Париж келісімі: Сіз білуге тиіс мағлұмат

6 минут Бауыржан Биахметов
Альтернативный текст
Партнерский

Биахметов Бауыржан — бірнеше халықаралық және Қазақстанға қатысты жобаларға қатысқан жасыл энергетика және климаттың өзгеруіне қатысты сарапшы.

Қазіргі уақытта Steppe және Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының қолдауымен жер шарымыздың жылынуы, оның адамзатқа әсері және өзгерістеріне бейімделуге қатысты мақалалар топтамасын әзірлеуде.


Париж келісімі – Париж қаласында өткен БҰҰ климат өзгерісі жөніндегі конференциясында әлем елдері басшылары қабылдаған, климат өзгерісі туралы әлемдегі тұңғыш заң тұрғысынан бекітілген жаһандық келісім. Бұл келісімді 2015 жылғы 12 желтоқсанда 196 тарап қабылдап, 2016 жылғы 4 қарашада заңды күшіне енген. Келісімнің негізгі мақсаттары мынадай:

  • жер бетіндегі орташа температураның көтерілуін индустриялық дәуірге дейінгі орташа температурадан 2ºС-тан әлдеқайда төмен ұстау және орташа температураның көтерілуін 1,5ºС-тан асырмауға күш салу;
  • адамзаттың климат өзгерісіне байланысты қолайсыз әсерлерге бейімделу қабілетін азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндірмейтіндей арттыру және парник газдар шығарындыларын азайтуға түрткі болу;
  • қаржы ағымдарын парник газдар шығарындыларын азайтуды көздейтін және климат өзгерісіне бейімделген адамзаттың орнықты даму бағытымен сәйкестендіру.

париж

Париж келісіміне қосылған тараптарға, яғни мемлекеттер мен ұйымдарға парник газдар шығарындыларын азайту міндеті жүктеледі. Олардың міндеттемелері 5 жыл сайын қайта қаралып отырады және алдағы 5 жылдық жоспарлары талқыланады. Айта кетері, Париж келісімі ауқатты мемлекеттердің дамушы, кедей және мұқтаж елдерге қаржылай, технологиялық немесе әлеуетті арттыруды көздейтін қолдау көрсетуіне түрткі болады. Бұған негізгі себеп – кедей және дамушы елдердің кейбірі климат өзгерісіне байланысты кері әсерлерге дайын емес және олардың өздігінен экономикалық әрі әлеуметтік трансформация жасауға және парник газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндігі шектеулі. Қазіргі таңда Париж келісіміне 193 тарап қосылған, оның ішінде Қазақстан да бар. Қазақстанның міндеттері мен атқарып жатқан жұмыстарына келсек, мынадай жағдайларды атап өтуге болады:

1) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париж келісімінің 5 жылдығына арналған онлайн саммитте сөйлеген сөзінде алдағы 5 жыл аралығында климат өзгерісіне қарсы күресті көздейтін шара ретінде 2 млрд ағаш егілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы 2020 жылғы халыққа жолдауында 2 млрд тал егілсін және осы жұмыстарды қадағалауға арналған интерактив карта әзірленсін деп тапсырды. Қазіргі таңда орман егілуін бақылауға арналған интерактив карта әзірленіп қойғандықтан, осы бағытта атқарылып жатқан жұмысты көруге мүмкіндік бар. Бұл ретте ең көп ағаш (328,7 млн) Қызылорда облысында егілетінін, ал ең азы (1,9 млн) Маңғыстау облысына тиесілі екенін көреміз.

график

2) Қазақстан Жасыл экономика бойынша іс-әрекеттер серіктестігіне (PAGE) қосылып, алдына климат өзгерісімен күресуге бағытталған бірнеше асқақ мақсат қойды – 2030 жылға қарай өндірілетін энергияның 30% сарқылмайтын энергия көздерінен алынса, 2050 жылға қарай өндірілетін энергияның 50% осы салаға тиесілі болады. Сондай-ақ, 2020 жылы болған Париж келісімінің 5 жылдығына арналған онлайн саммитте жолдаған үндеуінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі жағынан бейтарап мемлекетке айналады деп мәлімдеді. ҚР Энергетика министрлігі келтірген статистикаға сүйенсек, 2021 жылы сарқылмайтын энергия көздері нысандарының электр энергиясын өндіруі 2020 жылға қарағанда 30% артты, тек бұл көрсеткіш – жалпы өндірілген электр энергиясының 3,69% ғана. Белгіленген межеге жету үшін жасыл энергетиканы дамытуды үдету керегі айқын көрініп тұр.

3) Тағы бір ескерерлік қадам – 2021 жылы қабылданған Жаңа экология кодексінде климат өзгерісіне бейімделу заңдық нормаға айналды. Экология кодексінің 22-тарауы «Климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы мемлекеттік басқару» деп аталады. Климат өзгерісіне бейімделуге байланысты мемлекеттік басқарудағы негізгі салаларға ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, орман шаруашылығы, азаматтық қорғау салалары жатады.

Бұл материалдар сериясы Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының бастамасы мен қолдауымен жарық көріп отыр.

Статьи STEPPE

«Индустриядан ақша таппайсың»: Қазақ анимациясының жағдайы қандай?

Мақалада Қазақ анимациясының қазіргі деңгейі және еліміздегі ARA анимациялық студиясының тыныс-тіршілігімен жақынырақ таныса аласыз.

14 минут
14 минут

Инвестор боламын деушілерге пайдалы болатын тоғыз термин

Сауаттылықты арттыру үшін қандай терминдарды білу керек.

8 минут
8 минут

Украинада болған соңғы жаңалықтар

Ресейдегі митингілер, Батыс санкциялары және Зеленскийдің режиссермен кездесуі жайлы.

6 минут
6 минут

Заманауи қыздардың психолог, нумерологтардың көмегіне жүгінуі неге трендке айналды?

Мақалада соңғы жылдары трендке айналған ғылымдар туралы айтамыз.

17 минут
17 минут