Ақпарат гигиенасы: сана тазалығын сақтау жолдары

8 минут Арай Қадылбек
Альтернативный текст

Қазір ақпарат гигиенасы мәселесі өте өзекті. Себебі  толассыз ақпарат ағыны жаңа ғасыр адамдарына айтарлықтай әсер етіп жатыр. Біз жаңа ақпаратты қорытып үлгермей, тағы бір ақпарат легіне тап боламыз. Асқазан көлемінен артық желінген тамақ адамға қандай жайсыз сезім сыйласа, шектен тыс тұтынылған ақпарат та санаға сондай салмақ түсіреді. Жалпыға түсінікті гигиена ұғымымен қатар «ақпарат гигиенасы» терминінің пайда болуына осындай жағдай себеп болды.


Ақпарат гигиенасы деген не?

«Ақпарат гигиенасы» түсінігі бүгін ғана пайда болған жоқ. 90-жылдары жазушы Линда Стоун адам санасы ештеңені өткізіп алмау үшін үнемі ақпарат іздейтінін айтты. Осы процесті сипаттау үшін «үзіксіз жартылай назар» (Continuous Partial Attention) тұжырымдамасын ойлап тапқан еді.

Бұл терминге қарапайым тілде «Тұтынатын және тарататын ақпаратты мұқият саралау» деп анықтама беруге болады. Ақпарат гигиенасы – ақпараттың адам психикасына, физикалық және әлеуметтік жағдайына, жұмыс қабілетіне, өмір жасының ұзақтығына әсер ету заңдылығын зерттейтін медицина ғылымының бір саласы.

Сана тазалығын сақтау неге маңызды?

Аз мөлшердегі және керекті ақпарат жұмыс өнімділігіне пайдасын тигізсе, көп мөлшердегі ақпарат керісінше әсер етеді. Күні бойы лента ақтарып, бір әлеуметтік желіден екіншісіне көшіп, ақпаратты ашкөздене тұтыну адамды әбден шаршатады. Әдетте ұйықтардан бір сағат бұрын телефон, теледидар сияқты құрылғыларды өшіргеніңіз абзал.

«Ми тұманы» деген түсінік бар. Ми – дененің өте қуатты, таңғажайып мүшесі, бірақ ол да демалысты қажет етеді. Біз ми өңдей алатын ақпараттың шегінен шыға тұтынғанда, когнитивті шамадан тыс жүктеме деп аталатын межеге жетеміз. Бұл өз кезегінде ашулануға алып келеді. Ойлау қабілетіңді төмендетеді. Ақпарат көлемі ұлғайған сайын маңызды және маңызы жоқты ажырату қиын. Осылайша біз маңызды емес деректерге көп көңіл бөліп, шын мәнінде маңызды нәрсені жіберіп аламыз. Бұл сыни ойлаумен тікелей байланысты.

Ақпарат шуынан өзімізді қалай арашалаймыз?

  • Ақпарат ағынынан демалуға уақыт арнаңыз. Ия, басында қиын болуы мүмкін. Үнемі ақпарат тұтынып үйреніп қалған сана бірдеңе жетіспейтіндей әлденеге алаңдауы қалыпты жағдай. Мақсат ­­­­­­­­— осыған төтеп беріп, гаджеттерді сөндіріп, сананы тыныштандыру. Сүйікті іспен шұғылдану және табиғат аясына шығу екі есе пайда әкеледі.
  • Өзіңіз жазылған парақшаларды саралап, тек керегін ғана қалдырыңыз. Instagram-да жазылған парақшаларға қарап, қайсынан бас тартуға болатынын бағамдап, шынымен маңызды және пайдалы білім беретіндерін ғана қалдырыңыз. Егер қандай да бір себеппен жазылудан бас тартқыңыз келмесе, оларды жаңалықтар лантасынан жасыруға болады. Көп платформада мұндай мүмкіндік бар.
  • Жаңалық оқу  мәнеріңізді жаңалаңыз. Таңғы асқа дейін және кешкі астан кейін жаңалықтар оқымаңыз. Сонымен қоса жаңалықтарды күн сайын оқу да міндетті емес, ең тиімдісі ­ аптаның қорытынды жаңалығын оқу. Өйткені мұнда бір аптада болған ең маңызды, сараланған топтамалар ғана қамтылады. Жаңалықты смартфоннан емес үлкен экранды гаджеттерден оқыңыз. Зерттеулер  жаңалықтарды телефоннан оқу ыңғайлы екендігіне қарамастан адамды тез шаршатып, сыни ойлау қабілетін төмендететінін дәлелдеген. Үлкен экранды қолдану тәртіпке салады, яғни оны қалаған кезде қалтадан алып, қолдана алмайсыз.
  • Кітап оқуды әдетке айналдырыңыз. Желідегі жазбалардан айырмашылығы кітап тақырыпқа тереңірек үңілуді, назарды шоғырландыруды талап етеді. Сассекс университеті ғалымдарының зерттеуінше, алты минут кітап оқу стресс деңгейін 68%-ға төмендетеді. Кітапты қолым босағанда оқимын деуден гөрі, кітап оқуға уақыт арнаған дұрыс.
  • Онлайн уақытты азайтыңыз. Қолыңыз босағанда телефон ақтаратын әдетті азайтыңыз. Өзіңізге шектеу қойыңыз. Мысалы, электронды поштаны тек күннің бір уақытында тексеру, кезекте тұрғанда, көлікте мақсатсыз желі кезіп кетпес үшін электронды кітап оқуды немесе подкаст тыңдауды әдетке айналдырыңыз. Шынында өзі қызығатын және маңызды деп санайтын іспен айналысатын адамның маңызсыз ақпаратты тұтынуға уақыты да, қажеттілігі де болмайды.

Бөлісер алдында «дезинфекциялаңыз»

 Біз өзімізді ақпараттық шудан қорғаудың жолдарын игердік делік. Бірақ жұмыс мұнымен бітпейді. Жалған, басы артық  ақпаратты таратушы қатарын да көбейтуіміз мүмкін. Сол үшін жалған ақпаратты ажыратудың 4 қарапайым қадамын жасасақ жеткілікті:

1. Үзіліс. Эмоцияға берілмеңіз. Ақпараттың ойыңызға сәйкестігі оның шын екенін білдірмейді.

2. Пікірлерге назар аударыңыз. Бұл ақпараттың анық-қанығын тексеру арқылы біреу жауап берген бе?

3. Жедел зерттеу жасап көріңіз. Ақпаратты интернеттен іздеп, сенімді дерек көздерінде жарияланған, жарияланбағанын анықтауға тырысыңыз.

4. Постты бөліскен адамнан түпнұсқа дереккөзін немесе басқа дәлелелдер сұраңыз. Егер ол жауап бере алмаса өзгелер осыны көре отырып, ақпараттың күмәнді екенін түсінеді.

Осыдан кейін:

  • Егер посттың жалған екендігін растайтын сенімді дереккөзін тапсаңыз басқаларға да ескертіңіз. Егер пост қауіпті немесе зиянды болса шағымданыңыз.
  • Посттың шындық екендігіне әлі де күмәнді болсаңыз бөліспеңіз.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Қазақ тіліне аударылған 5 үздік әдеби шығарма

Орыс әдебиетінің классикасы, әлемдік бетсселлер және әртүрлі жастағы оқырмандарға арналған фэнтези.

8 минут
8 минут

Әр адамға психолог керек пе?

Мамандарға жүгінудің себептерін талдап қана қоймай, психолог, психотерапевтке барудың неге соншалықты танымал болғанын саралаймыз.

10 минут
10 минут

«Он саусағың жұмыс істесе, ернің қимылдайды»: әйгілі қолөнерші Бибажар Иманбекқызының өмірі

Қазақстанның еңбек сіңірген қолөнершісі кішкентай кезінен бастаған ісінің қалай өмір кәсібіне айналғанын бөлісті.

15 минут
15 минут

Таксиге отырғанда ұстанатын ережелер тізімі

Таксиге отырған кезде өзінізді қауіпті сезіну үшін, бірнеше маңызды ережелерді сақтаңыз.

7 минут
7 минут