Психикалық денсаулық маңызы

6 минут STEPPE
Альтернативный текст

Әлем қауіпті әрі ауыр мамандықтарға толы. Олардың арасында кенші де, құрылысшы да, фосформен жұмыс істеп, жақ сүйектерін деформацияға ұшыратқандары да бар. Физикалық ауыр жұмыстардың адам өміріне қауіп төндіретініне күмәніміз жоқ.

Алайда кейінгі кездері бұл тақырып жұмысшылардың психикалық денсаулығымен бір деңгейде екені талқылана басталды. Бұған байланысы 1992 жылы ең алғаш рет Әлемдік Психикалық Денсаулық күні ұйымдастырылды.

«Өзгеріс уақыты келді» (Time to change) сияқты қайырымдылық науқандары психикалық денсаулық айналасындағы таптаурындармен күресуін осы кезде бастады.

Соңғы зерттеулер Еуропа халқының 38%-ы қандай да бір психикалық дерттен зардап шегетінін анықтады. Олардың арасында мазасыздықтан бастап есірткіге тәуелділікке дейінгі әртүрлі деңгейдегі дерттер орын алды.

Адамдардың сырқат кесірінен жұмысты дұрыс орындамауы немесе жұмысқа араласуының тоқтауы жиіленіп кетті. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСҰ) бақылауы бойынша, психикалық денсаулыққа қатысты мәселелер әлемдік экономикаға жылына 1 триллион доллар шығын алып келеді екен.

Америка жұмысшыларына жүргізілген сауалнама нәтижесінде қатысушылардың 63%-ы жұмыс орнындағы стресс психикалық денсаулыққа елеулі әсер етті деп жауап берген.

Британ Өнеркәсіп конфедерациясының 2017 жылғы зерттеуі әлемдегі жұмыс берушілерінің 40%-ы өз жұмысшыларының 5%-ы психикалық дерттерден зардап шегетінін айтқан. 2013 жылғы нәтижемен салыстырғанда, 2017 жылы бұл көрсеткіш төрт есе артқан.

Аталған нәтижелер бізге үміт сыйлайды, себебі олар адамдар дертін мойындауға дайын екенін көрсетеді. Психикалық дерттерді емдеуі барысында қоғам көп нәрседен өтті. 1920 жылы бала туудан кейінгі депрессияны емдеу үшін баланы тартып алып, науқасты психиатриялық үйге жатқызатын, ал 1960 жылы күйзелісті емдеу үшін электр тоғын ұсынатын.

Қазіргі кезде емдік шара дәрілер мен терапиядан тұрады. Дәрі-дәрмектер денсаулыққа жанама әсер етеді. Ем қабылдау денсаулыққа зиянды емес екенін сезінетін жұмысшылар өздерінің денсаулығы туралы ашық айтуға бейім.

Психикалық денсаулықты жақсарту мақсатындағы қадамдар кәсіпкерлік салада да байқалады. Британдық Қоғамдастықтағы Бизнес (Business in the Community)  мекемесінің 2017 жылғы есебі бойынша, жұмысшылардың 53%-ы  жұмыс орнында психикалық денсаулықтарын талқылауға қымсынбайтынын айтты. Ал бұл тақырыпты менеджерлерімен ашық талқылай алатындары тек 13% ғана екен.

Бұған қарамастан Bupa Global денсаулық сақтандырушысының зерттеуі бойынша ол басшылардың 64%-ы психикалық дерттерден зардап шегетінін анықтады.

Британ дәрігері Заин Сикаф Mynurva онлайн-терапия қызметін орнықтырды. Бұл платформа адамдарға жұмыстан кейін және демалыс күндері көмек көрсетеді. Заин Сикафидің айтуынша, адамдар өздерінің отбасына және достарына, өзіне терапия қажет екенін айтқысы келмейді.

«Психикалық дерт» секілді қолданыстағы терминологияны өзгертсек, қоғамға түсінікті болады, — дейді Заин Сикафи.

Кейбір компанияларда жұмысшылар күні-түні жұмыс істеуге міндетті. Өйткені олардан әрқашан байланыста болу талап етіледі. Осы себептен жұмыстан тыс ойын-сауықтардан ләззат алу оларға өте қиын болып табылады.

Қазір жұмысшы өзі таңдаған уақытта қызмет істей алады. Жұмысты үйден жасау жағымды қоршаған ортаны қалыптастырады. Отбасыға көңіл бөлу үшін де бұл өте қолайлы және басшылардың алдында эмоция туралы артық сөз қозғаудың да қажеті жоқ.

Басшы мен жұмысшы арасындағы сыйлы, адамгершілікке толы қарым-қатынас жағымды өзгерістерге әкеледі. ДДСҰ хабарлауынша, «өз жұмысшыларының психикалық денсаулығын қадағалайтын жұмыс орындары олардың өнімді жұмыс істеуіне және жұмысқа араласуына ықпал етеді».

Адам психикалық проблемасы туралы еркін айта алса, ауыртпалық бірнеше есе азаяды. Болашақта психикалық проблемалар туралы ашық әңгімелесу суық тигенін хабарлау секілді қалыпты көрініс болады деген үміттеміз.

 

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Казактардың сіз білуіңіз тиіс 5 дәстүрі

Көкекті жерлеу деген не, балаларды неге атқа отырғызады, не үшін өлең айтып олжалы болады?

9 минут
9 минут

Смартфондар бізді неге аңдиды?

Гаджеттер мен смартфондар бізді қалай аңдиды және ол несімен қауіпті екені жөнінде ой қозғадық.

13 минут
13 минут

Поттерден Франкқа дейін: үлкен де, кіші де сүйсініп оқитын бес кітап

Таңғажайып сиқыр әлемі, ана махаббаты мен Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі естеліктер. Балалар да, ересектер де сүйсініп оқитын қазақ тіліндегі бес таңдаулы кітапты ұсынамыз.

10 минут
10 минут

Эксклюзив: «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының бірінші тарауын оқыңыз

7 ақпан күні «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы сатылымға шығады. Әлемдік бестселлердің қазақтілді жанкүйерлері үшін кітаптың «Ажал аузынан қалған бала» деп аталатын бірінші тарауын жариялап отырмыз.

40 минут
40 минут