«Степь» өзінің ҚР полиция жұмысы жайлы видеоларымен Youtube-та танымал қоғам белсендісі Руслан Жанпеисовпен әңгімелесті. Бүгінгі күні Русланның арнасына 45 974 адам жазылса, видеоларын 10 миллион адам қараған.

Ең бірінші видеосы екі жыл бұрын жарияланған болса да, Русланға танымалдылықты полиция қызметкерлерінің демалысы және «кірпіш» белгісі жайлы видеолары әкелді.  


Мен Кеңес үкіметі кезінде туған қарапайым қазақпын. Ата-анам саудамен айналасқандықтан, Шымкентке қайтып келмейінше балалық шағым Қазақстанның түкпір-түкпірін аралаумен өтті.

Өзім орта мектепте оқыдым, 8-сыныптан кейін Шымкент қаласындағы РӘМИ-ге (Республикалық әскери мектеп-интернат) түстім. 20 жасымда бір құрылыс алаңына монтажшы болып жұмысқа орналастым.

Жұмыс жолым 2000-жылдары басталды. Қазір еңбекті қорғау саласында қызмет етіп жүрмін. Жалпы жұмыс өтелімім 15 жыл. Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар бойынша инспектор болып Қазақстанның көптеген ірі және қызықты жобаларында жұмыс істедім. Былайша айтқанда мен қауіпсіздік техникасы бойынша маманмын.

Ешқашан үндемегендіктен ғой деймін, мен қызмет еткен компаниялардың көбінде мені түсіне бермейтін. Дәл осы қасиетім көптеген қиын мәселелерді шешуге көмектесті десем артық айтқаным емес. Менің көз алдымда заң бұзылса, біреу басқаларды ренжітсе, өзінің қызметтік лауазымын пайдаланса мен үнемі өз ойымда білдіретінмін. 

Қазір отбасылы адаммын, екі әдемі ханшайымым бар: Данеэлла мен Аружан. Жұбайым қазақ емес, бірақ халыққа мені де қазақ деп айтуға біраз қиын. Барлығы үйренген ережелермен өмір сүрмеймін, әр нәрсеге өзіндік көзқарасым бар. Мысалы, адамдардың кішкене сақал жібергенім үшін маған намазхан деп қарауы мені біраз таң қалдырады.

Жалпы, мен белсенді азаматтық позициясы бар өз елімнің қарапайым азаматымын. Сонда да өте сақ болуға тырысамын. Кейбір кездері қызуқанды, қатаң, турашыл боламын, алайда үнемі әділдікті жақтаймын.

Неғұрлым көп видео жүктеген сайын, соғұрлым көп сұрақтар келе бастайды. Ең жиі қойылатын сұрақтардың біріншісі – көлік құралдарын тоқтату заңдылығы, екіншісі – айғақтарды ұсыну, үшіншісі – полиция қызметкерлері әрекеттерінің заңдылығы.

Біріншісі бойынша: «анау үшін, мынау үшін мені тоқтата ала ма?» деп сұрайды, екінші сұрақ бойынша: қызметкер видеожазба (айғақ) ұсыну керек пе?, үшіншісі бойынша: осылай істеді, осылай рәсімдеді, бұлары дұрыс па?

Негізінде, сұрақтардың барлығы дерлік бірдей. Алайда сұрақтарға тура жауап беру біраз қиын, себебі сен болған жағдайдың куәгері емессің, ал адамдар болса толық ақпарат бере бермейді. Сонымен қатар, саған келтірілген мәліметтер біраз субьективті болуы мүмкін. Мәмілеге келу үшін жағдаяттың мән-жайын анықтау керек.

Әр түрлі лақап аттар (Ревизор, Охотник за полицейскими) мені ренжітеді. Менің мақсатымды біреу білсе, біреу білмейді. «Не қыласың? Қойшы, саған сол керек пе? Жалғыз өзің ешнәрсе өзгерте алмайсың ғой! Сен осыны орнына қоямын дейсің бе?» дегенді жиі естимін.

Мен полицияны жақтаймын, әрине. Полиция болмаса, хаос болады! Тек бір шарт – полиция қызметкерлері лауазымдарына сай болу керек. Біздің қазіргі полиция қызметкерлері біреудің асырауына үйреніп қалған.

Халыққа басқа полиция керек. Азаматтармен жұмыс жасай алатын, алғашқы көмек көрсете алатын, қиын жағдайларда жұмыс істеуге дайын, заңды білетін, әділ полиция қызметкерлері керек.

Біздің құқық қорғау жүйесіне реформа қажет. Менің ойымша, қызметтегі барлық полиция қызметкерлерін қайта аттестациядан өткізу керек. Барлығын.

Сонымен қатар, мемлекет ішкі істер органдарына ашық іріктеуді тоқтатуы керек. ІІМ саясаты әскери билет пен полиция мектебіндегі 3 айлық курсты ғана талап етеді. Өздеріңіз ойланып көріңіздерші, армандаудан басқа ештеңені білмейтін, 3 айлық курсты бітірген 19 жасар жеткіншек полиция формасын киіп, заңды қорғауға шығуы дұрыс па? ІІМ бұны қалай ғана қолдайды? Өз басым еш түсінбеймін.

Осыған байланысты қазіргі ҚР ІІМ жүйесіне реформа керек деп ашық түрде айта аламын.

Полиция қызметкері болу үшін тек әскери билет керек, бұл – үлкен проблема. Яғни біздің полициямыздың керек кезде бізді қорғауға қабілеті төмен.

2 жылдай әскери борышын өтеген, заң бойынша ешқандай білімі жоқ, 17 жасар адамды мемлекет  ішкі істер органдарында жұмыс істеу үшін керекті біліммен қамтамасыз ете алмайды.

Бұны жұмыс өтелімі 5 жылдан асса да, заңнан түк хабары жоқ полиция қызметкерлері дәлелдейді. 

Қазіргі таңда көбінің ҚР ІІМ жүйесіне көңілі толмайды. Адамдардың көбі бұндай полицияның бізге түкке керек емес екендігін түсінеді. Бүгінде мемлекет азаматтардың айлығынан 10%-ы полициямызға жұмсалады. Бұны жөндеу керек!

Полиция қызметкеріне 300-400 мың айлық қойғысы келмейтін адамдарға қарсы шыға аламын. Тағы қай жерден артық 2-3 мың теңге тапсам екен деген ой келмес үшін полиция қызметкерлерлерінің жоғары айлық алуын қолдаймын. Одан да еліме, халқыма қандай пайда әкеле аламын деген ойлар болсын. Бірақ, айлықтары білімдеріне сәйкестендірілуі керек.

Біз шетелдік әріптестерімізден үлгі алуға үйрендік. ІІМ Еңбек туралы Заңға батыстық тәжірибелерді қоса алады деген сенімдемін. Сол арқылы полиция қызметкерлерінің негізгі жалақысына қосымша сияқыны да қарастыра алады деп ойлаймын.

Бұның барлығы қызметкерлерді қосымша ақша жайлы ойлануға емес, оқуға, талпынуға (мысалы, шет тілін үйрену, құтқару жұмыстарын меңгеру, қалалық қиын жағдайларда әскери іс-қимылдарды үйрену, алғашқы көмек көрсету курстарын өту) жігерлендіреді.

Мен полиция қызметкерлерінің дұрыс білімі мен жұмыс жағдайы болғанын қолдаймын. Қызметкерлердің ешқайсысы біліктілікті арттыруға қарсы болмайды.

Менің мақсатым – ІІМ министріне Қазақстандағы полицияның шын жағдайын көрсету және реформа талап ету. Еліміздің әр азаматы “Қазақстанда бәрі жаман” деп айтудың жеткіліксіз екенін түсінеді. Сол себептен, қалаларды, облыстарды аралаймын, видео түсіремін, полиция қызметкерлерімен сұхбаттасамын, содан соң оларды арнамда жариялаймын. Осы жылдың соңына дейін әр аймақты қамтып, министрге реформа және ұсыныстарым бойынша жолдау жасаймын.

Таң қалмаңыздар, алайда мені және менің бастамамды қолдайтындардың арасында полиция қызметкерлері де бар, өйткені менің қалайтынымды олар да қалайды.

Мені бопсалайтын, маған қарсы шығатын, бастамамды басып тастауға талпынатын адамдар бар ма деген сұрақтар адамдардың көбін қызықтырады. Алайда, шындығына келсек, ондай адамдар жоқ. Әрине, мені уайымдайтын адамдардың бар екеніне қуанамын, бірақ бұл менің емес, сіздердің қорқыныштарыңыз екенін білгендерінізді қалаймын. Кейбіреулерін аңға ұқсатқандарыңызбен, менің айналамды тек жақсы адамдар қоршайды. Мынау бір жақсы мақалды басшылыққа алыңыздар: «волков бояться – в лес не ходить»! (Қиындықтан қорықсаң, ешқандай іс бастай алмайсың мағынасында)


Иллюстрация: Гликерия Зяблицкая