Aspan Gallery мен STEPPE бірлесіп B. Bubikanova Art Prize жас суретшілерге арналған жыл сайынғы конкурсын және Ayarkut-пен бірлесіп білім беру бағдарламасын бастайды

2 минуты STEPPE
Aspan Gallery мен STEPPE бірлесіп B. Bubikanova Art Prize жас суретшілерге арналған жыл сайынғы конкурсын және Ayarkut-пен бірлесіп білім беру бағдарламасын бастайды

Былтыр Қазақстандық заманауи суретші Бақыт Бубиканова өмірден өтті. Ол күтпеген жерден, тым жас кетті, артынан перформанстар, инсталляциялар, картиналар, фото-жобалар, видеолар және шексіз жылы естеліктер қалдырды. Әрбір танысқан адам одан зор әсер алмай қоймайтын. Ол жарқын әрі терең тұлға болды, бәлкім, соңғы жылдардағы Орта Азиялық арт-сахнаның ең жарқын тұлғасы болар. 


Өкінішке қарай, Ұлы суретші Б. Бубиканова (ол өзін осылай атайтын) енді біздің арамызда жоқ, бірақ ол туралы естелік мәңгілік жүрегімізде қалары сөзсіз. Суретші ретінде Баха әрдайым алға ұмтылған, жас суретшілермен жиі жұмыс істеген, олардың менторы болған. Сондықтан Aspan Gallery мен Steppe бірлесіп Баха Бубиканова атындағы жас суретшілерге арналған жыл сайынғы конкурсты, сондай-ақ Ayarkut-пен бірлесіп білім беру бағдарламасын бастауға шешім қабылдады.

Өтінімдерді іріктеу open call арқылы тәуелсіз сараптама комиссиясымен жүргізілетін болады. Қатысушылары Орта Азия азаматы болыпжастағы суретшілер бола алады. Әрбір суретші немесе суретшілер ұжымы aspangallery.com веб-сайтында сауалнаманы толтыру арқылы кез келген техникада үш туындыға дейін бере алады.

Сараптамалық комиссия туындылары Баха Бубиканованың шығармашылығына ұқсас келетін конкурс финалистерін таңдайды, комиссия қатысушыларымен төменде танысуға болады. Финалға шығатын барлық жұмыстар 2024 жылдың 24 ақпанында ашылатын Aspan Gallery-де өтетін қорытынды көрмеде ұсынылады. Көрме қатысушыларының арасынан Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ іріктеу комиссиясы мұражай топтамасына алынатын бір жобаны таңдайды. Туындының авторы жоба демеушісі Түркістан музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі және продюсер Айнұр Көпбасаровадан 1 000 000 теңге көлемінде сыйлық алады.

Осылайша, жеңімпаздың туындысы Қазақстанның қазіргі заманғы өнер топтамасын кеңейте отырып, ірі мемлекеттік өнер мұражайының коллекциясына түседі. Автор ақшалай сыйлық алады, ал қалған финалистер өз жұмыстарын еліміздің заманауи өнерінің жетекші тәуелсіз галереяларының бірі Aspan Gallery ұжымдық көрмесінде ұсынуға мүмкіндік алады.

Көрменің ақпараттық серіктесі ретінде STEPPE конкурстың барлық кезеңдерін сайтта және басылымның әлеуметтік желілерінде жариялайды. 

Сондай-ақ, Aspan Gallery-де финалистер көрмесі ашылғанға дейін Ayarkut қорының қолдауымен суретшілер мен барлық қатысушыларға арналған білім беру бағдарламасы өтеді. Бес күндік бағдарламаға Қазақстаннан спикерлер, сондай-ақ таяу және алыс шетелден келген суретшілер, кураторлар, өнер тарихшылары кіреді. Бағдарлама барысында тыңдаушылар портфолионың қалай жасалатыны мен artist’s statement (суретшінің өз жұмысының жазбаша сипаттамасы) қалай жазылатынын, физикалық және цифрлық туындылардың қалай дұрыс оралатыны және сақталатыны туралы біледі, сонымен қатар басқа да көптеген пайдалы кеңестер алады.

Ayarkut — InDrive компаниясының заманауи өнерді қолдау қоры, ол компанияның өзі құрылған Якутияда, сондай-ақ Мексикада, көрме және білім беру жобалары мен резиденциялар бағдарламалары арқылы өзін аса танытты.

B. Bubikanova Art Prize аясындағы Ayarkut Academy білім беру бағдарламасы қордың Қазақстандағы алғашқы жобасы болмақ. Білім беру бағдарламасы тегін өтеді. Толық ақпарат 2024 жылғы қаңтардың соңында жарияланады. 

Маңызды күндер:
Конкурсқа қатысуға өтінім беру — 2024 жылғы 24 қаңтарға дейін
Финалистерді жариялау — 5 ақпан 2024
Білім беру бағдарламасы — 19-23 ақпан 2024
Финалистер көрмесі — 24 ақпан 2024

Конкурстың сараптамалық комиссиясы:
Юлия Сорокина — PhD, тәуелсіз куратор (Алматы)
Елена Воробьева — суретші (Алматы)
Инга Лейс — бас куратор Almaty Museum of Arts (Рига/Алматы)
Улан Джапаров — суретші (Бішкек)
Андреа Бустиллос Духарт — Ayarkut бас кураторы (Мехико)

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Зачем городам мастер-планы: интервью со Светланой Бугаевой

Зачем городам мастер-планы: интервью со Светланой Бугаевой

В новом материале мы побеседовали с Светланой Бугаевой, архитектором и директором филиала компании «База 14» в Казахстане, а...

8 минут
8 минут
Поступление за границей без стресса и ошибок
Партнерский

Поступление за границей без стресса и ошибок

С каждым годом все больше школьников и студентов выбирают обучение за границей. Это связано с широкими возможностями для...

9 минут
9 минут
 Женщины, которые меняют мир

 Женщины, которые меняют мир

О том, как у них получилось открыть свое дело, а после — найти настоящую суперсилу.  Сегодня...

15 минут
15 минут
Как строится цифровая независимость Казахстана: интервью с Гиззатом Байтурсыновым

Как строится цифровая независимость Казахстана: интервью с Гиззатом Байтурсыновым

Казахстан продолжает развивать свою цифровую независимость, улучшая позиции в глобальном рейтинге UN Global E-Government...

10 минут
10 минут