Кревтивті саладағы алғашқы STEPPE Awards 2023 марапаты қалай өтті

13 минут Сабина Жандильдина RU
Альтернативный текст

2 қарашада STEPPE Awards алғашқы жабық марапаттау рәсімі өтті, онда биылғы жылы назардан тыс қалған жаңа жасампаздардың жетістіктері атап өтілді. Іс-шараға креативті индустрияның 600-ден астам өкілі қатысты және жаңа, әрі өршіл ынтымақтастықтардың алаңына айналды.


Марапат 11 санатқа бөлінді: театр, өнер, шығармашылық IT, урбанистика, сәулет, әлеуметтік жобалар, музыка, ғылым, бизнес және кәсіпкерлік, инфлюенсерлер және кино. Қосымша санаттардың қатарына көрермендер сыйлығы және де Cartier Women's Initiative бастауымен жасалған STEPPE Women санаты кірді. Соңғы санатта social impact саласындағы кәсіпкерлердің жобалары атап өтілді.

STEPPE Awards 2023 марапатының бас серіктестері Home Credit Bank бастаманың негізгі міндетін, яғни, жас креаторларды атап өту және жаңа есімдерді ашу жолында ат салысты. Сонымен қатар, Home Credit Bank «Жылдың Бизнес-серпіні» номинациясында жеңімпаз атанған — балалар мен әйелдерді қауіпсіз тасымалдауға арналған UvU такси қызметін бөлек қолдады. Жобаның авторлары MOST компаниясының атынан арнайы сыйлыққа иеленді — олар Копенгагенге Creative Business Cup халықаралық финалына тегін сапар ұтып алды.

Мария Мун мен Лиля Айдарбаева «Бизнес және кәсіпкерлік» санатындағы жеңімпазды марапаттауда

Марапаттың екінші стратегиялық серіктесі ретінде Cartier Women's Initiative бастамасы негізге алынды. Осылайша, STEPPE Women атты арнайы санатта даму ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарына арналған Оzim Platform мобильді қосымшасы жеңіске жетті.

Cartier маркетинг және коммуникациялар жөніндегі директор Полина Крутских,Ozim Platform командасы және STEPPE медиа негізін қалаушы Зауре Розмат 

«Музыка» санатында әнші Kuanyshbek Nurgazy жеңіске жеткен болатын. Санаттың серіктесі FUN&SUN оған Египетке экскурсия, сондай-ақ SUNRISE Resorts&Cruises қонақ үйінде тұру мүмкіндігін берді.

«Жыл кинокартинасы» номинациясында режиссер Дархан Тулегеновтың «Братья» фильмі жеңімпаз атанды. «Кино» санатының демеушілік рөлі kino.kz. атты ойын-сауық қызметіне сеніп тапсырылды. Санатының ресми серіктесі және OpenEdu компаниясының негізін қалаушы Алма Кожан оған XIAMEN University MALAYSIA-да үш айлық ағылшын тілі курстарын сыйлады.

Халық Банкі АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев Нурланович, OpenEdu компаниясының негізін қалаушы Алма Кожан және «Кино» санатының кураторы Андрей Мануйлов 

«Әлеуметтік жобалар» санатының жеңімпазы, Teach for Kazakhstan, Lenovo компаниясының ноутбугын, сондай-ақ Орталық Азияның Еуразия қорынан ҮЕҰ-ны ұйымдастырушылық дамыту бойынша сараптамалық қолдауды жеңіп алды. 

«Урбанистика» номинациясы бойынша марапатты Urbanitarium алды — бұл 13 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған білім беру жобасы, онда урбанистер, сәулетшілер, әлеуметтанушылар және экологтар дағдыларын үйретеді. Жоба 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық, сондай-ақ «Урбанистика орталығы» оқыту сертификаттарын алды.

Ең үздік жаңа сәулет жобасы D Studio — Piedmont house деп танылды. Сәулетшіге Air Astana авиакомпаниясынан Грузияға саяхат және қонақүйде тұру мүмкіндігі берілді. 

ART санатында қайтыс болғаннан кейінгі марапатпен Бақыт Бубиканова жеңді. Түркістан музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі және продюсер Айнұр Көпбасарова номинация жеңімпазына 1 000 000 теңге сыйлық ұсынды. Бұл сома Бақыт Бубиканова атындағы сайыс ұйымдастыру үшін Aspan Gallery басшылығына өтеді. Сайыс жеңімпазына жүлдемен бірге А. Кастеев атындағы музейдегі көрсетілімге қатыса алатын болады.

«Үздік театр жобасы» номинациясында Şam театры жеңіске жетті. Театр командасы Appazov Brand Academy атынан бренд дамыту бойынша курстарды сыйлыққа алды. 

«Креативті IT» санатында EasyTap сервисі жеңімпаз атанды. Жоба командасы Astana Hub-тан 3 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. 

Сарапшы қазылар алқасы шешімінің қорытындысы бойынша «ғылым» санатының жеңімпазы Иван Раделюк болды. Жас ғалым Sergek Group компаниялар тобы негізін қалаушылардың бірі Қайрат Ахметовтен 1 000 000 теңге сомасына сертификат алды. 

Сондай-ақ, номинацияның серіктесі EY компаниясы жеңімпаздарға гала-кешкі асқа және «Жыл кәсіпкері» атты EY байқауының марапаттау рәсіміне екі шақыру билетін ұсынды.

«Инфлюенсерлер» санатында Улан Усенов жеңіске жетіп, Traveller компаниясынан Coldplay тобының концертіне екі билет алды. 

Көрермендердің дауыс беруінде «Ғылым» санатынан Аяулым Нұрғожина, «Театр» санатынан ARTиШОК және «Әлеуметтік жобалар» санатынан «Арғымақ» атты жобалар жеңіп алды. Лауреаттардың әрқайсысы EY Academy атынан «Executive MBA: интенсив» курстарын сыйлыққа алды. 

Перфомансы

STEPPE Awards жабық іс-шарасында өнер мен шығармашылық индустриясының әртүрлі салаларын қамтитын бірегей спектакль бағдарламасы ұсынылды. Кеш Jolda шығармашылық зерханасының Мerger биінен басталды. Театр биінде әр көрермен өз мағыналарын таба алды. Продюсер ретінде Жанна Туленды, ал перфоманстынң хореограф-қоюшысы — Жания Тілеукенова болды.

Сондай-ақ, жабық марапаттау рәсімінде танымал суретшілер Зарина Қырғызхан мен Айя Рүстемованың көшпенді туралы «Елші» анимациялық 3D-фильмінің премьерасы өтті. Фильм демеушісі Caspian Beverage Holding АҚ құрамына кіретін Tamga энергетикалық сусындар бренді болды.

Сонымен қатар, STEPPE Awards марапатына арнайы біздің команда қобыз, қыл қобыз, домбыра және көмеймін ән айтуды біріктіретін ерекше музыкалық перфоманс дайындады. Ол Боралдай қорғандарында қазақ даласының таңғаларлық көрінісінен басталды, онда Арқайым тобының солисі Абзал Арықбаев көмеймен ән орындады. Залдағы әртістер әр түрлі аспаптарда импровизация жасады.

Музыкалық продюсер және композитор Диас Әділ осыған арнап музыкалық сүйемелдеу жазды. Мұхтар Сәтқозы, Диас Әділет және Нұрболат Қыдырбаев қобыз және домбырамен бірге өздерінің музыкалық бөліктерін толықтырды.

Музыкалық қойылым мен көрнекі қатардың симбиозы көрермендерге дала, таңғажайып музыка және креатордың саяхаты туралы әңгімелейді. Әртістердің  бейнесін қазақстандық Anima бренді ұсынды. 

Кешті қорытындылау үшін Атыраудан келген Кezeń жас рок-тобы өнер көрсетті. Балалар Bult re, Samurai және Qash oyu авторлық әндерін орындады.

Сонымен қатар, креативті саладағы алғашқы марапаттау рәсімін Tamga атты энергетикалық сусындар бренді, Lamoda интернет-дүкені, Золотое Яблоко компаниясының атынан For me бренді және де Lerna атты онлайн білім беру платформасы қолдады.

Жобаның ақпараттық серіктестері — TikTok, Qamalladin, 2any1, JKS Agency, WE project, 98MAG, Spring Central Asia, Er10 және т.б. Креативті серіктестері — GLYPH Creative Agency, 16*9 Studio.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Партнерский

В Казахстане стартовали продажи инновационного автомобиля EXEED RX

Автомобиль предлагает высочайший уровень комфорта на уровне сегмента «премиум» и целый комплекс современных систем, облегчающих управление.

9 минут
9 минут
Партнерский

В Астане прошла презентация дилерского центра Porsche Centre Astana

На мероприятии был представлен новый автосалон, построенный в соответствии с уникальной концепцией Destination Porsche.

7 минут
7 минут
Партнерский

Бренд энергетического напитка Tamga выпустит книгу «История казахских племен»

Книга выпущена в соавторстве с историком Радиком Темиргалиевым

5 минут
5 минут
Партнерский

«Искусство быть лучшей версией себя»: в Алматы прошла презентация брендов Oral-B и Braun

В основе новой концепции брендов — желание улучшать жизнь при помощи привычных вещей.

6 минут
6 минут