Жоғары технологияларға бейжай қарамайтындар үшін Жердің әр бұрышында жыл сайын көп іс-шара өтеді. Біз олардың шабыт алуға, саланың соңғы жаңалықтарын білуге және өз идеяңды таныстыруға мүмкіндік беретін сегізінің тізімін әзірледік.

Tech Open Air

Tech Open Air — сырт қарағанда әралуан көрінетін дүниелерді: технологияларды, музыканы, өнер мен ғылымды біріктіретін фестиваль. Төрткүндік фестиваль 2012 жылдан бері өткізіледі, оның негізгі ерекшелігі – ауданы 4500 шаршы метр болатын The House of Tech аймағы, мұнда инновациялар әлемінің соңғы туындыларымен танысып, Google, Facebook және басқа да алыптар өкілдерінің дәрісін тыңдауға және арт-перформанстар мен жанды қойылымдарға қатысуға болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Технологиялар — өміріміздің әр аспектісін қозғайтын қайта жасаушы күш. Технологтарды әр басқа сала өкілдерімен біріктіре отырып, біз келешекті дұрыс болжауға және өзіміз өзгертетін әлемді түсінуге көмектесеміз». 

Локация: Берлин, Германия

Өтетін уақыты: 2019 жылдың маусым-шілдесі

Кір билетінің құны: 479 евро, студенттер үшін жеңілдік бар – 99 евро


South By Southwest (SXSW)

Фильмдер, интерактив медиа, технологиялар мен музыканың қосындысын екі ауыз сөзбен қысқаша SXSW фестивалі деуге болады. Әлемдегі көпшілік асыға күтетін оқиғалардың бірі жыл сайын ондаған мың энтузиасты арт-инсталляциялардың визуал эстетикасына тұнған, интерактив медиамен таныстырып, әлемнің әр түкпіріндегі үздік орындаушылардың жанды музыкасынан ләззат алғызатын бір алаңға жинайды.

Фестиваль соңғы кездері қатысушыларға кинопремьераларды виртуал кинотеатрлардан көруге, акселерация бағдарламасына қатысуға және жетекші мамандардың маркетинг, дизайн немесе инновациялар туралы дәрістерін тыңдауға мүмкіндік бере отырып, технологиялар мен стартаптарға айрықша назар аударатын болып жүр. Қысқасы, бұл фестиваль іш пыстырмайды.

Локация: Остин, АҚШ

Өтетін уақыты: 2019 жылдың 8-17 наурызы

Кір билетінің құны: 825-1,650 доллар


Burning Man

Бұл шараға бәрінің — cтартаперлерден миллионерлерге дейін келуінің себебі — оның атмосферасы. Burning Man кезінде Невада штатындағы шөлде арт-нысандармен және инсталляциялармен безендірілген шатырлы қалашық пайда болады. Қала тұрғындары өздеріне костюмдер мен көлік ойлап тауып, ақшаны қолданбайды. Burning Man фестивалін сырттай тамашалау мүмкін емес, себебі оның 10 қағидасының бірі — бәріне атсалысу: келушілердің әрқайсысы перформанстың бір бөлшегі болуға тиіс. Burning Man — артистер, суретшілер, музыканттар мен өз болмысын танытуға тамаша платформа іздеп жүрген адамдардың кездесу орны. 

Локация: Блэк-Рок шөлі, АҚШ

Өтетін уақыты: 2018 жылдың 26 тамызы – 3 қыркүйегі

Кір билетінің құны: 425-1200 доллар


Web summit

Конференцияның идеясы қарапайым: технология жасаушы қоғамдастықты өнеркәсіп өкілдерімен байланыстыру. Ұйымдастырушылар бұл үдеден шығып жүр. Web summit-те Samsung, Microsoft, eBay және Google топ-менеджерлері сөз сөйлейді. Көрме аймағынан IBM, Huawei және Airbus-тың жаңа өнімдерін көруге болады. Стартапшылар үшін құны 995 евро тұратын тиімді пакет бар, оған Инвесторлар кеңсесіне, воркшоптарға, баяндамалар мен көрмелерге қосылу кіреді. Сегіз жыл ішінде бұл шара бүкіл әлемге кеңінен танылды: оған 170-тен астам елден, соның ішінде Қазақстаннан да адамдар барады.

Локация: Лиссабон, Португалия

Өтетін уақыты: 2018 жылдың 5-8 қарашасы

Кір билетінің құны: 550-24,995 евро


Hello Tomorrow Summit

Бұл шараның миссиясы — адамзаттың ең бір күрделі мәселелерін шешуге қажет технологиялардың әлеуетін ашу. Саммит үш бағыттан тұрады: спикерлердің сөзі, воркшоптар және питчинг-сессиялар. Шараның артықшылығы оның жай ғана өтуі емес, адамдарды өзара біріктіретін, олардың тәжірибе мен идея алмасуына мүмкіндік беретін әлемдік қоғамдастық құра алуы да. Hello Tomorrow Summit стартапшыларға, инвесторларға, студенттер мен талант іздеп жүрген ірі корпорацияларға қызық.

Локация: Париж, Франция

Өтетін уақыты: 2019 жылдың 14-15 наурызы

Кір билетінің құны: 90-480 евро (студенттер мен PhD үшін кіру тегін)


Future festival

Болашақтағы трендтерді бір жыл бұрын білгісі келетіндер Торонтоға жол тартуы керек! Шараны ұйымдастырушы — Trend Hunter тренд-комьюнитиі. Олар технологиялардың келешегін болжау үшін әлем бойынша 350 мыңға жуық идеяны талдайды. Ұйымдастырушылар өз фестиваліне «әлемдегі ең үздік инновациялық конференция» деген атақ беріп отыр. Бағдарламасы төрт бағыттан тұрады: прототиптер көрмесі, спикерлердің сөз сөйлеуі, командаларға арналған воркшоптар және қала тұрғындарына арналған мәдени бағдарлама. 

Локация: Торонто, Канада

Өтетін уақыты: 2019 жылдың 18-20 қыркүйегі

Кір билетінің құны: 2,199-2,999 доллар 


Сes (Consumer Electronics Show)

Көрме тұтынушыларға арналған технологияларға маманданған. Бұл тегін емес, өйткені оны ұйымдастырушы — Consumer Technology Association. Конференция барысында индустрияның барлық аспектісін қозғайтын 300-ге жуық сессия өткізіледі. Сes бағдарламасы төрт секциядан тұрады: әлемдік көшбасшылардың баяндамасы, перспективалы компаниялармен танысу, белгілі бір трендтерді қозғайтын сессиялар және жарнама мен маркетингке арналған бағдарлама. Көрмеге Samsung, Intel және Sonyсияқты индустрия алыптары қатысады. 

Локация: Лас-Вегас, АҚШ

Өтетін уақыты: 2019 жылдың 8-11 қаңтары

Кір билетінің құны: осы жылдың қыркүйек айында белгілі болады


Disrupt SF

Шараны стартаптар туралы интернет-басылым TechCrunchұйымдастырады. Көрмеде арнайы Аллеяда таныстырылатын стартаптарға ерекше назар аударылады. Бұл жерден жасанды интеллектке, робот техникасына, блокчейн мен қауіпсіздікке қатысты жобаларды табуға болады. Қазылар Startup Battlefield стартаптар байқауына қатысушылар арасынан жеңімпазды анықтайды. Мұның нетворкинг үшін таптырмас платформа екенін көрмейсіз бе! Күндіз инвесторлар мен компания қожайындары «аңсаған» адамдарын іздесе, кешкісін шараға қатысушылардың бәріне сауық-сайран ұйымдастырылады. 

Локация: Сан-Франциско, АҚШ

Өтетін уақыты: 2018 жылдың 5-7 қыркүйегі

Кір билетінің құны: 149-2,495 доллар


Біздің елде де технологиялар бір орында тұрмай, күнделікті өмірімізге ұдайы енгізіліп жатыр. Мысалы, Алматы, Астана мен Ақтау әуежайларына MYD Production жаңа жарнама конструкциялары орнатылды. Компания ішкі инфрақұрылымды дамыту мен «визуал тазалықты» іске асыру технологияларын енгізді, соның арқасында әуежайларымыз Орталық Азиядағы озық нысандарға айналмақ.