Халықаралық IT-байқауда жеңіске жетіп, Google басшысымен кездесіп, Teen Vogue басылымына сұхбат берген қазақстандық оқушылар кімдер?

10 минут Анель Тажинова
Халықаралық IT-байқауда жеңіске жетіп, Google басшысымен кездесіп, Teen Vogue басылымына сұхбат берген қазақстандық оқушылар кімдер?
Партнерский

Үшінші соңғы бөлімде біз сіздерді халықаралық Technovation Challenge IT-байқауының финалына шығып, Google СЕО-сы Сундар Пичаимен кездесіп, атақты американ журналы Teen Vogue-ге сұхбат берген төрт оқушы мен екі ментордың хикаясын айтып береміз.


«Бізді жеңімпаз деп жариялған кезде, сезімімізге ерік бердік. Айқайлап, жылап, бір-бірімізді құшақтап қуандық. Жеңісті ешкім күткен жоқ. Бірақ біз, Алматыдан шыққан қарапайым қыздар сол сәтте сол жерде халықаралық IT-байқауда жеңіске жетіп, марапатталып жаттық. Сол жер деп отырғанымыз Силикон алқабының жүрегі, Google-дің ашық амфитеатры еді».


Желтоқсан, 2016. Сөздің басы

Бәрін бастаған команда менторы және Maker Space инновациялық технологиялық орталығының үйлестірушісі – Әзизә Ибрагимова. Жаңа жұмысқа келген кезде ол Technovation-мен танысады. Басқа үйлестіруші команда жинап, оларды байқауға дайындап жатқанда Әзизә оған тек көмектесіп, сырттай бақылап жүреді. Бірақ жаңа маусымда өзі қатыспаққа бел буады.  

Әзизә Ибрагимова — ментор

Команда жинау қиын болған жоқ. Барлық қатысушы қыздар – Диана да, Аружан да, Ажар да, Дияра да бағдарламалау курсына екі айдан астам уақыт бойы келіп жүрген оқушылар еді. Олар бірден Techovation-ға қатысуға асық болады. Команданың екінші менторы Әйгерім бұл кезде қосымшалар дизайнын жасаумен айналысатын. Әзизәнің ұсыныснан кейін бірден келісімін беріп, командаға қосылады.

Әйгерім Қатаева – ментор

Technovation секілді байқаудың ерекшелегі – жарыс кезінде тек белгілі бір қосымша жасап қана қою жеткіліксіз. Алты ай бойы қарқынды түрде жүрген бағдарлама кезінде бизнес және маркетинг жоспарын түзіп, видео түсіріп, презентация әзірлеп, қаржылай жағын толықтай жазып шығу керек. 130 елден келген қыздар біртіндеп дайын өнімдер жасайлы. Technovation-ның басты миссиясы – қыздарға технологияның қорқынышы емес екенін және олардың әрқайсысы шыққан жеріне қарамастан технологиялық шешімдер жасауды үйрену дәлелдеу.

Қаңтар — Ақпан, 2017. Команды атауы, слоганы.

Желтоқсан айын команданы қалыптастыру мен алты түрлі сабақ кестесін үйлестіруге жұмсаған қыздар тек қаңтар айының басында, қысқы демалыс кезінде ғана бас қосып, идеяларын талқылай алды. Қыс барлық мүмкін деген жоба тақырыптарын талдап, саралауға кетті. Менторлар тапсырма берді, қыздар тақырыптың Қазақстанда қаншалықты өзекті екенін, статистиканың қандай екенін, балама дүниелердің бар жоқтығын, қазір қандай бизнес-модельдердің қолданылатынын зерттеді. Команда атау мен қосымша тақырыбы тек ақпан аяғының соңында дайын болды.

/flash деген команда атауы (“slash flash” деп оқылады) – Аружанның ойлап тапқаны. Алдымен ол “Now you see us”, яғни «Енді сіз мені көріп тұрсыз» деген слоганға тоқтайды, бұл қол шамы — «flash» туралы идеяға алып келеді. «Flash» сөзінің ағылшын тіліндегі тағы бір мағынасы «жылдам және жарқын» дегенді білдіреді, ал мұнымен ұйқас “slash” бағдарламалау кодында пайдаланылады. Осыдан кейін бәрі белгілі, түсінікті болды, орын-орнына келді, атау бәріне бірдей ұнады.

Аружан Қошқарова

Бізді дұрыс атамайтын, жай ғана «flash» дей салатын. Барлығы таяқша болмау керек, қате кетіп қалған шығар деп ойлайтын. Ең соңында, бізді жеңімпаз деп атаған кезде ғана команда атауын дұрыс айтты. Одан жеңісіміз тек тәтті бола түсті

Бірақ слоган видео түсіру кезеңінде өзгеріп кетті. Түсірілімнің соңына қарай қыздар тұңғыш рет “Qamcare your family” деп айтады, яғни қосымшаларының атауын етістікке айналдырып жібереді. Ақыры осы сөз алдағы презентациялардың слоганына айталып кетеді.

Наурыз, 2016. Дизайн.

Көктемде қыздар қауіпсіздік тақырыбына көтереді. Бұл проблеманы қосымша арқылы қалай шешуге болатынын және шағын прототипті қалай таныстыратынын талқылай келе олар ортақ идеяға келіп тоқтайды.  идее. 

QamCare қосымшасы қолданушының жүрісін бақылайды және қауіп төнді-ау деген кезде таңдалып алынған байланыс тұлғаларына қолданушының тұрған жері туралы ақпарат жібере бастайды деп шешім қабылданады. Қосымша сипаттамасынағы ең басты ерекшеліктердің SOS-батырма болды. Оны басқан кезде алдын-ала таңдалып алынған байланыс тұлғаларына SMS-хабарлама жіберу функциясы іске қосылады.  

Қосымша атауына қыздар екі тілдегі «қамқор» және «care» («қамқорлық») сөздерін біріктірді. Осылайша олар қосымшаны ойлап табудағы басты идеяны – айналадағы ең маңызды адамдарға қамқорлық көрсетуді көрсеткілері келді.

Тақырып анықталған соң ментор Әйгерім мен Ажар толықтай жауап беретін дизайн жұмыстары басталып кетті.

Ажар Сұлтансих

Дизайн – жай ғана әдемі сырт көрініс емес, ол қосымшаның ең маңызды бөлігі. Барлығы қарапайым және барынша ыңғайлы болуы керек. Түс таңдау қосымшаның мақсатты аудиториясын анықтау туралы ресерчке негізделді.

Өзіміз үшін емес қолданушылар үшін жасап отырғанымызды түсіну маңызды еді. Маған, мысалы, жұмсақ түстер әдемі, жеңіл, ыңғайлы көрінетін. Бірақ біз оларды таңдаған жоқпыз, онымызға қуанбасам, ренжімеймін

Дизайн мен түстерді қыздар Dribbble, Behance секіді open-source ресурстардан іздеді, кәсіби мамандардың қалай жұмыс істейтінін зерттеді, үйренді. IOS гайдлайнына сәйкес кәдімгі Helvetica и San Francisco шрифтерін пайдаланды.

Сәуір, 2017. Бизнес-жоспар, кодтар, қаражат

Technovation ережелеріне сәйкес, 27 сәуірге қарсы, яғни аймақтық питчке бірнеше күн қалғанға дейін сайтқа видеоны, скриндерді, сипаттаманы, презентацияны, ең бастысы, кодтарды – бәрін-бәрін жүктеп қою керек. Бұл кезде Диана іске кірісіп, код жазуға отырады.

Диана Жанақбаева

Бұл уақытта Дияра мен Аружан бизнес және маркетинг жоспарларын түзумен айналысады. Technovation ұйымдастыруындағы әр қадамның анық-қанық жазылғаны көп көмектесті дейді қыздар. Нақты тапсырмалар болған, мысалы, бизнес-жоспарда белгілі бір бет саны болуы, мынадай-мынадай сұрақтарға жауап көрсетілуі, команда миссиясы мен ой-болжамы жазылуы керек еді. Мұндай детализация жұмыс барысын айтарлықтай жеңілдетіпті.

Мамыр, 2017. Аймақтық питч

Бірінші мамырда біз аймақтық питчке келдік. Біздің функционал қарапайым еді, кей парақшаларымыз жұмысы аяғына дейін жетпеген болатын. Америкаға алып келгеніміз әлдеқайда артық болды

Аймақтық питчте команда бірінші орын алып, бүкіл әлем бойынша 132 командамен бірге жартылай финалған автоматты түрде өтеді. Олардың ішінен онлайн режимде қазылар алқасы үздік алтауын таңдап алу керек еді. Дәл осы командалар Америкаға өз жобасын қорғауға аттанатын. Нәтижелер 9 маусым күні шығады делінді. Тек күту ғана қалды.


 

         


Маусым — Шілде 2017. Соңғы жұмыстар

Команданың өткенін ең бірінші болып Диана білді. 9 маусым күні таңғы жетіде ол көптен күткен электронды хатты оқып, ортақ чатқа «Қыздар, өттік, Сан-Францискоға жобамызды қорғауға барамыз!» деп жазады. ».

Құрама Штаттарға аттанатынын нақты білген соң қыздар барлық детальдарды барынша жетілдіріп, жақсартпақ болады. Әрине, көп дүниені өзгерту мүмкін емес еді, себебі барлығы байқау сайтына жүктеліп, қаралып, тексеріліп қойылған болатын. Дегенмен алғашқы әсер қалдыру команда мүшелерінің қолында екенін қыздар түсінді.

Олар қазылар алқасы бірінші кезекте мән беретін дүние – питчке, яғни жоба қысқаша таныстырылып, идея қорғалып, жоспарлар айтылатын сәтті мықтап қолға алады. Ол қарапайым, түсінікті, бірақ тиімді, конструктивті және барлық керек ақпаратты жеткізе алатын болуы керек еді. Питчке дайындалуда командаға Toastmasters Almaty президеті Әлия Шайхина көмектесті. Ол қай кезде үзіліс жасап, дауыс ырғағын қалай өзгерту керектігін түсіндіріп берді, қысылмай-қымтырылмай сөйлеп, күйгелектенбеуді үйретті. Қыздар сағаттап айна алдында жаттығып, презентация мәтініне дайындалды. Осының арасында тамыз да келіп жетті.

Тамыз, 2017. Финал.

7-11 тамыз аралығында қыздар Сан-Францискода болды. Алғашқы үш күн түрлі воркшоптар мен сессиялардан тұрды, 10 тамызға Pitch пен Stand Session жоспарланды, ал одан кейінгі соңғы күні марапаттау өтуі керек еді.

Презентация алдындағы түнде ешкім ұйықтаған жоқ. Дайындалды, бір-біріне демеу болып, стендтерін әзірледі. «Алты айға созылған жұмыс – төрт минуттық питч», «Алты ай бекер өткен жоқ», «Just do it» — адамды жігерлендіретін жазуы бар стикерлер жиһаздың бетін толтырып тастады.

Таң атты, Google кеңсесіне баратын кез келді. Әр минут секундына дейін жоспарланған, сондықтан қыздар таңғы астан кейін бірден қазылар алқасы мүшелерінің бірі Teen Vogue американ журналына сұхбат беруге аттанды. Айтпақшы, кейінірек басылым қазақстандық қосымша туралы үлкен мақала жазады.

Кімге сұхбат беріп жатқанымды түсінген де жоқпын. Біз Google кеңсесінде едік, басқаның бәрі, тіпті Teen Vogue де маңызды емес еді

Үш сағат Stand session-ға дайындыққа берілді. Бұл кезеңде қыздарға қосымшаның қалай жұмыс істейтінін көрсету керек еді. Бес қазы сұрақ қойып, қосымшаны тестілеп көріп, питч тыңдады, осыдан кейін барлық командаларда толық презентация жасау мүмкіндігі болды.

Танымал журналға сұхбат беру қыздарға еш әсер етпесе, Google бас директорымен кездесу олардың жүрегінде ең жылы сезімдер қалдырды. Маңызды адаммен кездесу үшін команда өкілін таңдап алу керек деп алды-ала ескерткен кезде, олар бұл маңызды адамның Сундар Пичаи болатынын білген де жоқ болатын.

Аружан: Сундар бізге кіріп, қайда отырайын дегенде, бірден жанымды көрсеттім. Google-дің қай өнімін жақсы көретінін сұрадым. Ол қай балаңды қаттырақ жақсы көресің дегенге жауап бере алмайтын секілді, мұны да айта алмаймын деді. Мен Google Hangouts-ты атадым. Сундар риза болып, таң қалды.

Пичаимен тек Аружан ғана кездескен жоқ. Оны жеке кездесу үшін басқа бөлмеге алып кеткенде, басқа қыздар холда қалып, қызығушылық білдірген адамның бәріне өз қосымшалары туралы әңгімелеп жатқан еді. Бір кезде маңызды тұлғаның пайда болуын білдіретін алғашқы белгі – күзет пен фотографтар қаптап кетті.

«Жиналған елді сырттай бақылап тұрғам. Бір қарасам, қыздар Сундар Пичаимен жайбарақат, емін-еркін әңгімелесіп жатыр. Жандарына барып, жаңа ғана кіммен сөйлескендеріңді білесіңдер ме деп сұрадым. Сөйтсем олар қосымшаларын Google бас директорына таныстырғандарын сезбепті де», — деп еске алады Әзизә.  

Марапаттау салтанаты келесі күннің кешіне жоспарланды. Күндіз қыздар қалаға шығып, Сан-Францисконы аралады. Алайда оларды көрікті орындар мен тұнған табиғат көріністері қобалжыта алған жоқ. Оның орнына қыздар жеңіске жету ықтималдылықтарын ойлады. Барлық командалар бірдей мықты еді, мұны түсінді. Мысалы, Кениядан келген команда жергілікті ауқымда өте маңызды проблема – әйелдерді сүндетке отырғызуды көтерді. Бұл американ қоғамын дүр сілкіндірді, мәселен, байқау басталмай жатып, CNN олар жайында репортаж түсіріп кетті.

Тура алтыда марапаттау басталды. Қыздар жеңіс күткен жоқ, келген топтардың қай-қайсысы жеңсе де, қуануға әзір еді. Әр қосымшаның артында қандай еңбек тұрғанын білетін және жарты жыл ішінде өздерінің қандай жұмыс жасағанын сезінетін олар кез келген жеңімпазды құттықтауға дайын болатын.

Командамызды жеңімпаз деп жариялған кезде, сезімімізге ерік бердік. Біздің жеңісті ешкім күткен жоқ. Бірақ біз, Алматыдан шыққан қарапайым қыздар сол сәтте сол жерде халықаралық IT-байқауда жеңіске жетіп, марапатталып жаттық. Сол жер деп отырғанымыз Силикон алқабының жүрегі, Google-дің ашық амфитеатры еді

Қуаныш саябырсып, өздеріне келген соң қыздар жеңімпаз ретінде Teen Vogue-ға сұхбат беруге және фотосессияға түсуге барды. Бұл кезде командадағы жалғыз тілек туыстарға хат жазып, жанкүйер болғандарға хабар жеткізіп, еркін тыныстап, ары қарай мейрамдату болатын.

Әйтеуір, қонақ үй кереуетіне келіп беті қайтқан жоспар сондай еді. Бірақ кейін де тойлатуға болады, алдымен ұйқы қандыру керек.


Қазір қыздар AppStore мен Google Play-де қолданысқа енгізу үшін қосымшаларын жетілдіріп жатыр. Диана ҚБТУ-ға роботехникаға түсті, Аружан Haileybury-де грантта 12-сыныпта оқиды, Дияра да осы жылы Назарбаев зияткерлік мектебін бітіреді, химияны ғылым ретінде меңгеруді жоспарлап отыр. Ажар бір жыл оқудан демалыс алмақшы.

«Ең бастысы, жеңісіміздің арқасында басқаларға үлгі болдық. Яғни байқап көру қажет екенін, жұмыс істеу керектігін, барлығы да мүмкін екенін, сонда барлығы да ойдағыдай болатынын көрсете алдық»


Ең әдемі комикс қаһарманы Astana Banki ұсынатын шектеулі банк карталарының сериясында бейнеленген. Ғажап әйел мен ғажап бенефиттер сыйлайтын картаға тапсырыс беруге асығыңыз. Тапсырыс қабылдау ашық, ал карта саны сағат сайын азайып келеді.

 

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Зачем городам мастер-планы: интервью со Светланой Бугаевой

Зачем городам мастер-планы: интервью со Светланой Бугаевой

В новом материале мы побеседовали с Светланой Бугаевой, архитектором и директором филиала компании «База 14» в Казахстане, а...

8 минут
8 минут
 Женщины, которые меняют мир

 Женщины, которые меняют мир

О том, как у них получилось открыть свое дело, а после — найти настоящую суперсилу.  Сегодня...

15 минут
15 минут
Респираторно-синцитиальный вирус: как отличить от гриппа и защитить ребенка

Респираторно-синцитиальный вирус: как отличить от гриппа и защитить ребенка

Мы побеседовали с Ляззат Тасбулатовной Ералиевой — педиатром, детским инфекционистом, доктором медицинских наук и...

6 минут
6 минут
Learning How to Learn: Барбара Окли о том, как овладеть навыком учебы

Learning How to Learn: Барбара Окли о том, как овладеть навыком учебы

В современном мире, где информация обновляется с невероятной скоростью, умение эффективно учиться становится одним из важнейших...

2 минуты
2 минуты