Дзенге шому: жаңа ASUS Zenbook 14 OLED алудың себептері

8 минут Анель Абдуалиева
Альтернативный текст
Партнерский

Минимализм әсемдігі мен максимум қуат ASUS-тың жаңа туындысы — Zenbook 14 OLED (UX3402) ноутбугінде тұтасады. 
Мықты алюминий корпусының бетіне түскен түзу сызықтардың арқасында жапонның керамиканы жаңғырту өнері  кинцуги идеясынан шабыттанған көрікті геометриялық дизайн шықты. Бұл сызықтар сонымен бірге ноутбуктің айрықша икемділігін де аңғартады  оның эксклюзив ErgoLift шарнирі 180 градусқа дейін айқарылатындықтан, құрылғыны қолдану барынша қолайлы бола түскен.


ErgoLift ноутбукті қолданушыға білдірмей бірнеше градусқа көтермелейді де, пернетақтамен жұмыс кезінде асқан ыңғайлық тудырып, салқындауын жақсартады және аудиожүйесінің анағұрлым сапалы дыбысын қамтамасыз етеді. Заттың сырт келбетіне мән беретіндер үшін бұл механизмнің бәрі мүмкіндігінше жасырылған әрі ноутбуктің сәнді дизайнына мін түсірмейді. Ултрабуктің салмағы бар болғаны 1,39 кг, корпусының қалыңдығы 16,9 мм-ден аспайды, бұл қасиеттері оны кез келген жастағы адам үшін мобилді әрі ыңғайлы қылған. 

хххххххххҚолданушылардың бір бөлігі ноутбуктегі сенсорлы OLED дисплейінің аса сапалы кескініне және керемет тұнық Dolby Atmos дыбыс эффектілеріне шаттанса, басқалары Intel Core i7 процессорінің 12-буыны мен әбден ойластырылған интеллектуал жұмыс технологиясына тамсана алады. 

ASUS ноутбуктерінде түсінің қанықтығымен ерекшеленетін OLED дисплейі орнатылған. Оның барынша шынайы реңкін шығармашылықпен айналысатын қолданушылар кез келген графикалық материалмен жұмыс барысында және қандай да бір мултимедиа контентін көргенде жоғары бағасын берері сөзсіз.  Ултрабук экранының 100%-і кинематографиялық түспен қамтылғандықтан, сурет егжей-тегжейлі, шынайылығы әсерлі боп көрінеді. Pantone Validated сертификаттаған OLED дисплейі әр жеке реңктің дәл жеткізілетініне кепілдік береді.

Ноутбукте орнатылған аудиожүйе мултимедиалық контентті өңдеуге де, оны тыңдауға да қолайлы: видеоның, музыканың, ойындардың дыбысы анық әрі тұп-тұнық. Қосканалды интеллектуал күшейткіштің арқасында дыбыстың ақауы жойылып қана қоймай, дауысын қатты қойып тыңдаған кезде динамикке келуі ықтимал зақымнан да қорғайды. Одан бөлек оның жоғары қуаты кез келген дыбысты 3,5 есе қаттырақ қоюға мүмкіндік береді.

Қуаттылығы 75 Вт·с болатын мықты аккумуляторы ноутбуктің автоном режимде 18 сағатқа дейінгі жұмысын қамтамасыз етеді. Дегенмен бұл оның қуат алу уақыты ұзарады дегенді білдірмейді, өйткені небары 49 минутта 60% дейін қуаттап алуға болады. Бұл орайда жаңа ултрабукті USB-C стандартындағы кернеуі 5-20В  кез келген құрылғымен қуаттауға болатынын атап өту керек. Ал тез арада қуаттап алу керек болса Power Delivery сертификаты бар құрылғыны, оның ішінде ноутбуктің қаптамасына кіретін 65 ваттық моделін қолдану қажет. Ал сыртта жүргенде, тасымалданатын құрылғы немесе аккумулятор көмегімен қуаттап алуға әбден болады. 

ььььььььь12-буындағы ең соңғы Intel Core i7 процессорында Iris Xe графикалық ядро мен 16 гигабайт жедел жады орнатылғандықтан Zenbook 14 OLED ноутбугі кез келген міндетті атқара алады. Оның  заманауи аппараттық конфигурациясына PCIe 4.0 x4 режимінде істейтін жүйрік қаттыденелі жинақтауыш және WiFi Master Premium аталып кеткен Wi-Fi 6E сымсыз модулі кіреді. Онда WiFi Stabilizer және WiFi SmartConnect эксклюзив технологиялары қамтылған. Біріншісі басқа сымсыз құрылғылардың кедергісін сүзіп отырса, екіншісі Wi-Fi нүктесінің ең жақсысын автоматты түрде таңдап қосады.

Қазір адамдардың көбі үйден жұмыс істеп, видеобайланысты жиірек пайдаланатындықтан, ASUS мамандары визуал және дыбыс тұрғысынан шығатын кедергілерді тиімді жоятын технология жасап шығарды. Айталық, 3D Noise Reduction уеб-камерадан тарайтын кескін сапасын арттырады, Clear Voice функциясы аудио жазған кезде фон шуын басады, ал Multi-Presenter режимінде болса, тіпті конференс-қоңыраулар барысындағы жекелеген дауыстардың дыбысын реттеп отырады. 

зззззззз
ErgoSense пернелері саусақтың дөңін қайталайтын пішінде жасалған және жанасуды бірден сезеді, ал NumberPad 2.0 тачпады гидрофоб қабатпен көмкерілгендіктен, барынше тегіс. Zenbook 14 OLED эргономділігі, сондай-ақ бөлінетін көк жарықтың төмен деңгейі тәуелсіз экспертиза жүргізетін әлемдік жетекші компаниялар — SGS және TÜV Rheinland зертханаларында сертификатталған.

ASUS-тың барлық жаңа ноутбуктерінде қолданылатын интеллектуал жұмыс технологиясы – аса тиімді салқындату жүйесі мен қуат үнемдеу функцияларының үйлесімі. Эксклюзив алгоритмдер деректерді бірнеше датчиктен алып отырады, аэродинамика тұрғысынан оңтайланған IceBlades желдеткіші, 65 ваттық қуат блогы — осы элементтердің барлығы үйлесе отырып, орталық процессордың өнімділігін арттыра түскен әрі автоном режимдегі жұмыс уақытын ұзартып, ноутбуктен бөлінетін шуды азайтқан.

ннннннннн
Zenbook сериялы ноутбуктердің құлау кезіндегі беріктігі сынақтан өткізілген, қатаң жағдайда да – шыңда, қатты суық пен ыстықта және ылғалдықта тұрақты жұмыс істеуге қабілетті. Одан бөлек ноутбуктер ASUS-тың компютер индустриясында қабылдаған стандарттардан әлдеқайда қатаң ішкі стресс-тестілерінің бірқатарынан сүрінбей өтті. 

Zenbook 14 OLED екі түрлі — ашық түстерді жақсы көретіндер үшін Aqua Celadon және келісті классиканы қалайтындар үшін Ponder Blue реңкінде шығарылады.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

«Для молодежи это шанс узнать про IT»: как сообщество Digital Nomads переводят технологический контент на казахский язык

О том, когда будет запущен проект, какую IT-литературу будут переводить на казахский язык и в чем выгода перевода для сообщества.

7 минут
7 минут

«iOS-разработку можно освоить за шесть месяцев»: история самой молодой Apple iOS преподавательницы в мире

Беназир Толеубекова рассказала, как проходила сертификация в Apple, кого она успела обучить программированию к 21 году и в каком направлении планирует развиваться дальше.

14 минут
14 минут

«На сайте используются файлы cookie»: что это значит?

На что мы соглашаемся, когда принимаем файлы cookie и политику конфиденциальности.

8 минут
8 минут

Где учиться программированию в Казахстане

Рассказываем об пяти IT-школах в разных городах Казахстана.

9 минут
9 минут