«Золотое Яблоко» Алматыда ең үлкен дүкенін ашады

1-3 тамыз аралығында Алматыда Қазақстандағы ең үлкен «Золотое Яблоко» дүкенінің салтанатты ашылуы өтеді. Жаңа beauty-store аумағы — 1 500 шаршы метр. Дүкен қаланың төменгі бөлігіндегі «MEGA Park» СОО-ның бірінші қабатында орналасады және күн сайын 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл компанияның елдегі бесінші, ал Алматыдағы үшінші дүкені болады.
Ашылу салтанатына жұлдызды қонақтар — визажистер Алмат Аскар мен Айдана Кентаева қатысады.
Дүкен дизайны брендтің танымал стилінде жасалған: биік төбелер мен мол жарық, табиғи материалдар. Ғимараттың ерекшелігі сақталған — ашық конструкциялар мен колонналар кеңістікті барынша ұлғайтады.
Ассортиментке күтім және декоративті косметиканың, парфюмерияның және қосымша тауарлардың жүздеген брендтері кіреді. Сатып алушылар өнімді сатып алып қана қоймай, кәсіби кеңес ала алады.

«Золотое Яблоко» баспасөз қызметі:
«Біздің дүкендеріміз тек сатып алу үшін ғана емес. Мұнда ассортиментпен танысуға, кеңес алуға, макияж жасауға және түрлі белсенділіктер мен ұтыс ойындарына қатысуға болады. Retailtainment (retail & entertainment) қағидаты клиенттердің beauty әлемімен байланысын мазмұнды әрі қызықты етеді. Біздің дүкендерімізде клиенттер орта есеппен шамамен 2 сағат уақыт өткізеді».
Ашылу бағдарламасы
- 2 тамыз, 14:00–15:30 — топ-визажист және beauty-креатор Айдана Кентаеваның «Бүгін сен қандайсың? Көңіл-күйге арналған макияж» атты мастер-классы.
- 3 тамыз, 14:00–15:30 — жұлдызды визажист Алмат Аскардың Cherry Cola Lips және Creamy Skin трендтері туралы мастер-классы.
1–3 тамыз аралығында дүкенде арнайы белсенділіктер ұйымдастырылады: үлкен арт-нысан жасау, фотозонада beauty-бокстар ұтысы және сатып алушыларға сыйлықтар. 25 000 теңгеден жоғары чекпен кәсіби визажисттен макияж жасауға болады, ал 40 000 теңгеден жоғары чекпен «Золотое Яблоко»-ның фирмалық косметичкасы сыйға беріледі.
Онлайн және офлайн
Қазақстандағы бес офлайн-дүкеннен бөлек, «Золотое Яблоко» онлайн жұмыс істейді. Сайт пен қосымша арқылы жасалған тапсырыстар елдің кез келген қаласына жеткізіледі.

Компания туралы
«Золотое Яблоко» — халықаралық омниканалды beauty-ритейлер. Қазақстанда компания бұған дейін төрт дүкен ашты — екеуі Алматыда, біреуі Астанада және біреуі Шымкентте. Алматыдағы жаңа дүкен бесінші әрі ең үлкені болады.
«Золотое Яблоко»-да әлемнің түкпір-түкпірінен 1 300-ден астам бренд ұсынылған: масс-маркеттен бастап люкс санатына дейін, соның ішінде декоративті және күтім косметикасы, парфюмерия, үйге арналған тауарлар, аксессуарлар мен техника. Ассортиментке қазақстандық Parfum De Vie, Genome, TruNomad, Beautyproff және басқа да ондаған бренд кіреді.
Подпишитесь на рассылку
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном
(без спама, обещаем 😉)