Astana Hub Сингапур, Қытай, Ұлыбритания, Украина және Ресейдің жетекші технопарктерімен меморандумға қол қойды

1 минута Айдана Киндирова
Astana Hub Сингапур, Қытай, Ұлыбритания, Украина және Ресейдің жетекші технопарктерімен меморандумға қол қойды

«Road show Astana Hub» бағдарламасының бірінші ағымының қорытындысы бойынша IT-стартаптардың халықаралық технопаркі Сингапурдың, Украинаның, Ресейдің, Ұлыбританияның және Қытайдың жетекші технопарктерімен және инновациялық компанияларымен 9 меморандумға қол қойды.

Roadshow Astana Hub — әлемдегі ірі технологиялық көрмелерге қазақстандық стартаптарды дайындау және жөнелту бағдарламасы. Жобаның басты мақсаты-отандық стартаптарды одан әрі масштабтау және шетелдік инвестицияларды тарту үшін сыртқы нарықтарда жылжыту болып табылады. 

Өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу Қазақстанның экожүйесін дамытуға баға жетпес үлес қосады, бұл жобаларды өзара іс-қимыл және үйлестіру жолымен Қазақстандық инновациялық стартаптарды халықаралық аренада ілгерілетуге көмектеседі. Тараптар инвестициялық мәдениетті дамытуды танымал етуге және өңір мен әлемдік индустрия үшін өзекті міндеттерді шешуге бағытталған оқыту іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр: бірлескен акселерациялық және инкубациялық бағдарламаларға, белгілі бір салаларда стартаптар мен сарапшыларды алмасу бағдарламаларына қатысу және өткізу.

Astana Hub баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарламаның екінші легін іске қосу ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына белгіленді. Конкурстық комиссия келесі салаларда 9 стартап-жобаны іріктеп алды, олардың ішінде: киберқауіпсіздік, биотехнология, Smart City, қаржы технологиялары, көлік және логистика, толықтырылған шындық және онлайн дүкен — маркетплейс бағыттарын дамыту. Жобаларды іріктеу кезінде басты критерийлер ретінде —  технологиялық шешімнің, халықаралық нарыққа шығу стратегиясының, сондай-ақ бизнестің ауқымдылығы мен ағылшын тілін білу дағдалары бағаланады. Бағдарлама аясында екінші лектің қатысушылары Сан-Францискодағы TechCrunch Disrupt (АҚШ), Дубайдағы GITEX (БАӘ), Лиссабондағы WebSummit (Португалия), Хельсинкидегі Slush Helsinki (Финляндия) сияқты көрмелерге қатысуды көздеп отыр.

Айта кететін жағдай, тиімді және жемісті сапар үшін Astana Hub командасы стартап-жобаларға толық қолдау көрсетеді, оның ішінде: стартап жоба өкілінің ұшып келуі және тұруы, вебинарлар мен оффлайн — консультациялар түрінде дайындық семинарларын ұйымдастыру; көрме стендін әзірлеу, сапар бағытын және әлеуетті инвесторлармен және инвестициялық компаниялармен кездесулер жоспарын қалыптастыру.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Форум CAMCA: как лидеры Евразии проектируют будущее региона

Форум CAMCA: как лидеры Евразии проектируют будущее региона

19 и 20 июня 2025 года в Улан-Баторе, столице Монголии, в бальном зале отеля Shangri-La состоится Региональный форум CAMCA...

2 минуты
2 минуты
Мода будущего: что покажут на Visa Fashion Week Almaty 2025?

Мода будущего: что покажут на Visa Fashion Week Almaty 2025?

С 3 по 5 мая в Алматы состоятся показы нового сезона Международной недели моды в Казахстане и Центральной Азии Visa Fashion...

31 минута
31 минута
Казахстанский стартап SHAI выходит на рынок Великобритании

Казахстанский стартап SHAI выходит на рынок Великобритании

Отечественный стартап SHAI разработал инновационную платформу, с помощью которой компании могут создавать собственных...

1 минута
1 минута
AirAsia X отмечает год с запуска первого рейса Алматы — Куала-Лумпур
Партнерский

AirAsia X отмечает год с запуска первого рейса Алматы — Куала-Лумпур

AirAsia X (AAX) отмечает первую годовщину запуска маршрута Алматы — Куала-Лумпур. Пользуясь популярностью направления,...

1 минута
1 минута