Digital Alem: ғаламтор пайдаланушыларын не алаңдатады?

6 минут Жулдыз Актаулова
Альтернативный текст

Қазіргі әлемде сандық байланыс пен онлайн өмір салты қалыптасқан кертартпа тәртіпке айналып кетті. Осыған орай, ғаламторлық фобиялардың да көп күттірмей пайда болғаны таңқалдырарлық жағдай емес. Күрделі мәселеге айналып келе жатқан киберфобияның түр-түрі, олардың арасында: киберқауіпсіздікке бола алаңдаушылық, әлеуметтік желілерде буллингке ұшырау, шамадан тыс ақпаратпен жүктелу, технологияларға тәуелді болып кетуден қорқыныш және басқа үрейлер қаптады. Бұлар адамдардың әл-ауқатына, әлеуметтік өзара әрекеттесуіне және өнімділігіне елеулі әсер етуі мүмкін. Жаңа шолуда қазіргі заманда ғаламтордың өмірімізге алып келген фобиялар түрлеріне тоқталамыз.


Киберфобия

Бұл фобия түрін ғаламтор пайдаланушылары киберқауіпсіздік үрейі, немесе техно-паранойя деп те атайды. Киберфобия — желідегі қауіпсіздікке, интернет пен әртүрлі цифрлық технологияларды пайдалануға қатысты ықтимал қауіптерге байланысты қисынсыз және шамадан тыс қорқыныш немесе алаңдаушылық. Киберқауіпсіздік фобиясы бар адамдар жеке басқа тиесілі ақпаратты немесе тұлғалық болмысын ұрлау, құпиялылықты бұзу, онлайн алаяқтық немесе киберқылмыстың басқа түрлеріне бола алаңдаушылықты сезінеді.

Желі қорқынышы

Әлеуметтік медианы көп пайдаланатын адамдарда мазасыздық пайда болуы мүмкін. Жеке адамдардың әлеуметтік медиа платформаларын пайдалануына байланысты бастан кешіретін қорқынышын, алаңдаушылығы мен күйзелісі түрлі себептерден туындайды. Мысалы, желідегі оң имиджді сақтауға байланысты қысым, бұрыс ақпарат немесе жеке ой таратқаны үшін сотталудан, немесе желідегі адамдардың жазатын сынынан қорқу және басқалармен салыстырылудан үрейден пайда болатын алаңдаушылықты атап өтуге болады.

Номофобия

Ұялы телефонсыз қалу немесе оны пайдалана алмау қорқынышын «номофобия» деп атайды. Бұл термин «no mobile phone» деген сөздің аббревиатурасы болып табылады. Қазіргі қоғамда ұялы телефондардың қолданысының кең таралуымен және оған тәуелділіктің пайда болғанына байланысты енген жаңа ұғым. Номофобияға әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін, соның ішінде адамға тұрақты байланыстың қажеттілігі, оқшаулану немесе шетте қалу үрейі және төтенше жағдайларда дайындықсыз, не болмаса, қолжетімсіздік қорқынышы.

Көл-көсір ақпараттан қорқу

Қазіргі заманда ақпараттың шамадан тыс көп болуы пайдаланушыларда infobesity, тікелей аударғанда «ақпаратқа толу» деген фобияның пайда болуына ықпал етті. Басқаша бұл үрей ақпараттық мазасыздық деп те аталады. Цифрлық дәуірде қолжетімді деректердің үлкен көлемін тиімді өңдеу, ұйымдастыру және басқару қиындығынан туындайды.

Интернет арқылы қарым-қатынас фобиясы

Киберсүйіспеншілік — жеке тұлғалардың онлайн платформалар немесе әлеуметтік медиа арқылы қарым-қатынас құру кезінде болатын қорқыныш. Оның туындауына бірнеше себептерді атап өтсек, ең алдымен сенімсіздікті еске түсірген абзал. Интернетте басқаларға сену қиынға соғады — адамдар алданып қалудан қорқып, соған байланысты алаңдаушылық тууы мүмкін. Сонымен қатар, бір-біріне жеке ойларын дұрыс білдіру немесе ниеттерін түсіндіруге байланысты көптеген түсініспеушілікке толы жағдайлардан тартыну ғаламторлық қарым-қатынас үрейінің бір көрінісі болып табылады.

Онлайн транзакция алаңдаушылығы

Бұл фобия электрондық коммерцияға байланысты алаңдаушылық деп те аталады. Ол қаржылық транзакциялар жасағанда және онлайн сатып алу кезінде жеке тұлғалардың қорқыныш немесе ыңғайсыздық сезінуін білдіреді. Алаяқтыққа тап болудан қорқатын пайдаланушылар жеке қаржылық ақпаратты ұсынудан тартынып, осыған қатысты қатты күйзеліске түседі.

Ақпарат ағынынан тыс қалудан қорқу

FOMO фобия fear of missing out түсінігінің аббревиатурасы болып табылады. Оның тікелей аудармасы «тыс қалып қоюдан қорқу» деген мағынаны береді. Бұл, әсіресе, медиа және онлайн өзара әрекеттесу контексінде әлеуметтік желіден тыс болу немесе ғаламторға қосыла алмау салдарынан маңызды жаңартуларды, жаңалықтарды, әлеуметтік оқиғаларды жіберіп алу қорқынышынан туындайтын алаңдаушылық.

Статьи STEPPE

«Большая» экономика и «маленький» человек: как события в мире влияют на каждого из нас

Говорим с экспертами о том, как неочевидным образом «большая» экономика влияет на «маленького» человека и как максимально обезопасить себя и свои финансы в постоянно меняющемся мире.

13 минут
13 минут

ЭКҰ процедурасы қалай жұмыс істейді? Сарапшылардың бедеулік жайлы кеңестері

Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшиннің айтуынша, бүгінде Қазақстандағы бедеуліктің көрсеткіші 15%-ды құрайды.

11 минут
11 минут
Партнерский

Калифорния, Лос-Анджелес и Нью-Йорк: как казахстанские школьники поступают в лучшие вузы мира благодаря программе Star Team

Рассказываем о некоммерческой программе Star Team и том, как она способствует поступлению талантливых школьников в престижные университеты мира.

9 минут
9 минут

M’Dee выпустил новый клип asyl janym. Рассказываем, почему его стоит посмотреть

Это первая сольная песня M’Dee на родном языке.

5 минут
5 минут