Пока мы живем в 2024 году, Япония живет в 2034: топ-10 технологических прорывов, которые хочется позаимствовать
Когда речь заходит о высоких технологиях, Япония неизменно оказывается впереди планеты всей. Эта страна уже живет так, будто на...
Қазақ халқы атадан келе жатқан дәстүрге бай, соның ішінде отбасы мен туыстарға қатысты этникалық әдет-ғұрып та бар. Бұл дәстүрлер заман ағымына, әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістерге, Совет Одағының мәдени әсеріне байланысты дамыған. Төмендегі материалда STEPPE редакциясы, қазақтың отбасылық дәстүрлерінің заман ағымына қарай өзгеруін, сонымен қатар ұмыт болған қазақ дәстүрлерінің маңыздылығымен таныстырады.
Дәстүрлі қазақ некесі екі әулеттің құдаласуы, қыз жасауы мен қалың мал беру үрдісімен жүзеге асқан. Алайда, қазіргі жас жұбайлар әлеуметтік желінің көмегімен танысып, қосылып жатады. Десек те келісіммен орындалатын дәстүрлі неке ауылдық жерлерде әлі де актуалды және соның арқасында маңыздылығын жоғалтпаған. Ал, қалың мал мен жасауға келсек, бұл дәстүр әр аймақта әр түрлі сақталған.
Дәстүрлі қазақ қоғамында ер адам отбасын асыраушы, қорғаушысы, ал әйел адам тұрмыс тіршілікке, бала тәрбиесіне жауапты болады деп күтілген. Алайда, білім деңгейінің жоғарлауы мен әйелдің еңбек нарығындағы бәсекелестігіне байланысты гендерлік рөл өзгерістерге ұшырауда. Заманауи әйелдер бүгінде дамуға мүмкіндік алып, еркіндікке қол жеткізіп, табысты мансап құрса, ер адамдар үй шаруасының көп бөлігін өз мойындарына алған. Бұл билік пен бизнес басындағы нәзік жандылардың көбеюінен байқалады.
Қазақстанда бұрындары үлкен әулеттен құралған отбасылар көп болған. Бірнеше ұрпақ бір шаңырақ астында тұрған. Алайда, урбанизациядан кейін «нуклеарлы отбасы» кеңінен таралуда. Бұл қадам жас отбасылардың ата-анасынан бөлек шығып, өз алдына отау құруларына себеп болды. Десек те, үлкен отбасы әлі көп қазақстандықтар үшін құнды, әсіресе ауылдық жерлерде, ал «нуклеарлы отбасы» қалаларда қалыпты жағдай.
фотосурет «Қазақ даласы», turkystan.kz
Отбасына қазақтың ұлттық дәстүрлерінің трансформациясы қоғам мен мәдениеттегі кеңірек өзгерістерді көрсетеді. Қазақстанның жаңғыруына қарай дәстүрлі отбасылық модельдер отбасы мен туыстық байланыстардың жаңа формаларына жол ашады. Қазақтың дәстүрлі отбасылық өмірінің кейбір аспектілері, әсіресе ауылдық жерлерде өзекті болып қалса да, индивидуализм мен тәуелсіздікке деген ұмтылыс алдағы жылдары да жалғасуы мүмкін.
Шашу — келген қонақтарды тәттілер мен ақшаға көмкеру. Сенімдерге сүйенсек, балалармен жиналған тәттілер отбасыға сәттілік пен табыс алып келеді. Қонақтар келген үйдің қуанышын бөліссін деген ниетпен бұл дәстүр әлі де отбасылық жиындарда қолданылады.
Жар-жар — қазақ халқының ең танымал жырларының бірі. Келін ұзатылып, жаңа шаңыраққа қадам басар алдында шырқалады. Бұл жырдың ерекшелігі жігіттер мен қыздардың бір-бірімен айтыс түрінде орындауында. Жар-жар әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпай, қыздың келіндік өміріне бақыт тілеп, жаңа шаңырағына береке алып келсін деген ниетпен орындалып жүр.
Сәбидің дүниеге келген сәтінен бастап жасалатын рәсімдер тізімі бар:
Дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі сатыларының бірі. Тұрмыстағы әйелдің күйеуі дүние салып, жесір қалған жағдайда, жолдасының ағасы немесе інісіне, не болмаса туыстық қатынасы бар ер азаматқа қосу. Мақсат — ортадағы баланың жетім қалып, өзге әулетте тәрбиеленбеуі. Бұл дәстүр көшпелі өмірдің негізінде және әйелдің отбасындағы орнының маңыздылығының негізінде қалыптасқан. Тарихшы Тастановтың айтуынша, «Қайтыс болған ер азаматтың отбасының дүние-мүлкін ұры-қарыдан сақтап, асыраушысының орнын жоқтатпау мақсатында жесірін қаңғыртпаған». Қазіргі таңда қоғамдағы әйел рөлінің өзгеруіне байланысты, жесір қалған ана, өз отбасына өзі қамқор болып, әмеңгерлік дәстүріне мәжбүр емес.
Бауырына салу дәстүрі — жас отбасындағы тұңғыш сәбиді, ата-әжесінің қолына тәрбиелеуге беру. Себебі, жас жұбайлардың алғаш ата-ана атанған сәтте бала тәрбиесінде тәжірбиесінің жоқтығында. Сол үшін, ата-әже бөбекке туған баласындай қараса, сәби ер жеткенде үлкендерге тірек болған. Қазіргі заманда бауырына салу дәстүрі жат саналып, жиі сынға ұшырайды. Мамандардың пікірінше, дәл осы әдет-ғұрып баланың психологиясына кері әсер беріп, туған ата-анасын бөтенсуі.
Жарыс қазан — екі қабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым. Әйел құрсағында сәби күтіп жүрген сәтте, сол шаңырақта ұзақ уақыт сақталған сүр етті асады. Ол ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан.
фотосурет «Қаланың сауда қатынастары», e-history.kz
Получай актуальные подборки новостей, узнавай о самом интересном в Steppe (без спама, обещаем 😉)
(без спама, обещаем 😉)