

По версии SKI BUSINESS AWARDS горный курорт Шымбулак и Oi-Qaragai получили самое большое количество наград среди 150 горных...

2 минуты
2 минуты
Truly Unique: о конкурсе молодых дизайнеров New Generation Open Way и о том, что значит быть преданным своему делу

Truly Unique: о конкурсе молодых дизайнеров New Generation Open Way и о том, что значит быть преданным своему делу

Kazakhstan Fashion Week — национальная и ежегодная неделя моды, которая собирает лучших дизайнеров, модных экспертов и...

5 минут
5 минут
DAR и VEON объединяют усилия: сделка на 137,5 млн долларов для укрепления телекоммуникационной инфраструктуры Казахстана

DAR и VEON объединяют усилия: сделка на 137,5 млн долларов для укрепления телекоммуникационной инфраструктуры Казахстана

30 сентября группа компаний DAR1, совместно с VEON2, объявила о завершении сделки по приобретению 49% доли в казахстанской...

1 минута
1 минута
В Алматы и Ташкенте состоится V Международный архитектурный Конгресс ARCHICA 2024

В Алматы и Ташкенте состоится V Международный архитектурный Конгресс ARCHICA 2024

Миссия мероприятия — поддерживать и развивать архитектурное сообщество, привлекая внимание к архитектурному наследию региона, а...

2 минуты
2 минуты