Екінші мақалада біз Қазақстаннан шыққан тұңғыш паралимпиада чемпионы, 13 әлемдік рекорд пен 160 медальдың иегері Зүлфия Ғабидуллина туралы әңгімелейміз. Зүлфия бізге спорт мен құмарлықтың өмір сүруге деген құштарлықты ғана емес, қарсыластарды артта қалдырып, әр жаңа кезеңді бағындырып, жеңіске жетуге де үйреткені жайында айтып берді.  


Кең, жарық бөлменің төрт керегесін бірдей алтын, күміс және қола медальдар жауып қалған десек артық жазбаспыз. Ойға батқан алдымыздағы әйел кей медальды қолымен сипап көріп, күн сайынғы ауыр жұмысын және шет-шегі жоқ күресін есіне алады. Жымияды, онысынан көз маңайын торлаған әжімі анық белгі береді. Қолын мүгедектер арбасының дөңгелегінен алмайды. Жаттығу бөлмесіне беттеді. Жақында жаңа жарыс болады деп жатыр. Қалайда жеңу керек.


Зүлфия Ғабидуллина 1965 жылдың 22 қарашасында жұмысшылар отбасында дүниеге келген. 6 жасында ауыр жол апатына ұшырап, омыртқасы мен басына ауыр зақым келеді. Бір кездері құлыншықтай жүгіріп жүрген бала мәңгіге мүгедек арбасына таңылады.

Сәтсіздік Зүлфияны мойыта алмады. Ол ұзақ уақыт бойы реаблитация курсынан өтеді. Күн сайынғы жаттығулар, процедуралар мен массаж жас қыздың өмірімен дендеп енгені сонша, ақыры кәсіби спортқа айналып кетеді.

1990 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жарыс өтеді. Зүлфия мұндай шараға бірінші рет жай қатысып қоймай, жеңіске жетеді. Бұл үш-ақ адам қатысқан сынақ түріндегі арба жарысы еді, алайда осындай жеңістің өзі Зүлфияны ары қарай спортпен айналысуға итермелеп, қанаттандырады. 1991 жылы Ғабидуллина республикалық жарыстарға қатысып, алты рет бірінші орыннан көрінеді.

Ең бірінші медалім әлі есімде. Ең қымбаты да сол. Бәріне телефон шалып шықтым. Үйге келіп, туыстарымнан сүйінші сұрай бастадым. Бәрі бірдеңе ұстатып, еркелетті, керемет қуанышты болдым.

Мұндай жарыстардың әр төрт жыл сайын өтетінін біліп Зүлфия өз бетінше дайындала бастайды және жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүреді. Алайда 1998 жылы жаңа жарыс стандарттары қатысушыларды арнайы спорттық үш дөңгелекті арбаға отыруға мәжбүрлейді. Сондықтан Зүлфия басқа спорт түріне ауысады.

Жаңа арбаларды алып келді, отырайық дедік. Мен етжеңділеу едім, сыймадым. Сол себепті жүзуге кеттім. Ақыры сонда қалып қойдым.

Реаблитация кезінде-ақ Зүлфия бассейннен шықпайтын, сондықтан өте жақсы жүзе білетін. Бірінші жарыста-ақ ол жеті бірдей дисциплина бойынша бірінші орын алады. Сол сәтте өз орнын тапқанын түсінеді.

Алайда Ғабидуллина тек жүзумен ғана шектеліп қалуды жоспарламағанын есіне алады. Штанга да тартып көреді, тіпті жеңістерге жетеді, үлкен ләззат алады. Билегені де бар: қызы екеуі арбамен биден республикалық жарысқа нөмір әзірлеген болатын. Бірақ өміріндегі ең үлкен мақсат – Лондонда 2012 жылы өткен Паралимпиада ойындары пайда болғанда, мұның бәрі ысырылып қала берді.

Спорт – мен үшін ең қызық өмір. Бұрынырақта қазіргідей жағдай мен көмек-демеу болмаған кезде, арбаға отырып, жауынның астында жаттығуға бара беретінмін, себебі такси жүрмеуші еді. Құмарлық пен жеңіс өмірге деген қызығушылығымды қайта оятты.

Шынын айту керек, екі Паралимпиада ойынына қатысқан соң спорттың басқа түрлерінен бас тартуға тура келді. Штангаға да, биге де уақыт жетпей жатады. Күн сайын жаттығуға жеті сағаттай уақыт кетеді: таңертең және кеше екі сағат жүзу және бір сағат жаттығу залында айналысу. Бұған жарты сағаттық дене ширату жаттығуларын қосып қойыңыз.  

Олимпиадаға бару Зүлфияның өмірлік арманы еді. Сол 2012 жылы Лондонда журналистердің бірі ең асқақ арманыңыз қандай деп сұрақ қояды. Зүлфия тілегінің дәл қазір, дәл осы жерде, әлемнің ең мықты спортшыларының арасында орындалып жатқанын айтады.

Лондонда Ғабидуллина он екінші нәтиже көрсетті. Онысына қатты қапаланады. «Себебі дұрыс армандамаған едім», - деп әзілдейді ол. «Қатысуды емес, медаль тілеу керек екен». (Күледі). Қазір сол кездегі минуттарды күлкімен еске алады, бірақ 2012 жылы Зүлфия бәрін тастап, бассейнге ешқашан қайта оралмауға дайын еді. Жаттықтырушысы құтқарып қалыпты: шопингке апарған, арманға бір қадам қалғанда бәрін тастап кету мүмкін бе деп сұраған. Ақыры Зүлфия ешқайда кетпей, спортта қалады.

Төрт жылдан кейін Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада-2016 ойындарында Ғабидуллина таңғаларлық нәтижеге қол жеткізіп, алтын алады және әлемдік рекорд орнатады.  Сенбедім жеңгеніме. Бір жылап, бір күлдім. Бұрын елдің бәрі әнұран туралы айтқанда түсінбеуші едім. Бірақ марапат алып, гимннің алғашқы ноталарын естігенде бірден сездім – бұл үлкен мақтаныш еді 

Әлі күнге Зүлфия Олимпиадада жеңіске жеткеніне сене алар емес. Күн сайын «мен чемпионмын, мен чемпионмын» деп өз-өзіне қайталайтынын мойындайды. ». 


 

         


Әу баста Зүлфия ең мықты үштікке ілігуді және соның алдындағы нәтижесін жақсартуды мақсат еткен болатын. Ең соңғы күні ең болмаса екінші орын алсам деген ойда болған екен. Бастысы абыржымау керек, ештеңе ойламау керек, дұрыс жүзіп беру керек.  

Қатты ашуландым. Қуып жетіп қалғанын көріп, медальді бермеймін деп ойладым. Жалаушаны жүзіп өткенде у-шу болып кетті. Кім жеңгенін түсінбей қалдым, ешкімнің аяғын көрмеген сияқты едім. Көзілдірігімді шешсем, бәрі әлем рекордын қалай жаңарттың деп сұрап жатыр. Оны ұғып тұрған мен жоқпын. Күле бердім

Бұл жеңіс өміріңізге қандай үлкен өзгеріс әкелді деген сұраққа Зүлфия қоғамда түсініктің өзгере бастады деп жауап берді. Бұрын көрген ел жақтырмайтын, әйелдер ұл-қыздарына мүгедек адамға қарауға да тыйым салатын, балалар, керісінше, арбаны қызық көретін.  

Қазір бәрі өзгерген. Жұрт көшеде жай ғана танып қоймайды, жақындап келіп, суретке түседі, сұрақтар қойып жатады. Көп адам телефонмен хабарласып, кеңес алғысы келеді. Елде арбаға таңылған жандар өте көп, олардың бәрі бірдей Зүлфия секілді өз жолын тапқан жоқ. Қазір мұндай адамдар өмірдің мүгедек арбасымен бітпейтінін, «музыкамен де, бимен де, спортпен де айналысуға болатынын» біледі.

Қазақстан паралимпида құрамасының үлкен жеңістері жалпы елдегі паралимпиада спортының дамуына оң әсер етті: жер-жерде секциялар ашылып, бұқаралық спорт дамып жатыр, жарыстарға қатысып, өмір сапасын арттыру мүмкіндігіне қол жеткізген адамдар қатары да артып келеді.

Лондондағы Олимпиадаға қалай жиналғанымыз есімде. Оны Риоға барғанымызбен салыстыруға да келмейді. Мұнда бізде массаж жасайтын мамандар да, дәрігерлер де, қолдау тобы да болды. Бәрі жоғары деңгейде өтті, тіпті біраз еркелеп те алдық 

Қазір Зүлфия – 160 медаль мен 13 әлемдік рекордтың иегері. Келесі кезең – Мексикадағы чемионат пен 2020 жылы өтетін Паралимпиада ойындарына дайындық. «Бақытты екенімді әрдайым айтып отырамын» дейді Зүлфия. Ол «ешқашан салың суға кетпесін, себебі өмір қызыққа толы, тек барлық қиындықты жеңе білу керек» дегенді ұстанады. Арба, мүгедектік, 1998 жылғы күйеуімен ажырасу, қызының дүниеге келуі, ақшадан тарығу, көшеде газет сату, анасының қайтыс болуы – Ғабидуллинаның өмірінде бәрі болды.  

Бірдеңе өзі өзгереді ғой деп қол қусырып отыра беруге болмайды. Өзің жасау керексің, ешқашан аяма өзіңді. Бәрі де өткінші. Алда сені тек жақсылық күтеді

 


Ең әдемі комикс қаһарманы Astana Banki ұсынатын шектеулі банк карталарының сериясында бейнеленген. Ғажап әйел мен ғажап бенефиттер сыйлайтын картаға тапсырыс беруге асығыңыз. Тапсырыс қабылдау ашық, ал карта саны сағат сайын азайып келеді.