Тірі қалу құны мен таңдау драмасы Алматы сахнасында: «Теңізде»
2026 жылғы 3 наурызда сағат 19:00-де Асанәлі Әшімовтың «Жаңа Ғасыр» театры Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры сахнасында «Теңізде» спектаклінің премьерасын ұсынады. Қойылым Славомир Мрожектің «Ашық теңізде» пьесасы желісімен сахналанған.
«Теңізде» — трагифарс жанрындағы спектакль. Қойылым Славомир Мрожектің драматургиясына негізделген. Режиссері — Лаура Мақан. Сценографиясын Мариям Рахимова әзірлеген, киім суретшісі — Аяжан Тоқай, хореографиясын Ләззат Тегіспаева қойған.
Оқиға теңіздің ортасында қалған үш адамның өмір үшін күресіне негізделген. Кейіпкерлер тірі қалу мақсатында біреуін құрбан ету мәселесін талқылайды. Демократиялық дауыс беру, манипуляция және жасырын үстемдік механизмдері ашылады. Қойылым адам табиғаты, моральдық таңдау және жауапкершілік тақырыптарын қозғайды. Теңіз кеңістік ретінде өркениеттік модельдің символы ретінде қарастырылады.
Іс-шара бағдарламасы:
18:00 – Баспасөз мәслихаты
19:00 – «Теңізде» спектаклінің премьерасы