Aurora Tech Award байқауы IT саласындағы кәсіпкер әйелдерден Қазақстанда қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады

2 минуты Аяна Сейтхан
Aurora Tech Award байқауы IT саласындағы кәсіпкер әйелдерден Қазақстанда қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады

InDrive компаниясы жалпы жүлде қоры 60 мың долларынан асатын Aurora Tech Award байқауына IT-стартаптардың негізін қалаушы әйелдерден өтінімдерді қабылдауды бастағанын хабарлады.


Болашағымызды тұмандататын гендерлік таптаурындар қазіргі заманда әлі де кең тараған. АТ (IT) саласы – осы мәселенің жарқын мысалы. PitchBook деректеріне сәйкес, 2022 жылы іргесін әйелдер қалаған компаниялар АҚШ-тағы венчурлық стартаптарға салынған жалпы капиталдың тек 2,1%-ын алды. Қазақстанда IT саласындағы гендерлік теңсіздік проблемасы да сондай өткір. Қазақстандық IT-инкубаторлардың мәліметінше, стартап негізін қалаушылар арасында әйелдерге қарағанда ер адамдар көп.

Aurora Tech Award марапатының мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету. Бұл бастама 2020 жылы бастау алып, жыл сайын стартап негізін қалаушы әйел көшбасшылардың жетістігін көрсетіп, тұрақтандып және шабыттандырып келеді. Aurora Tech Awards сыйлығының үш миссиясы бар: әйелдердің IT-кәсіпкерлік саласындағы жетістіктерін атап өту, оларды ресурстармен қамтамасыз ету және саланың дамуын шектейтін гендерлік бейімділіктерді жою.

«Әлі де гендерлік теңсіздікпен күресіп жатқан технология әлемінде Aurora Tech Award сияқты сыйлықтар өзгерістер шапшаңдатқыштарына айналады. Мұндай қолдау әйелдерге күш береді, кедергілерді бұзады және жас ақыл-ойшылдарды шабыттандырады. Ал өткен кезеңдердегі жеңімпаздардың оң пікірлері трансформацияларға ықпал етеді. Біз әлемнің түкпір-түкпірінен өтінімдерді қабылдаймыз және қоғамға әсер ететін, сонымен қатар үлгі болатын таланттарды атап өтуді асыға күтеміз. Біз гендер әлеуетті шектемейтін болашақты елестетеміз. Бұл марапат жәй ғана мойындау емес. Бұл инклюзивті және инновациялық болашаққа жасалған қадам», — дейді Aurora Tech Award атқарушы директоры Екатерина Смирнова.

Өтінім беру үшін қатыскер  бірнеше критерийге сәйкес болу керек:

  • Негізін қалаушы – әйел. Кәсіпкер әйел стартапты жеке өзі немесе біреумен бірге құрып, оны басқаруы керек.
  • Қаржыландыру. Стартап қаражат жинау кезеңін қосқанда инвестиция мөлшері 4 миллион доллардан аспау  керек.
  • Жұмыс ұзақтығы. Стартап 5 жастан аспауы тиіс.
  • Минималды өміршең өнім (MVP). Стартаптың функциялы прототипі болуы тиіс. Егер бір ғана идея болса, біз өтінімді қарастыра алмаймыз.

Өтінімдерді беру  2023 жылғы 5 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін. Финалистерді жариялау күні  2024 жылғы 31 қаңтар. Финалдық бағалау және жеңімпаздарды жариялау  2024 жылғы 8 наурыз.

Жеңімпаздарды мынадай сыйлықтар күтеді:

  • 1 орын: 30 мың доллары.
  • 2 орын: 20 мың доллары.
  • 3 орын: 10 мың доллары.

Әр санатта тек бір жеңімпаз болады және жүлдені іріктеу өткен кез келген елдегі қатысушы әйел ала алады. Ақшалай жүлделерден басқа, кәсіпкер әйелдер inDrive тәлімгерлік бағдарламасына қол жеткізе алады.

Өтінімдерді Aurora Tech Award сайтында беруге болады.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

Зачем городам мастер-планы: интервью со Светланой Бугаевой

Зачем городам мастер-планы: интервью со Светланой Бугаевой

В новом материале мы побеседовали с Светланой Бугаевой, архитектором и директором филиала компании «База 14» в Казахстане, а...

8 минут
8 минут
Поступление за границей без стресса и ошибок
Партнерский

Поступление за границей без стресса и ошибок

С каждым годом все больше школьников и студентов выбирают обучение за границей. Это связано с широкими возможностями для...

9 минут
9 минут
 Женщины, которые меняют мир

 Женщины, которые меняют мир

О том, как у них получилось открыть свое дело, а после — найти настоящую суперсилу.  Сегодня...

15 минут
15 минут
Как строится цифровая независимость Казахстана: интервью с Гиззатом Байтурсыновым

Как строится цифровая независимость Казахстана: интервью с Гиззатом Байтурсыновым

Казахстан продолжает развивать свою цифровую независимость, улучшая позиции в глобальном рейтинге UN Global E-Government...

10 минут
10 минут